№1 қосымша
«COMRUN» ЖШС 2025 жылғы 18 қарашадағы №15-П бұйрығына
ҮЛГІЛІК ШАРТ
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы
1. ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
| Пайдаланушыны тіркеу | Оператордың талаптарына сәйкес Пайдаланушы туралы деректерді ұсыну процесі, оның көмегімен Пайдаланушы Оператордың Дерек өңдеу орталығына қашықтан қосыла алады және осы Шарттың талаптарына сәйкес тиісті Қызметтердің толық функционалын пайдалана бастайды. |
| Авторизациялау | Пайдаланушының өзін сәйкестендіру және Жеке кабинетке кіру үшін өз деректерін (логин/құпиясөз және/немесе кіру кілті және/немесе басқа ақпарат) Оператордың порталына енгізу процедурасы. |
| Бақылау-касса машинасы, БКМ | Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы, тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметті өткізгенде іске асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететін компьютерлік жүйелер. |
| Дербес шот | Көрсетілген Қызмет көлемін, Пайдаланушының Қызмет ақысы есебіне салған қаражатының түсуі мен жұмсалуын есепке алуға арналған Оператордың аналитикалық есебінің (оның ішінде электрондық түрдегі) құжаты. |
| Жеке кабинет | Оператор мен Пайдаланушы арасында жасалған Шартты орындау аясында құрылған, Оператордың https://www.ofd.rekassa.kz порталындағы Пайдаланушының тіркелген жеке аккаунты, ол Пайдаланушыға көрсетілетін Қызметтерді басқаруға мүмкіндік береді. Жеке кабинетке қол жеткізу құқығы Қызметтердің авторизацияланған Пайдаланушысына беріледі. |
| «Жазылымдарым» кабинеті | Оператор мен Пайдаланушы арасында жасалған Шартты орындау аясында құрылған, Пайдаланушыға Дербес шоттың жай-күйін тексеруге, Тариф жоспарын таңдауға, Қызметті қосу шартын іске қосуға не бұзуға, сондай-ақ Оператор белгілеген шарттар аясында өзге әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін Пайдаланушының тіркелген аккаунты. Кабинетке кіру рұқсаты Қызметтердің авторизацияланған Пайдаланушысына беріледі. |
| Фискалдық деректерді өңдеу | Фискалдық деректер базасын қалыптастыру және (немесе) пайдалану кезінде Оператор техникалық құралдарды қолдана отырып іске асыратын кез келген іс-әрекет (кез келген операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы, соның ішінде деректерді алу, дұрыстығын тексеру, жинау, есепке алу, жүйелеу, жинақтау, түзетілмейтін формада сақтау, шығарып алу, пайдалану, мемлекеттік кірістер органдарына беру. |
| Оператор | Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган анықтаған, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін «COMRUN» ЖШС. |
| Есептік кезең | Пайдаланушы таңдаған Тариф жоспарына сәйкес Оператор Қызмет көрсеткен кезең. |
| Есеп айырысу кезеңі | Пайдаланушы таңдаған Тариф жоспарына сәйкес Қызметтер үшін есеп айырысу жүргізілетін кезең. |
| Серіктес(тер) | Оператормен жасалған шарттарға сүйеніп сапалы Қызмет көрсету мақсатында, оның ішінде Оператордың жұмыс процестеріне қызмет көрсету үшін Оператор тартатын ұйымдар. |
| Дербес деректер | Электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, белгілі бір немесе соларға сүйеніп анықталатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер. |
| Пайдаланушы | Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметтерін алу үшін осы Шартқа қосылған салық төлеуші. |
| Портал | Пайдаланушымен интерактивті өзара әрекеттесуге арналған, https://www.ofd.rekassa.kz адресінде орналасқан Оператордың интернет-ресурсы |
| Тариф жоспары | Оператор белгілейтін тариф ұсыныстары жүйесі, оның ішінде Қызметтер тізбесін, мерзімі мен құнын, оларды ұсынудың ерекшелігі мен принципін, тарифтелуін және жарамдылық мерзімін анықтайтын тариф пакеттері. Тариф жоспарлары туралы ақпарат Оператордың Порталында, Оператордың және (немесе) Оператордың Серіктестерінің сату және қызмет көрсету кеңселерінде орналастырылады. |
| Техникалық және ақпараттық қолдау | Қызмет көрсетуге байланысты Оператордың жауапкершілігі аймағында Қызмет алу кезеңінде туындайтын техникалық ақауларды жою (техникалық қолдау), сондай-ақ Оператордың Пайдаланушыға Қызмет көрсету мәселелері бойынша ауызша және жазбаша кеңес беруі (ақпараттық қолдау). |
| Қызмет | Дерек беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы электрондық ақпаратты (фискалдық деректерді) қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу. |
| Оператордың дерек өңдеу орталығы | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес БКМ қолдану арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы электрондық ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен (бұдан әрі – БАК) орналасқан арнаулы үй-жай. |
| Электрондық цифрлық қолтаңба, ЭЦҚ | Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы. ЭЦҚ қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолына тең және бірдей заңдық салдарға әкеп соғады. |
| VPN | БКМ-ді Оператордың серверіне қосуға арналған, рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ететін виртуалды жеке желі. |
| Өтінім | Пайдаланушы туралы, Пайдаланушының БКМ-і және Пайдаланушы таңдаған Қызметке қосылу тәсілі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжат. Өтінім нысаны осы Шарттың №1 және №3 қосымшаларында көзделген. |
| Қосылу | Пайдаланушының тариф жоспарын іске қосуы. |
| Ажырату | Пайдаланушы БКМ-ді Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында есептен шығарған жағдайда, БКМ тарифтен автоматты түрде ажыратылады. |
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.2. Жаңа Пайдаланушының Порталда жарияланған №1 Өтінімнің электрондық нысанына ЭЦҚ көмегімен қол қоюы – оның осы Шарт талаптарына сөзсіз келісетінінің және оған тұтастай қосылғанының көрінісі.
