Дүниежүзіндегі ең қарапайым және ыңғайлы кассалық аппарат.

Ең күшті қолдану тәжірибелері негізінде жасалған, ол өз басында қарапайым және кәдімгі калькулятор ыңғайлылығы мен ҚР бақылау-кассалық машиналарына қойылатын талаптарды ұштастырған. Сіз ескі сәндегі кассалық аппаратты сатып алу арқылы қаржы жұмсамауыңыз үшін мобильді қосымша ретінде жасалған.

Калькулятор

Түсініксіз пернелер жоқ, тек кәдімгі +, ×, = ! Барлық сізге керегі: бірнеше позиция және қажетті мөлшері, жеңілдіктер, қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айрысу және басқаларын сіз өте жылдам, қарапайым калькуляторда есептегендей шығарып ала аласыз.

QR-коды бар заманауи чектер

Қызықсыз және біртектес чектерге "Саубол" деңіз. reKASSA чектері түсінікті және әдемі рәсімделген, сондай-ақ клиентке де, сізге де ыңғайлы әдіспен табыстала алады: QR-код, WhatsApp, e-mail немесе SMS арқылы. Дәстүрлі принтер де ескерілген - тасымалды мобильді принтер немесе өзге чектер принтерін пайдаланыңыз.

Қарап көріңіз, сіз бұның қаншалықты оңай және ыңғайлы екенін көресіз!

Сомалар мен мөлшерін қалай енгізу керек, чекті шығарып клиентке WhatsApp арқылы жіберу немесе принтер арқылы басып шығару қалай жасалады? Есептерді қалай қарау керек және ауысымды жабу қалай болады? Салық инспекциясында тіркеуге қою және тіркеуден шығару қалай жүргізіледі?

Осының бәрі біздің бейнероликтерде және онлайн нұсқаулықтарда оңай және түсінікті түрде берілген.

  • Сауда және қызметтер саласы
  • Дүкендер, бутиктер және базарлар
  • Шығып жүретін қызметкерлер
  • Және басқа формалар

FAQ - Жиі сұрақтар

  • Қалайша 0 теңге

    Кассалық аппарат - reKASSA нұсқасы әрқашан тегін болады!
    Басқа атқарылымдары көбірек "reKASSA Pro" ақылы нұсқасы шығарылымға дайындалып жатыр. Ол нұсқаға 1C бухгалтериямен әрекеттесу, боттар, POS-терминалға жұптасу және басқа да тәтті атқарылымдар қосылатын болады

  • БКМ қалай тіркеуге болады?

    Сілтеме арқылы өтіп, қосылу бойынша толық нұсқаулықты алыңыз. Сонымен бірге сіз бізге +7 (777) 777 9449 нөмірі арқылы звандап, тіркеуден өтуге тегін көмек ала аласыз.

  • Заңға сәйкес пе?

    Деректерді табыстау атқарымы (ФДО) бар, reKASSA мобильді қосымша - кассалық аппараты, ҚР бақылау-кассалық машиналар мемлекеттік тізіліміне №235 нөмірімен енгізілген.

  • Кассалық аппаратты сатып алу керек пе?

    Жоқ, сізге кассалық аппаратты сатып алу қажет емес, өйткені сіздің смартфоныңыздың өзі кассалық аппарат болады.

  • Қағаз чектерді қалай басып шығаруға болады?

    Заң бойынша электронды чектер қағаз чектермен теңестірілген. Чекті сатып алушыға WhatsApp арқылы немесе басқа кез-келген әдіспен жіберсеңіз болады. Алайда қаласаңыз біздің серіктестерден Bluetooth чектер принтерін сатып ала аласыз.

  • Төленуі тиіс зат бар ма?

    Қосымша толықтай тегін және әрқашан осылай болады! Алайда, кез-келген онлайн касса пайдаланушылары Казақтелеком ФДО ай сайын 1.500 теңге төлеп тұрады, бұл деректерді Салық комитетіне жіберіп тұру үшін төленеді.

Басқа барлық сұрақтар бойынша +7 (777) 777 9449 телефонына, help@rekassa.kz электронды поштасына хабарласыңыз, және де нұсқаулықтар бөлімін қараңыз: http://help.rekassa.kz/.

Ал енді суреттер қарайық!

Контактілер

Біз әрқашан онлайн байланыстамыз және бізбен хабарласу өте оңай, ол үшін экраныңыздың төменгі оң жақ шетіндегі сарғылт дөңгелекшеге бассаңыз болады.

Егер сіз біздің кассалық аппаратты пайдаланып жүрген болсаңыз, онда қосымшадағы мәзірден "Қолдау" тетігіне өткеніңіз тіптен оңай.

Отырған адресіміз төмендегідей:

Сонымен бірге бізге әрқашан Facebook немесе Instagram арқылы хабарласа аласыз.