"COMRUN" ЖШС 2025 жылғы 27 мамырдағы №8-П бұйрығына
№1 қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және
өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету туралы
ҮЛГІЛІК ШАРТ
1. ТЕРМИНДЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3. ШАРТ МӘНІ
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕТІ
4. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ РЕТІ 4.1. Қолданушыны Порталда тіркеу тәртібі мен шарттарын Оператор анықтайды. Қолданушы туралы мәліметтердің дұрыстығына Қолданушының өзі жауапты. 4.2. Осы Шартқа сәйкес Қызметті пайдалану мүмкіндігін алу үшін Қолданушы Порталда Авторизациялау және Тіркеу әрекеттерін орындауға міндетті. 4.3. Порталда авторизацияланған Қолданушының жеке кабинеті автомат түрде құрылады. Қолданушыны бастапқы тіркеу Порталда жеке кабинетте жүреді. Қолданушы Порталда кейін авторизацияланғанда Жеке кабинетке Порталда Авторизациялауға пайдаланылатын деректерді пайдаланып кіреді. Бұл ретте Порталда авторизацияланған Қолданушы Жеке кабинетке кіруге рұқсат алу үшін қосымша әрекеттерді орындауға тиіс болмайды. 4.4. Оператор фискалдық деректерді қабылдау, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асырады. |
5. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
6. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ
6.1. Осы Шарт бойынша Қызмет құнын Оператор Порталында жариялаған бекітілген Тариф жоспарларына сәйкес дербес белгілейді. 6.2. Қолданушы Қызмет қостырған күнге дейін және есеп айырысу кезеңінің 1-күнгі жағдай бойынша келесі кезеңдерде дербес шотта тиісті кезеңдегі Тариф жоспарына сәйкес жалпы сомадан кем емес сома болуын қамтамасыз етуге міндетті. Оператор Қызметті Қолданушының дербес шотында жоғарыда көрсетілген сома бар жағдайда ғана қосады. Егер есеп айырысу айының 1-ші жұлдызында Қолданушының жеке шотындағы сома ай сайынғы төлем сомасынан аз болса, Оператор қызмет көрсетуді тоқтата тұрады. Қызмет Қолданушының дербес шотына алдын ала төлем түскеннен кейін қайта қосылады. 6.3. Оператор есеп айырысудан кейінгі күнтізбелік айдың 15-не дейінгі мерзімде электрондық фактура-шоттар веб-порталы арқылы (www.esf.gov.kz) көрсетілген Қызметтің нақты көлеміне қарай фактура-шот ұсынады. 6.4. Осы Шарт бойынша Қызмет көрсету бойынша есеп айырысудың бәрі таңдалған Тариф жоспарына сәйкес есепті кезең үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүреді. 6.5. Порталдағы дербес шотты Қолданушы Қызмет ақысын төлеуге ғана пайдалана алады. 6.6. Қызмет көрсетілетін және есепке алынатын есептік кезең таңдалған Тариф жоспарына сәйкес кезең саналады. Тариф жоспарын ауыстырғанда ағымдағы Тариф жоспары бойынша Есептік кезеңдегі пайдаланылмаған қалдық өтелмейді. |
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Шарт талаптарына сәйкес, Шартта реттелмеген бөлігінде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді. 7.2. Оператор Қолданушының Қызметті тиісінше пайдаланбауы немесе пайдалана алмауы салдарынан туындаған қандай да бір залалдарға жауапты болмайды. 7.3. Оператор: 1) Қолданушы мен үшінші тұлғалар арасында туындаған, Қолданушының осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындамауынан және/немесе тиісінше орындамауынан туындаған дауларға; 2) Оператордың техникалық құралдарының жұмысын қолдау және дамыту қажетінен туындаған жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы ауыстыруға немесе басқа жұмыстар себебінен Қызмет көрсетудегі толық немесе ішінара үзілістерге (Қолданушыға ондай жұмыстар басталардан кемінде бір күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда); 3) метеорологиялық жағдайлар, жергілікті жер бедері және өзге де объектив себептер салдарынан радиотолқындар таралуы ерекшеліктеріне байланысты Қызмет сапасы нашарлауына; 4) Қолданушы Оператордың телефонна берген кеңесін және/немесе Порталда жарияланған Оператордың нұсқауларын қате орындағаны кесірінен Қолданушыға ықтимал жағымсыз салдар туғанына; 5) Қолданушының