2.3. Пайдаланушы тариф жоспарларының қолданылу шарттарымен осы Шарттың №2 қосымшасына сәйкес таныса алады.
2.4. Тараптар Порталда Шартқа сүйеніп қалыптастырылған және Пайдаланушы ЭЦҚ көмегімен қол қойған электрондық құжаттардың (№1 өтінім, №2 өтінім) қағаз жеткізгіште қол қойылған құжаттарға тең екенін мойындайды.
2.5. Осы Шартқа қосыла отырып, Пайдаланушы осы Шарттың №4 қосымшасына сәйкес деректердің жиналып, өңделуіне келісім береді.
3. ШАРТ МӘНІ
3.2. Оператор ұсынған және Пайдаланушы алған Қызмет ақысын төлеу осы Шартта және оның қосымшаларында белгіленген тәртіппен таңдалған Тариф жоспарына сәйкес жүргізіледі.
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
4.2. Осы Шартқа сәйкес Қызметті пайдалану мүмкіндігін алу үшін Пайдаланушы Порталда Авторизациялау және Тіркеу әрекеттерін орындауға міндеттенеді.
4.3. Порталда авторизацияланған Пайдаланушыға жеке кабинет автоматты түрде құрылады. Пайдаланушыны бастапқы тіркеу Порталда жеке кабинетте жүзеге асырылады. Пайдаланушы Порталда кейінгі Авторизациялау кезінде Жеке кабинетке Порталда Авторизациялау үшін пайдаланылатын деректермен кіреді. Бұл ретте Порталда авторизацияланған Пайдаланушыға Жеке кабинетке кіру үшін қосымша әрекеттер жасаудың қажеті жоқ.
4.4. Оператор фискалдық деректерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Оператор міндетті:
5.1.2. Пайдаланушыға осы Шартта көзделген көлемде және мерзімде Қызмет көрсетуге;
5.1.3. Пайдаланушыға Порталдағы Жеке кабинетке тәулік бойы кіру құқығын беруге;
5.1.5. Порталда ақпарат жариялау арқылы Пайдаланушыға Қызмет алуды қиындататын немесе нашарлататын төтенше жағдайлар туралы хабарлауға;
5.1.6. БКМ-нің Оператордың Дерек өңдеу орталығымен VPN арқылы қосылуын қамтамасыз етуге;
5.1.7. Пайдаланушыға қызмет көрсету кезінде ақауларды, сапаның нашарлауын немесе үзілістерді жоюға қажетті шараларды қабылдауға және қажет болған жағдайда оларды жою үшін тиісті персоналды жіберуге;
5.1.8. Порталда Пайдаланушыға қызмет көрсетуге, Шарттағы, Тариф жоспарларындағы өзгерістерге және т. б. қатысты ресми хабарламалар жариялауға;
5.1.9. Порталда көрсетілген телефондар арқылы Пайдаланушыға тәулік бойы ақпараттық қолдау көрсетуге;
5.1.10. Жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Пайдаланушыға Порталда көрсетілген телефондар арқылы немесе Пайдаланушының өтінімдерін Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/7, С3.5 павильоны мекенжайында қабылдау арқылы техникалық қолдау көрсетуге;
5.1.11. Салық төлеуші туралы салық құпиясы болып табылатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге. Бұл ретте фискалдық деректерді және өзге де ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына, басқа да мемлекеттік және құқық қорғау органдарына, сот органдарына олардың сұратуы бойынша беру құпиялықты бұзу деп танылмайды;
5.1.12. Пайдаланушы БКМ-ді Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында есептен шығарған жағдайда, Оператор БКМ-ді тарифтен автоматты түрде ажыратады;
5.1.13. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді атқаруға.
5.2. Оператор құқылы:
1) Пайдаланушы Қызмет ақысын төлеу мерзімін бұзған кезде;
2) егер Оператордың негізді пікірінше, Пайдаланушының Қызметті пайдалануы Операторға зиян келтіруі және/немесе Оператордың және үшінші тұлғалардың техникалық және бағдарламалық құралдарының істен шығуына әкеп соғуы мүмкін болса;
3) Пайдаланушы өз әрекеті бойынша компьютерлік вирустардың не оларға теңестірілген басқа компоненттердің әрекетіне сәйкес келетін кодтары бар кез келген ақпаратты немесе ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды жариялаған немесе таратқан жағдайда, бұл Оператордың байланыс желісі жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін болса;
4) уәкілетті мемлекеттік органның ұйғарымы негізінде;
5) егер Пайдаланушы қате деректемелерді немесе БКМ-нің қате деректерін ұсынса – нақты БКМ бойынша да, қалған барлық БКМ бойынша да, жеке кабинетті өшіруге және Қызметтерден ажыратуға дейін;
6) Пайдаланушы осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда.
