Өнім

re:Kassa

Мәңгі тегін онлайн-касса. Төлемдерді қабылдап, чектерді касса аппаратынсыз беріңіз — тіркелген бойда. Ауысымдар, сканер, принтер және WhatsApp-қа чектер — бір қосымшада.

Касса — 0 ₸ · re:Kassa ФДО — айына 1 400 ₸-ден · iOS, Android және браузер

Күнделікті күйбеңді касса өз мойнына алады

Бұрын күн сайын уақыт алатын жұмыстарды re:Kassa өзі атқарады.

Чек принтерлерімен синхрондау

Бағалықтар мен таңбалау тезірек жасалады: принтер деректерді кассаның тауар базасынан алады.

Ауысымды автоматты жабу

Уақытты белгілеңіз — касса ауысымды өзі жабады: күнделікті күйбеңсіз және бұзушылық қаупінсіз.

Штрихкод және таңбалау сканері

Тауарларды телефоныңыздың камерасымен сканерлеңіз — бөлек сканер қажет емес.

WhatsApp-қа чектер

Чектің көшірмесін сатып алушыға мессенджерге екі-ақ басумен жіберіңіз.

Қазақ және орыс тілдері

re:Kassa екі тілде де жұмыс істейді — өзіңізге ыңғайлысын таңдаңыз.

Бір орында бірнеше касса

Бір жұмыс орнында бірнеше касса ашып, жүргізіңіз.

Чектерді автоматты түрде шығарыңыз

Төлем POS-терминалын re:Kassa-ға қосыңыз — касса клиенттерге чектерді өзі береді. Halyk POS + re:Kassa қалай жұмыс істейді

Касса тегін, тек ФДО үшін төлейсіз

re:Kassa онлайн-кассасы төрт фискалдық деректер операторының кез келгенімен тегін. Тек операторға төленетін ақы ғана әртүрлі.

re:Kassa ФДО

1 400 ₸

Айына, сервистік алымсыз. Тоқсан — 3 960 ₸, жыл — 13 800 ₸.

Бөгде ФДО

2 490 ₸-ден

Айына: Beeline, Транстелеком немесе IT Analytics тарифі және 1 500 ₸ сервистік алым.

Онлайн-касса

0 ₸

Төрт оператордың кез келгенімен. Касса аппаратын сатып алудың қажеті жоқ.

Сауда, қызмет көрсету, жеткізу және ауыл шаруашылығы үшін жарайды

Қолма-қол ақша, карта, сайтта немесе қосымшада төлеу — касса кез келген жағдайда чек береді.

Бөлшек және көтерме сауда

Қолма-қол ақша қабылдайтын «үй жанындағы» дүкендер, жәрмеңкелер, көтерме және бөлшек сауда базарлары.

Интернет-дүкендер мен маркетплейстер

Өз интернет-дүкеніңіз немесе «Каспи Магазин» мен басқа маркетплейстердегі дүкен: касса онлайн төлемдерді фискалдайды, ал сіз онлайн заңды түрде сатасыз.

Сұлулық салондары

Барбершоптар, СПА-салондар, шаштараздар және маникюр студиялары — қолма-қол немесе өз сайтында төлеумен.

Логистика, такси және жеткізу

Курьерге қолма-қол ақша немесе өз такси қосымшаңызда қолма-қол ақшасыз төлем.

Қоғамдық тамақтану

Кафелер, мейрамханалар, кофеханалар және тамақ жеткізу — сайтта, қосымшада немесе курьерге қолма-қол төлеумен.

Аграрлық сектор

Фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарға арналған фискалдауы бар онлайн-касса.

Касса есеппен және бухгалтериямен байланысты

re:Kassa аналитика, есеп және бухгалтерия сервистерімен бірге жұмыс істейді.

МойСклад

Бизнесіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз: сату, қаржы және сатып алу аналитикасы.

МойСклад-ты қосу

Мой учёт.kz

Сервис бухгалтерияңызды өз қолына алып, барлық есептілікті уақытында тапсыруға көмектеседі.

Мой учёт.kz-ті қосу

1С

Тауарларды чектерде бір басумен тіркеңіз — салық органының талаптарына сәйкес.

Касса 1С-те қалай жұмыс істейді

Тағы 10-нан астам интеграция

Сауда, есеп және бухгалтерияға арналған танымал сервистермен.

Барлық интеграциялар

Кез келген құрылғыдан жұмыс істеңіз

Телефон, планшет немесе компьютер: касса аппаратын сатып алмай-ақ, тіркелген бойда төлем қабылдап, чек беріңіз.

App Store

iOS-қа арналған қосымша.

App Store-дан жүктеп алу

Google Play

Android-ке арналған қосымша.

Google Play-ден жүктеп алу

Веб-нұсқа

Компьютердегі браузерде жұмыс істейді, ештеңе орнатудың қажеті жоқ.

Браузерде жұмыс істеу

re:Kassa-мен жұмысты бастау — 5 минут

Тіркелу мен белсендіру — онлайн, тіркелу кезінде төлем талап етілмейді.

1

Онлайн тіркеліңіз

Ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз. Кассаны тіркелген бойда пайдалана бересіз, ешқандай төлем талап етілмейді.

2

Кассаны салық органында белсендіріңіз

Ұйымның деректемелерін толтырыңыз — касса салық органында онлайн белсендіріледі.

3

Жұмысты бастаңыз

Чек беріп, клиенттерден қолма-қол ақша қабылдаңыз.

Сұрақтарыңыз бар ма?

ФДО таңдауға және кассаны баптауға көмектесеміз.

re:Kassa — мәңгі тегін онлайн-касса

Тіркелген бойда, касса аппаратынсыз төлем қабылдап, чек беріңіз.