Қызмет алу үшін пайдаланатын жабдығы мен бағдарламалық жасақтамасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; 6) Қолданушының ақаулы және/немесе Оператордың талаптарына сәйкес келмейтін жабдықты пайдалануы салдарынан Қызмет сапасын нашарлауына, Қызмет көрсету мерзімі бұзылғанына немесе Қызмет көрсетуде кідіріс болғанына; 7) Қолданушы Қызметті пайдалану кезінде Операторға беретін (алатын) ақпараттың мазмұнына; 8) операторға байланысты емес электр энергиясы желісіндегі іркіліс кесірінен Қызмет көрсетуде кідіріс болғанына; 9) операторға тиесілі емес бағдарламалық жасақтама немесе жабдық істен шыққан жағдайда Қызмет көрсетуде үзіліс болғанына; 10) Қызмет сапасы нашарлауына және/немесе Қызмет көрсету мүмкін болмай қалуына соқтыруы мүмкін БКМ техникалық ақауы және/немесе тиісінше қолданылмағанына; 11) қызметті пайдалану нәтижесінде Қолданушыға келген шығындарға; 12) Қолданушыға Қызмет көрсету нәтижесінде туындаған Қолданушы үшін ықтимал жағымсыз салдарға; 13) электр энергиясын беруде, Интернет желісі трафигінде іркілістер болған жағдайда, сондай-ақ Операторға байланысты емес себептер бойынша өзге де жағдайларда Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты емес. 14) Қолданушы Жеке кабинетке қолжетімділік берілген тұлғалардың іс-әрекеттері және Оператордың Қызметтерін көрсетуі үшін дербес жауапты болады. 7.4. Оператордың Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілігі тиісті Есепті кезеңдегі Қызмет құнынан аспауға тиіс. 7.5. Шартта көзделген міндеттемелер бұзылған жағдайда, Қолданушы жағымсыз салдарына өзі жауап береді. 7.6. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеуші туралы салық құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге жауапты. 7.7. Қолданушы Оператордың Қолданушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берілген жабдықтарын жарамды күйде және тиісті түрде уақтылы қайтаруға жауапты және Операторға келген залалды осы Шарт талаптарына қарай өтеуге міндетті. |
8. ФОРС-МАЖОР
9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
10. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ
10.1. Осы Келісім Қолданушы №1 қосымшаға сәйкес Өтінімге қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге жасалады. 10.2. Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасында және (немесе) Шартта көзделген жағдайларда бұзылуы мүмкін. 10.3. Қолданушы №3 қосымшаға сәйкес,мына жағдайларда және мына ретпен Операторға Портал арқылы 2-өтінім беріп, осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға (біржақты бас тарту) құқылы: 1) БКМ есептен шығарылған жағдайда Операторға БКМ есептен шығарудың болжамды күнінен кемі 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын хабарлап (бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін тоқтатылады); 2) Шарттың 10.4-тармағында көрсетілген жағдайда, Шартқа өзгерістер күшіне енген күннен кемі 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын (бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні өткеннен кейін тоқтатылады); 3) өз бастамасы бойынша – Қызмет көрсету мен Шартты тоқтатудың болжамды күнінен кемі 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын (бұл жағдайда Қызмет көрсету және осы Шарт Оператор тиісті өтінімді алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін тоқтатылады). 10.4. Оператор Шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады, ондайда Шарттың өзгертілген редакциясын немесе оның жекелеген бөлігін (бөліктерін) өзгерістер күшіне енерден кемі 10 (он) күнтізбелік күн бұрын Порталда жариялауға тиіс. Өзгерістердің күшіне енуі мерзімі ұзағырақ деп белгіленбесе, Шартқа енгізілетін өзгерістер Шарттың өзгертілген редакциясы немесе оның жекелеген бөлігі (бөліктері) алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң күшіне енеді. Шарттың өзгертілген нұсқасы немесе оның жекелеген бөлігі (бөліктері) Порталда алғаш жарияланған сәттен бастап Қолданушы Оператор енгізген өзгерістер туралы хабардар болды деп есептеледі. Қолданушы Оператор енгізген өзгерістерге келіспеген жағдайда №3 қосымшаға сәйкес 2-өтінімді жолдап, Шарттан бас тартуға құқылы. Көрсетілген мерзімде Оператор мұндай өтінімді алмаса, Қолданушы Шарттың өзгертілген талаптарын сөзсіз қабылдадыдеген сөз. |