Оператор Қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз болған бұзушылық және/немесе мән-жайлар жойылғаннан кейін, VPN байланысын ұсынуға техникалық мүмкіндік болған жағдайда, сондай-ақ Дербес шотта тиісті айдағы Тариф жоспарына сәйкес жалпы сомадан кем емес сома болған жағдайда Қызмет көрсетуді қайта бастайды.
5.2.2. Пайдаланушыдан осы Шарт талаптарын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға;
5.2.3. Осы Шартты орындауға үшінші тұлғаларды, Серіктестерді тартуға, оның ішінде Шартты орындау және іске асыру, сондай-ақ Қызметтерді тиісінше көрсету үшін келісімдер жасасуға;
5.2.4. Біржақты тәртіппен осы Шартқа, оның қосымшаларына, сондай-ақ тарифтер мен Тариф жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бұл туралы ақпаратты өзгерістер енгізілетін немесе тариф жоспары жойылатын күннен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын Порталда жариялау арқылы;
5.2.5. Арнайы шарттармен БКМ-ді іске қосуға құқық беретін акциялар өткізуге;
5.2.6. Оператор қызмет көрсететін клиенттер тізімінде Пайдаланушының атауы мен тауар белгісін пайдалануға;
5.2.7. Пайдаланушыдан Шартты орындау мен Қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға және талап етуге;
5.2.8. Оператордың тексеру нәтижелері бойынша рұқсат етілмеген немесе қате төлем нәтижесінде алынған ақшаны Пайдаланушының Дербес шотынан есептен шығаруға, бұл ретте шотына қаражат қате аударылған Пайдаланушының қаражаты бұрын БКМ-ді іске қосу арқылы есептен шығарылған болса, Оператор қате төлемді толық көлемде аударуға/қайтаруға кепілдік бере алмайды;
5.2.9. Қызметтердің сатылымын арттыруға, Пайдаланушылардың бейілдігін арттыруға, жаңа Пайдаланушыларды тартуға бағытталған жарнамалық акцияларды, ұтыс ойындарын, өзге де маркетингтік іс-шараларды, сондай-ақ Пайдаланушылардың Оператордың жаңа немесе қолданыстағы тарифтік ұсыныстары бойынша жеңілдік және/немесе акциялық ұсыныстарды пайдалану белсенділігін зерттеу мақсатында Оператор айқындайтын Пайдаланушылар топтары үшін маркетингтік науқандарды өткізуге.
5.2.10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Оператордың анықтама-ақпарат қызметіне түсетін кіріс қоңырауларды жазып алуға, сондай-ақ Пайдаланушының нөмірінен Оператордың қызметіне қатысы жоқ мәселелер бойынша бірнеше рет хабарласқан және/немесе Пайдаланушы этика нормаларын бұзған жағдайларда Пайдаланушының анықтама-ақпарат қызметінде Оператор маманының тікелей қызмет көрсетуіне қол жеткізуін біржақты тәртіппен шектеуге.
5.2.11. Оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шарттың талаптарында көзделген өзге де құқықтары бар.
5.3. Пайдаланушы міндетті:
5.3.2. Порталда жарияланған нұсқаулыққа, сондай-ақ БКМ Пайдаланушысының нұсқаулығына сәйкес БКМ-ді Оператордың Дерек өңдеу орталығына қосуға;
5.3.3. VPN арнасы қосылғаннан кейін, егер жабдықты Оператор өз кеңсесінде ұсынса, Оператордың нысаны бойынша жабдықты уақытша пайдалануға беру туралы актіге дереу қол қоюға;
5.3.4. Егер Пайдаланушының байланыс желісі VPN арнасынан уақытша (кез келген себептермен) ажыратылған болса, Пайдаланушы фискалдық деректер операторының серверіне берілгенге дейін БКМ-нің фискалдық деректер жинақтағышында дербес режимде жұмыс істеген кезеңде жинақталған БКМ чектері туралы ақпараттың сақталуын өз бетінше қамтамасыз етуге міндеттенеді. БКМ-нің дербес жұмыс режимі байланыс арналарына қол жеткізу болмаған кезде және ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат БКМ-ден Оператордың VPN арнасының қосылу нүктесіне дейін берілетін деректер серверіне жіберілген сәтке дейін қолданылады;
5.3.5. Оператордың Шарт талаптарына сәйкес Қызмет көрсетуіне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
5.3.6. Портал арқылы Тариф жоспарын өзгертуге өтінім, БКМ-ді тіркеуге, қайта тіркеуге – есептен шығаруға, есептен алып тастауға өтініш беруге.
5.3.7. Тіркеу деректері мен авторизация ақпаратының сақталуы мен құпиялығын қамтамасыз етуге және өз ресурстарын үшінші тұлғалардың оларды жосықсыз пайдалануынан қорғауды қамтамасыз ететін тәсілмен баптауға. Көрсетілген міндет орындалмаған жағдайда Пайдаланушы толық жауапты болады. Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Пайдаланушының тіркеу деректерін пайдаланып жасалған барлық әрекеттер Пайдаланушы жасаған әрекеттер деп есептеледі. Логин мен құпиясөз үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, сондай-ақ Пайдаланушы үшінші тұлғаларға Пайдаланушының атынан кіруге рұқсат берген жағдайда, осы Шарт бойынша барлық құқықтар мен міндеттемелерді Пайдаланушы атқарады. Логин мен құпиясөзге рұқсатсыз қол жеткізілген жағдайда Пайдаланушы құпиясөзді дереу өз бетінше өзгертуге немесе Операторға логинді және/немесе құпиясөзді өзгерту қажеттігі туралы хабарлауға міндетті;
5.3.8. Жабдықтың бүлінуіне және Оператордың Дерек өңдеу орталығы мен байланыс желісі жұмысының бұзылуына әкеп соғатын әрекеттер жасамауға;
5.3.9. Пайдаланушының алдағы таратылуы, қызметінің тоқтатылуы туралы тиісті шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға хабарлауға.
5.3.10. Кассаны есепке қою, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде провайдердің картасындағы нүктені таңдау арқылы кассаның орналасқан жері туралы деректерді ұсынуға жауапты болуға. Сондай-ақ бұл талап кез келген қолданыстағы кассаға қолданылады.
5.3.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді атқаруға.
5.4. Пайдаланушы құқылы:
5.4.2. Оператордың ұсынысы бойынша осы Шарттың №2 қосымшасына сәйкес тариф жоспарларының қолданылу шарттарына сай «Жазылымдарым» кабинетінде өз қалауы бойынша Тариф жоспарын таңдауға және (немесе) ауыстыруға;
5.4.3. Пайдаланушы №3 қосымшаға сәйкес осы Шартты бұзуға құқылы;
5.4.4. Пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шарттың талаптарында көзделген өзге де құқықтары бар.
6. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
6.2. Пайдаланушы Қызметтер қосылған күнге дейін және кейінгі кезеңдерде есеп айырысу кезеңінің 1-күніндегі жағдай бойынша дербес шотта тиісті кезеңдегі Тариф жоспарына сәйкес жалпы сомадан кем емес сома болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Оператор Қызметтерді Пайдаланушының дербес шотында жоғарыда көрсетілген сома болған жағдайда ғана қосады. Егер есеп айырысу айының 1-күні Пайдаланушының Дербес шотындағы сома ай сайынғы төлемдер сомасынан аз болса, Оператор қызмет көрсетуді тоқтата тұрады. Қызметтерге қол жеткізу Пайдаланушының дербес шотына алдын ала төлем түскеннен кейін қайта қалпына келтіріледі.
6.3. Оператор есеп айырысу айынан кейінгі күнтізбелік айдың 15-іне дейінгі мерзімде электрондық шот-фактуралар веб-порталы (www.esf.gov.kz) арқылы көрсетілген Қызметтердің нақты көлемі бойынша шот-фактура жазып береді.
6.4. Осы Шарт бойынша Қызмет көрсету үшін барлық есеп айырысулар таңдалған Тариф жоспарына сәйкес Есептік кезең үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгемен жүргізіледі.
6.5. Порталдағы Дербес шотты Пайдаланушы тек Қызмет ақысын төлеу үшін ғана пайдалана алады.
6.6. Қызметтер көрсетілетін және есепке алынатын есепке алу кезеңі таңдалған Тариф жоспарына сәйкес кезең болып саналады. Тариф жоспарын ауыстырған кезде ағымдағы Тариф жоспары бойынша есепке алу кезеңіндегі пайдаланылмаған қалдық өтелмейді.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.2. Оператор Пайдаланушының Қызметті тиісінше пайдаланбауы немесе пайдалана алмауы салдарынан туындаған қандай да бір залалдар үшін жауапты болмайды.