11. БАСҚА ШАРТТАР
11.1. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Тараптар арасында ақпарат (материалдар) алмасу шарт бойынша тек жазбаша жүреді. Тараптардың жазбаша хабарламалары поштадан, факс, email арқылы, курьерден жолданады, Тараптың (оның уәкілетті өкілінің) қолына беріледі немесе хат жеткізілгенін (күн, уақыт) және оны жолдаушы туралы мәліметтерді тіркеуге мүмкіндік беретін басқа тәсілдермен жеткізіледі. 11.2. Тараптардың Шарттан туындайтын және Шартта реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. 11.3. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заң күші бар екі дана жасалған. Шарттың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндері арасында алшақтық болған жағдайда, орыс тіліндегі мәтінге басымдық беріледі. 11.4. Мына қосымшалар – осы Шарттың ажырамас бөлігі: 1) 1-қосымша. «Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметін көрсету жөніндегі үлгі шартқа қосылу, Қызметті қостыру және тарифтеу туралы №1 өтінім (нысан)»; 2) 2-қосымша. Тариф жоспарларын қолдану шарттары. 3) 3-қосымша. Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметін көрсету үлгі шартты бұзуға және ол бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға арналған №3 өтінім. 4) 4-қосымша. Деректер жиналып, өңделетініне келісім. |
12. ОПЕРАТОРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу,
сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу
қызметін көрсету туралы үлгілік шартқа
1-қосымша
«COMRUN» ЖШС-де
фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсету шартына қосылу туралы
№1 өтінім
Қолданушы туралы мәліметтер:
1) ұйым атауы _________________________________________________________
2) ЖСН/БСН: ___________________________________________________________
3) заңды мекенжайы: ____________________________________________________
4) есеп шотының деректемесі (банк, БСК, ЖСК)*:
__________________________________________________________________
5) байланыс деректері:
телефон нөмірі: ______________________________________
email: _______________________________
* бұл өрісті толтыру міндетті емес
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу,
сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін
көрсету туралы үлгілік шартқа
2-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін көрсетудің тариф жоспарын қостыруға
№2 өтінім
«Comrun» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
ФДО атауы
Қолданушының дербес шоты __________________
Қолданушы туралы мәліметтер:
1) ұйым атауы _________________________________________________________
2) ЖСН/БСН: ___________________________________________________________
3) заңды мекенжайы: ____________________________________________________
4) есеп шотының деректемесі (банк, БСК, ЖСК)*:
__________________________________________________________________
5) байланыс деректері:
телефон нөмірі: ______________________________________
email: _______________________________
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметін көрсету туралы үлгі шартқа
2-қосымша
Тариф жоспарларын қолдану шарттары
1. Жалпы ережелер
2. Ақпараттық және техникалық қолдау көрсету шарттары
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу,
сақтау және өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін
көрсету туралы үлгілік шартқа
3-қосымша
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгертпей өткізу қызметін көрсету туралы үлгі шартты бұзуға және ол бойынша қызмет көрсетуді тоқтатуға арналған №2 өтінім
email: _______________________________
Өтінім беру Қолданушыны көрсетілген Қызметтің ақысын төлеу міндеттемесінен босатпайды.
Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және
өзгертпей салық органдарына өткізу қызметін
көрсету туралы үлгілік шартқа
4-қосымша
ДЕРЕКТЕР ЖИНАЛЫП, ӨҢДЕЛЕТІНІНЕ КЕЛІСІМ
Деректер жиналып, өңделетініне осы келісімді (ары қарай – «Келісім») Қолданушы (ары қарай – «Субъект») Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, БСН 180140005198 (ары қарай – «Оператор») ұсынады. A Қолданушы Операторға мына әрекеттерді істеуге: 1. деректерді (осы Келісімнің В тармағында анықталғандай): (а) мобильді қосымшаны ұялы телефонға, смартфонға, планшетке орнату және/немесе веб-қосымшаны пайдалану, сондай-ақ БКМ-ді кез келген түрде қолдануды бастау; немесе (b) Оператордың веб-сайтында, мобильді қосымшасында немесе Оператордың өзге электрондық ресурсында Субъектіні тіркеу және (немесе) авторизациялау; немесе (с) Келісімге қағаз немесе электрондық тасымалдағышта қол қоюмен шектелмейтін кез келген тәсілмен (өз қолымен), электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен, бір реттік (one-timepassword) кодты қолдану арқылы қол қою арқылы қол қою Оператор немесе оның агенті Субъектінің ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама немесе web не басқа бағдарламалық жасақтама арқылы push-хабарлама жолдау арқылы; немесе (d) мүмкін жағдайда Оператордың кеңселеріне бару; немесе (e) Оператордың электрондық ресурстарына кіру, оның ішінде Cookies немесе Субъектінің деректерін тіркей алатын басқа ережелерді, хаттамаларды, бағдарламалық және аппараттық құралдарды қабылдау арқылы; немесе (f) Оператордың өнімдерін немесе сервистерін пайдалану арқылы жинап, өңдеуге келісім береді. 2. Деректерді, соның ішінде жеке деректерді, сондай-ақ банк құпиясын, салықтық құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді Оператордың аффилиирленген тұлғаларына, агенттеріне және кез келген үшінші тұлғаларға (ары қарай – «Үшінші тұлғалар») беруге келіседі. Бұл деректер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, сондай-ақ Оператор немесе Үшінші тұлғалар тарапынан Субъектіге өнімдер мен қызметтер ұсыну немесе Оператор мен Үшінші тұлғалар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында берілуі мүмкін. Субъект оның деректері Оператордың немесе Үшінші тұлғалардың деректер базасына енгізілуі, бұл ретте оның жеке деректері Оператордың қатысуынсыз өңделуі мүмкін екеніне келіседі. Алайда, Оператор Үшінші тұлғалардан берілген деректердің құпиялығын қамтамасыз етуді талап етуге міндетті. 3. Оператордың осы келісімде мәлімделген Деректерді жинау және өңдеу мақсаттары үшін қажетіне қарай Деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге мемлекеттердің аумағына шекара асырып беруі. Субъект Деректер берілуі мүмкін елдерде Деректерді сақтау шарттары мен талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделгеннен төмен болуы мүмкін екеніне және бұл елдердегі Дерек операторлары оларды тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ете алмайтынына келіседі. B Осы Келісімде «Деректер» электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген, нақты не соларға сүйеніп анықталатын Субъектіге қатысты мәліметпен/ақпаратпен шектелмеуі керек, атап айтқанда: тегі, аты және әкесінің аты (бар болса); аты-жөнінің транскрипциясы; жеке немесе өзге сәйкестендіру нөмірі (Субъект Операторға берген болса); толық туған күні; жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (Субъект Операторға берген болса) және басқа құжаттар (төлқұжат, жүргізуші куәлігі, т.б.); мемлекеттік мекемелерден анықтамалар (медициналық, наркологиялық және т.