7.3. Оператор мыналар үшін жауапты болмайды:
1) Пайдаланушы мен үшінші тұлғалар арасында туындаған, Пайдаланушының осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамауынан және/немесе тиісінше орындамауынан туындаған даулар бойынша;
2) Оператордың техникалық құралдарының жұмысқа қабілеттілігін қолдау және дамыту қажеттігінен туындаған жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе басқа да жұмыстарды жүргізуге байланысты Қызмет көрсетудегі толық немесе ішінара үзілістер үшін, Пайдаланушыға мұндай жұмыстардың жүргізілетіні туралы олар басталардан кемінде бір тәулік бұрын алдын ала хабарланған жағдайда;
3) метеорологиялық жағдайлар, жер бедері және өзге де объективті себептер салдарынан радиотолқындардың таралу ерекшеліктеріне байланысты Қызмет сапасының ықтимал нашарлауы үшін;
4) Пайдаланушының Оператордың телефон арқылы берген кеңесі арқылы алған және/немесе Порталда жарияланған Оператордың нұсқауларын қате орындауы салдарынан Пайдаланушы үшін туындаған ықтимал жағымсыз салдарлар үшін;
5) Пайдаланушының Қызметтерді алу үшін пайдаланатын жабдығы мен бағдарламалық жасақтамасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
6) Пайдаланушының ақаулы және/немесе Оператордың талаптарына сәйкес келмейтін жабдықты пайдалануы салдарынан Қызметтердің қанағаттанарлықсыз сапасы, Қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы немесе Қызмет көрсетудегі іркілістер үшін;
7) Қызметтерді пайдалану кезінде Пайдаланушы Операторға беретін (алатын) ақпараттың мазмұны үшін;
8) Операторға байланысты емес электр энергиясын берудегі іркілістер жағдайында Қызмет көрсетудегі үзілістер үшін;
9) Операторға тиесілі емес бағдарламалық жасақтама немесе жабдық істен шыққан жағдайда Қызмет көрсетудегі үзілістер үшін;
10) Қызмет сапасының нашарлауына және/немесе Қызмет көрсетудің мүмкін болмауына әкеп соғуы мүмкін БКМ-нің техникалық ақаулығы және/немесе тиісінше пайдаланылмауы үшін;
11) Қызметтерді пайдалану нәтижесінде Пайдаланушы шеккен залалдар үшін;
12) Пайдаланушыға Қызмет көрсету салдарынан туындаған Пайдаланушы үшін ықтимал жағымсыз салдарлар үшін;
13) электр энергиясын беруде, Интернет желісінің трафигінде іркілістер болған жағдайда, сондай-ақ Операторға байланысты емес себептер бойынша өзге де жағдайларда Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін.
14) Пайдаланушы Жеке кабинетке және Оператордың Қызметтерін көрсетуге қол жеткізу берілген тұлғалардың әрекеттері үшін өзі дербес жауапты болады.
7.5. Оператордың Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілігі тиісті Есептік кезеңдегі Қызметтер құнынан аспауға тиіс.
7.6. Шартта көзделген міндеттемелер бұзылған жағдайда Пайдаланушы жағымсыз салдарлар үшін өзі дербес жауапты болады.
7.7. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеуші туралы салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету үшін жауапты болады.
7.8. Пайдаланушы Пайдаланушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген Оператордың жабдығын жарамды күйде және тиісті түрде уақтылы қайтару үшін жауапты болады және осы Шарт талаптарына сәйкес Операторға келтірілген залалды өтеуге міндеттенеді.
8. ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ МӘН-ЖАЙЛАРЫ
8.2. Егер міндеттемелердің орындалуының кешігуі немесе орындалмауы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына тікелей ықпал ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілерін шығаруы салдарынан болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын кешіктіргені немесе орындамағаны үшін жауапты болмайды.
8.3. Еңсерілмейтін күштің әсеріне ұшыраған Тарап 5 (бес) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа еңсерілмейтін күштің сипаты, түрі, болжамды әрекет ету ұзақтығы, сондай-ақ оның Шарт бойынша қандай міндеттердің орындалуына кедергі келтіретіні туралы хабарлауға және осындай мән-жайлардың басталғанына дәлелдер ұсынуға міндетті (бұл ретте Оператор Пайдаланушыға Порталда тиісті ақпаратты орналастыру немесе (және) оны Пайдаланушының Жеке кабинетіне жолдау арқылы хабарлауға құқылы). Хабарлама болмаған жағдайда, еңсерілмейтін күштің әсеріне ұшыраған Тарап бұдан әрі еңсерілмейтін күштің әсеріне өзін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде сілтеме жасай алмайды.
8.4. Еңсерілмейтін күштің болуы Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін оның әрекет ету мерзіміне барабар ұзартады. Еңсерілмейтін күштің әсері алты айдан астам уақытқа созылған жағдайда, Тараптар Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша одан әрі әрекет ету шарттарын және/немесе Шартты бұзу мүмкіндігін келісе алады.
9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
9.2. Шарттан туындайтын Тараптар арасындағы даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Тараптардың бірі туындаған дауға қатысты талапты немесе өзге құжатты алған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының соттарында шешілуге тиіс.
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ
10.2. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген жағдайларда бұзылуы мүмкін.
10.3. Пайдаланушы №3 қосымшаға сәйкес №2 Өтінім беріп, бұл туралы Операторды Портал арқылы хабардар ете отырып, мынадай жағдайларда және тәртіппен осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға (біржақты бас тартуға) құқылы:
1) БКМ есептен шығарылған жағдайда, Операторды БКМ-ді есептен шығарудың болжамды күнінен кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабардар ете отырып. Бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады;
2) Шарттың 10.4-тармағында көрсетілген жағдайда, Шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енетін күннен кемінде 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын. Бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады;
3) өз бастамасы бойынша — Қызмет көрсету мен Шартты тоқтатудың болжамды күнінен кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын. Бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады.
10.4. Шартты Оператор Шарттың өзгертілген редакциясын немесе оның жекелеген бөлігін (бөліктерін) енгізілген өзгерістер күшіне енетін күннен кемінде 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Порталда орналастыру арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Егер мұндай орналастыру кезінде өзгерістердің күшіне енуінің ұзағырақ мерзімі айқындалмаса, Шартқа енгізілген өзгерістер Шарттың өзгертілген редакциясы немесе оның жекелеген бөлігі (бөліктері) алғаш орналастырылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Шарттың өзгертілген нұсқасы немесе оның жекелеген бөлігі (бөліктері) Порталда алғаш жарияланған сәттен бастап Пайдаланушы Оператор енгізген өзгерістер туралы хабардар болды деп есептеледі. Пайдаланушы Оператор енгізетін өзгерістермен келіспеген жағдайда №3 қосымшаға сәйкес №2 Өтінімді жолдап, Шарттан бас тартуға құқылы. Көрсетілген мерзімде Операторға мұндай өтінімнің түспеуі Пайдаланушының Шарттың өзгертілген талаптарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді.
11. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР
11.2. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
11.3. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар екі данада жасалды. Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда, орыс тіліндегі мәтіннің басымдығы болады.
11.4. Мына қосымшалар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
1) 1-қосымша. «Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы Үлгілік шартқа қосылу, Қызметті қосу және тарифтеу туралы №1 өтінім (Нысан)».
2) 2-қосымша. Тариф жоспарларының қолданылу шарттары.
3) 3-қосымша. Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы Үлгілік шартты бұзуға және ол бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға арналған №2 өтінім.
4) 4-қосымша. Деректер жиналып, өңделетініне келісім.
12. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
БСН 180 140 005 198
Заңды мекенжайы: Астана қ., ЕСІЛ ауданы, Мәңгілік Ел даңғ., 55/7, С3.5 павильоны
Есеп шот: KZ8296503F0010959418, "ForteBank" АҚ
БСК IRTYKZKA
1-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау,
өңдеу, сақтау және өзгертпей
салық органдарына өткізу қызметін
көрсету туралы үлгілік шартқа
№1 өтінім
«COMRUN» ЖШС-де фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметін көрсету туралы Шартқа қосылу туралы
Пайдаланушы туралы мәліметтер:
1) атауы _________________________________________________________
2) ЖСН/БСН: ___________________________________________________________
3) заңды мекенжайы: ____________________________________________________
4) есеп айырысу шотының деректемелері (банк, БСК, ЖСК)*:
__________________________________________________________________
5) байланыс деректері:
телефон нөмірі: ______________________________________
электрондық пошта мекенжайы: _______________________________
* толтыру міндетті емес өріс
2-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау,
өңдеу, сақтау және өзгертпей
салық органдарына өткізу қызметін
көрсету туралы үлгілік шартқа
Тариф жоспарларының қолданылу шарттары
1. Жалпы ережелер
2. Қызметке жазылу мерзіміне қарай Пайдаланушы rekassa. kz мекенжайында орналастырылған Тариф жоспарларының бірін таңдауға құқылы.
3. Жазылым жүйесі бойынша Тариф жоспары әрбір БКМ үшін жеке таңдалады және жеке қолданылады.
4. Жазылым жүйесі бойынша таңдалған Тариф жоспарына сәйкес Қызметтер әрбір БКМ-ді қосу кезінде Пайдаланушыға мына шарттар жиынтығында орындалғаннан кейін ұсынылады:
1) Пайдаланушының Жеке кабинетін Порталда тіркеу;
2) БКМ-ді Порталдағы Пайдаланушының Жеке кабинетінде тіркеу;
3) БКМ-ді мемлекеттік кірістер органдарында есепке қою;
4) БКМ-ді іске қосу.
5. Пайдаланушы таңдаған Тариф жоспарын іске қосу және әрбір БКМ-ге қатысты таңдалған Тариф жоспары бойынша Қызмет көрсету Пайдаланушы осы Қосымшаның 4-тармағын орындаған күні басталады. Қызмет көрсетудің соңғы күні таңдалған Тариф жоспарына сәйкес жазылым мерзімінің соңғы күні болып табылады.
6. Қолданыстағы қосылым кезінде басқа Тариф жоспарына ауысу ағымдағы Тариф жоспарының жазылым мерзімі аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Бүкіл жазылым мерзіміне Тариф жоспарының құны мөлшеріндегі ақша қаражаты Пайдаланушының Дербес шотынан Тариф жоспары іске қосылған күні бір мезгілде есептен шығарылады, ай сайынғы тарифті қоспағанда. Ай сайынғы тариф жоспары таңдалған жағдайда ақша қаражаты бірінші чек фискалданған сәттен бастап есептен шығарылады.
8. Осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген Тариф жоспарлары бойынша Қызметті уақытша өшіруге, тоқтата тұруға, сондай-ақ ағымдағы Тариф жоспарының жазылым мерзімі аяқталғанға дейін басқа Тариф жоспарына ауысуға жол берілмейді.
9. Пайдаланушының Дербес шотында сатып алынатын Тариф жоспарының құнына тең немесе одан асатын мөлшерде баланс болған жағдайда, ағымдағы тариф жоспары автоматты түрде ұзартылады.