б.); телефон нөмірі; email адресі; тұрғылықты мекен-жайы; Субъектінің бейнесі (фотосурет, аватар және т.б.) (Субъект Операторға ұсынған болса); биометрия мәліметтері; идентификаторлар (шоттардың атауы және Субъект таңдаған идентификаторлар); ұйымның атауы мен мекен-жайы; ЭҚЖЖ; сауда нүктесінің атауы мен мекен-жайы; жасы; тұтынушы ретіндегі қалауы; сатылым түбіртектері; телефон кітапшасындағы контактілері (Оператордың мобильді қосымшаларын пайдалану кезінде/Субъект құрылғысының камерасынан алынған суреттер; цифрлық құжаттар; мобильді құрылғының микрофонынан дыбыс жазба; Субъект құрылғысының моделі және оның операциялық жүйесі мен браузері және (немесе) Интернетке қосылу түрі туралы мәліметтер; Субъект жататын нарық сегменті; Субъектінің салық резиденттігі және салық сәйкестендіргіші туралы ақпарат; Оператордың қолдау және сату қызметі өкілдерімен байланыс жазбалары; Субъектінің құрылғысын сәйкестендіретін мәліметтер; Интернет желісіндегі сайттарда жарияланған Субъектінің жария комментарийлері; Субъектінің IP-адресі бойынша және (немесе) e-SIM және (немесе) SIM-карта және (немесе) Интернет-банкинг арқылы алынған Субъектінің орналасқан жері туралы деректер; Субъектінің орналасқан жері туралы мәліметтер; Субъектінің орналасқан жері туралы мәліметтер); GPS арқылы (жаһандық позициялау жүйесі); Субъектінің Интернетте кірген веб-сайттары туралы ақпарат; Субъектінің Интернетте сатып алғандары туралы ақпарат және аналитикаға арналған басқа метадеректер (cookie файлдары); субъект Интернет желісінде жариялаған немесе ол қараған контент; сондай-ақ әлеуметтік желілерден Субъект туралы жалпыға ашық ақпарат; банк құпиясын, сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат/деректер, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны; Оператор Субъектіден немесе оған қатысты алуы мүмкін ақпарат/деректер. С Субъектінің деректері мына мақсатпен жиналып, өңделеді (тізім толық емес): Оператордың және Үшінші тұлғалардың өнім ұсыну және қызмет көрсетуі, оның ішінде қаржы қызметін көрсетуі, маркетинг және жарнама іс-шараларын, зерттеу, акция өткізу, Субъектіге кез келген, соның ішінде Оператор мен Үшінші тұлғалардың өнімдері және (немесе) қызметтері мен ұсыныстары туралы ақпарат материалдарын ұсыну (жолдау), сондай-ақ телефон, факс және басқа байланыс түрлері арқылы, сондай-ақ ашық байланыс арналары (соның ішінде SMS-хабарламалар) арқылы өзге де хабарламалар, e-mail, push- хабарламалар, дауыстық хабарламалар, қашықтан қол жеткізу жүйелері, әлеуметтік желілер және т.б.) жолдау, сондай-ақ QR код немесе штрих-код арқылы төлем жасау, телефон кітапшасының контактілерінен төлем не қызмет алушыны таңдау, Оператордың және/немесе Үшінші тұлғалардың мобильді қосымшасында Субъектінің аватарын/фотосуретін көрсету, цифрлық құжаттар сервисінен Субъектінің цифрлық құжаттарын алу, Оператордың/Үшінші тұлғалардың өкілдерімен дауыстап хабарласу; Субъектіге тауар не қызмет жеткізу; кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл талаптарын орындауға байланысты Оператордың/Үшінші тұлғаның тексеріс жүргізуі; Оператордың клиенттерін Субъектілердің алаяқтық әрекеттерінен қорғау. D Субъектінің дербес деректерін, Субъектіден осы әрекеттерді жасауға тиісті жазбаша келісім алынған жағдайларды қоспағанда, Оператор және (немесе) Үшінші тұлғалар жалпыға ашық дереккөздерде тарата алмайды. E Осы Келісім Оператор қызметінің барлық кезеңіне немесе жаңартылған келісім шығыр, ол Субъектіге хабарланған мерзімге дейін беріледі. |