10. Пайдаланушы «Жазылымдарым» кабинетінде «Жазылымнан бас тарту» батырмасын басу арқылы автоматты ұзартуды өшіре алады. Бұл ретте тиісті БКМ үшін қолданылатын Тариф жоспарының жазылым мерзімі аяқталғаннан кейін Оператор Пайдаланушы Тариф жоспарын қосқанға дейін Қызмет көрсетуді тоқтата тұрады.
11. Оператор Шарттың 5.2.4-тармағында көзделген тәртіппен осы Қосымшада көзделген Тариф жоспарының шарттарына өзгерістер енгізуге, Тариф жоспарын жоюға құқылы. Оператор Тариф жоспарының шарттарының өзгергені/жойылғаны туралы ақпаратты Порталда тиісті ақпаратты жариялау арқылы Пайдаланушылардың назарына жеткізеді.
12. Пайдаланушының бастамасы бойынша Тариф жоспары бойынша жазылым мерзімі аяқталғанға дейін Қызмет көрсету тоқтатылған және/немесе Шарт бұзылған жағдайда, сондай-ақ төленген Тариф сомасы дербес шоттан есептен шығарылған жағдайда, Тариф сомасы қайтарылмайды.
13. Қызмет пайдаланушыға дербес шоттан сома есептен шығарылған сәттен бастап қолжетімді болады және Тариф жоспарының қолданылуы дербес шоттан қаражат есептен шығарылған сәттен басталады.
2. Ақпараттық және техникалық қолдау көрсету шарттары
3-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау,
өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына
өткізу қызметін көрсету туралы үлгілік шартқа
№2 өтінім
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы Үлгілік шартты бұзуға және ол бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға арналған.
Пайдаланушы туралы мәліметтер:
1) атауы: _____________________________________________________
2) ЖСН/БСН: ________________________________________________________
3) заңды мекенжайы: ________________________________________________
4) байланыс деректері:
телефон нөмірі: ______________________________________
электрондық пошта мекенжайы: _______________________________
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы Үлгілік шартты бұзуыма байланысты жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес көрсетілетін Қызметті өшіруді сұраймын.
Осы өтінімге қол қою арқылы Пайдаланушы Қызмет көрсетуді тоқтату шарттарымен танысқанын және оларға келісетінін растайды.
Өтінім беру Пайдаланушыны көрсетілген Қызметтердің ақысын төлеу міндеттемесінен босатпайды.
4-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау,
өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына
өткізу қызметін көрсету туралы үлгілік шартқа
ДЕРЕКТЕР ЖИНАЛЫП, ӨҢДЕЛЕТІНІНЕ КЕЛІСІМ
A) Келісім Операторға мыналарға беріледі:
- Деректерді (осы Келісімнің B тармағында айқындалғандай) мына тәсілдермен жинауға және өңдеуге:
(b) Оператордың веб-сайтында, мобильді қосымшасында немесе Оператордың өзге электрондық ресурсында Субъектіні тіркеу және (немесе) авторизациялау; немесе
(c) Келісімге қағаз немесе электрондық жеткізгіште кез келген тәсілмен қол қою, оның ішінде (өз қолымен) қол қоюмен, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен, Оператор немесе оның агенті Субъектінің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарламамен немесе web не өзге бағдарламалық қосымшада push-хабарламамен жіберген бір реттік кодты (one-timepassword) пайдалану арқылы қол қоюмен шектелмей; немесе
(d) қолданылатын жағдайларда Оператордың кеңселеріне бару; немесе
(e) Оператордың электрондық ресурстарына кіру, оның ішінде Cookiesнемесе Субъектінің деректерін тіркей алатын өзге де саясаттарды, хаттамаларды, бағдарламалық және аппараттық құралдарды қабылдау арқылы; немесе
(f) Оператордың өнімдерін немесе сервистерін пайдалану арқылы,
2. Деректерді, дербес деректермен, банктік, салықтық құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын деректермен шектелмей, Оператордың аффилиирленген тұлғаларына, Оператордың агенттеріне және кез келген өзге үшінші тұлғаларға (бұдан әрі бірлесіп — «Үшінші тұлғалар») Деректерді ұсыну қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес, Оператордың немесе Үшінші тұлғалардың Субъектіге өнімдер мен қызметтер ұсынуы мақсатында немесе Оператор мен көрсетілген Үшінші тұлғалар арасындағы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында талап етілген кезде беруге. Субъект Деректердің Оператордың немесе Үшінші тұлғалардың деректер базасына енгізілуі мүмкін екеніне, онда кейіннен Субъектінің дербес деректері Оператордың ешқандай қатысуынсыз өңделуі мүмкін екеніне келіседі; бұл ретте Оператор Үшінші тұлғалардан берілген Деректердің құпиялығын қамтамасыз етуді талап етуге міндеттенеді;
3. Оператордың осы келісімде мәлімделген Деректерді жинау және өңдеу мақсаттары үшін қажет болған жағдайларда Деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруіне.
Субъект Деректер берілуі мүмкін елдерде Деректерді сақтау шарттары мен талаптары Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасында көзделгеннен төмен болуы мүмкін екеніне және бұл елдердегі Деректер операторлары оларды тиісінше қорғауды қамтамасыз ете алмайтынына келіседі.
B) Осы Келісімде «Деректер» электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, белгілі бір немесе соларға сүйеніп анықталатын Субъектіге қатысты мәліметтермен / ақпаратпен шектелмеуге тиіс, оның ішінде, ерекшеліксіз: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); атының транскрипциясы; жеке немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (егер оны Субъект Операторға ұсынған болса); толық туған күні; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (егер оны Субъект Операторға ұсынған болса) және өзге құжаттар (төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т. б.); мемлекеттік мекемелердің анықтамалары (медициналық, наркологиялық және т.б.); телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; тұрғылықты жерінің мекенжайы; Субъектінің бейнесі (фотосурет, аватар және т. б.) (егер оны Субъект Операторға ұсынған болса); биометриялық деректер; идентификаторлар (есептік жазбалардың атауы және Субъект таңдайтын идентификаторлар); ұйымның атауы мен мекенжайы; ЭҚЖЖ; сауда нүктесінің атауы мен мекенжайы; жасы; сатып алушылық қалаулары; сатылым чектері туралы деректер; телефон кітапшасының контактілері (Оператордың/Үшінші тұлғалардың мобильді қосымшаларын пайдаланған кезде); Субъект құрылғысының камерасынан алынған бейнелер; цифрлық құжаттар; мобильді құрылғының микрофонынан алынған дыбыс жазбасы; Субъект құрылғысының моделі және оның операциялық жүйесі мен браузері және (немесе) интернетке қосылу түрі туралы деректер; Субъект жататын нарық сегменті; Субъектінің салықтық резиденттігі және салықтық сәйкестендіргіші туралы ақпарат; Оператордың қолдау және сату қызметі өкілдерімен байланыс жазбалары; Субъектінің құрылғысын сәйкестендіретін мәліметтер; Субъектінің Интернет желісіндегі сайттарда орналастырған жария пікірлері; Субъектінің IP-мекенжайы бойынша және (немесе) e-SIM және (немесе) SIM-карта бойынша және (немесе) GPS (жаһандық позициялау жүйесі) бойынша алынған орналасқан жері туралы деректер; Субъект Интернет желісінде кіретін веб-сайттар туралы ақпарат; Субъектінің Интернет желісінде жасаған сатып алулары туралы ақпарат және аналитикаға арналған өзге де метадеректер (cookie және т.б.); Субъект Интернет желісінде орналастырған не ол қараған контент; сондай-ақ әлеуметтік желілерден алынған Субъект туралы жалпыға қолжетімді ақпарат; банк құпиясын, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат / деректер; Оператор Субъектіден немесе Субъектіге қатысты алуы мүмкін ақпарат / деректер.
C) Субъектінің Деректері мына мақсаттарда жиналады және өңделеді (тізбе толық емес): Оператордың және Үшінші тұлғалардың өнімдер ұсыну және қызметтер көрсету, оның ішінде қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі қызметін, маркетингтік және жарнамалық белсенділіктерді, зерттеулерді жүзеге асыру, акциялар өткізу, Субъектіге кез келген ақпараттық материалдарды, оның ішінде Оператор мен Үшінші тұлғалардың өнімдері және (немесе) қызметтері және (немесе) ұсыныстары туралы материалдарды, сондай-ақ өзге де хабарламаларды телефон, факсимильдік және өзге де байланыс түрлері арқылы, сондай-ақ ашық байланыс арналары (оның ішінде SMS-хабарламалар, e-mail, push-хабарламалар, дауыстық хабарламалар, қашықтан қол жеткізу жүйелері, әлеуметтік желілер және т. б.) арқылы ұсыну (жолдау), сондай-ақ QR-кодтарды немесе штрихкодтарды пайдалана отырып төлем жасау, телефон кітапшасының контактілерінен төлем немесе қызмет алушыны таңдау, Оператордың және/немесе Үшінші тұлғалардың мобильді қосымшасында Субъектінің аватарын/фотосуретін көрсету, Субъектінің цифрлық құжаттарын цифрлық құжаттар сервисіне (-теріне) / сервисінен (-терінен) алу және ұсыну, Оператордың/Үшінші тұлғалардың өкілдерімен дауыстық қарым-қатынас жасау үшін; Субъектіге тауарларды жеткізу және қызметтер көрсету үшін; Оператордың/Үшінші тұлғаның кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптарды орындауға байланысты тексерулер жүргізуі үшін; Оператордың клиенттерін Субъектілердің алаяқтық әрекеттерінен қорғау үшін.
D) Субъектінің дербес деректерін Оператор және (немесе) Үшінші тұлғалар жалпыға қолжетімді дереккөздерде тарата алмайды, Субъектіден осы әрекеттерді жасауға тиісті жазбаша келісім алынған жағдайларды қоспағанда.
E) Осы Келісім Оператор қызметінің бүкіл кезеңіне немесе Субъектіге жеткізіле отырып жаңартылған келісім шығарылатын мерзімге дейін беріледі.