Пайдаланушы келісімі
Бұл құжат – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта (бұдан былай – «Оферта») және азаматтық айналымда кәсіпкерлер санатында көрінетін шектеусіз заңды және жеке (кәмелет жасқа толған) тұлғалар шеңберіне қаратылған (бұдан былай – «Қолданушылар») «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан былай – «Құқық иесі»), БСН 180140005198, Келісімнің елеулі талаптары болып табылатын, төменде айтылған шарттармен осы Қолданушы келісімін жасауға ұсынысы.
АНЫҚТАМАЛАР:
Қолданушы – осы Келісімнің шарттарын қабылдаған және/немесе Сервисті қолданатын жеке тұлға және/немесе заңды тұлға. Осы Шарт аясында Қолданушы деп Сервисті осы Офертада белгіленген ретпен және шартпен қолданатын тұлға аталады.
Re:salyq (бұдан былай – Сервис) – re:Kassa сервисінің бір бөлігі, 910.00 нысанды қаржы салық есептілігін электрондық есеп түрінде құратын бұлттағы сервис.
re:Kassa - Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік реестрінде (бұдан былай – «Реестр») 253-нөмірмен тіркелген, Қолданушыларға Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ақшалай есеп айырысуды іске асыруда қолдану үшін https//app.rekassa.kz адресіндегі веб-қосымша және/немесе iOS және Android платформаларына арналған мобайл қосымша түрінде, бағдарламалық жасақтама экземплярын уақытша қолдану құқығымен берілетін, деректерді тіркеп, өткізу функциясы бар «re:Kassa» бақылау-касса машинасы», 3.0 нұсқасы.
Жеке деректер – қолданушы сайтта өз еркімен және тегін жариялайтын, қолданушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат, соның ішінде байланыс ақпараты.
1. Негізгі ережелер.
1.1. Қолданушы осы келісімнің (бұдан былай – Келісім) шарттарын қабылдай отырып, мына шарттарға келіседі:
Осы келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады. Қолданушы осы Келісімді шартсыз-сөзсіз қабылдағанының белгісі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес Қолданушы осы офертаны акцептегенінің белгісі) – Қолданушының Сервисте тіркелуі және тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан кез келген функцияны қолдануы.
1.2. Қолданушы осы келісімнің шарттарын тек толық көлемде қабылдай алады. Келісім шарттарын орындаудан ішінара бас тартуға жол берілмейді.
1.3. Қолданушының Сервисте істеген әрекеттерінің бәрі осы Келісімнің шарттарымен танысқан тұлғаның әрекеті болып саналады. Қолданушы осы Келісімнің шарттарын білмедім деп сілтеуі Қолданушының осы Келісім шарттарын орындамауына негіз бола алмайды.
1.4. Осы Келісімді де, оған қосымшаларды да Құқық иесі біржақты тәртіппен, Сервистің әр Қолданушысына жеке-жеке ескертпестен, өз бетімен өзгерте алады.
2. Шарт мәні
2.1.Құқық иесі Қолданушыға осы Офертаның шарттарына сәйкес, Сервиске қол жеткізу мүмкіндігін беру арқылы Сервисті қолдану құқығын береді.
2.2. Қолданушыға берілген Сервисті қолдану құқығы көлеміне Сервисті оның тікелей функционалына қарай қолдану кіреді. Сервистің толыққанды жұмыс істеуінің міндетті шарты – Қолданушының Абоненттік құрылғысында Интернет желісі бары/қосылып тұрғаны.
2.3. Осы Келісім тек Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етеді.
3. Қызмет ұсыну реті
3.1. Қолданушыға Сервиске қол жеткізу құқығы re:Kassa (https://app.rekassa.kz/agreement.html ) бағдарламалық жасақтамасында тіркеліп, re:Kassa бағдарламалық жасақтамасынан және/немесе Қолданушы толтырған өзге деректерден алынған деректер көмегімен 910.00 нысандағы қаржы салық есептілігін құру үшін мемлекеттік кірістер органдарында кем дегенде бір касса тіркету шартымен беріледі.
3.2. Қолданушыға Сервисті қолдану құқығы тегін беріледі.
3.3. Сервисті қолдану аясында деректер дұрыс толтырылғанына және/немесе өзге деректер берілгеніне Қолданушы толық жауап береді.
4. Қолданушылардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Қолданушы профилактика жұмыстары жүріп жатқан уақыттан өзге кездің бәрінде Сервиске тәулік бойы қол жеткізуге құқылы.
4.2. Қолданушы өзінің деректерінің және Қолданушыны дараландыратын өзге де ақпараттың жария болып кетуіне, жоғалуына, ұрлануына және т.б. себеп болған әрекеттеріне және/немесе әрекетсіздігіне, сондай-ақ Қолданушының есептік деректерін пайдаланатын үшінші тұлғалардың кез келген әрекеттеріне және/немесе әрекетсіздігіне толық жауап береді.
4.3. Үшінші тұлғаларға, өзге қолданушыларға не сайтқа залал келтірілген жағдайда, Қолданушы сол залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде және мөлшерде өтеуге міндеттенеді.
5. Құқық иесінің құқықтары мен міндеттері
5.1. Құқық иесі Сервистің нұсқаулықта сипатталған функцияларды орындап тұруын қамтамасыз етуге міндетті.
5.2. Құқық иесі профилактика жұмыстары жүріп жатқан уақыттан өзге кездің бәрінде Сервиске тәулік бойы қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
5.3. Құқық иесі кез келген уақытта және кез келген себеппен, соның ішінде Қолданушының қажетін өтеу не бәсекеге қабілеттілік талаптарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау мақсатында Сервисті модификациялауға не Сервистің жаңа нұсқасын шығаруға құқылы.
5.4. Құқық иесі Сервиске жаңа сипаттар мен функционалдық мүмкіндіктерді қосу немесе Сервистен бар сипаттар мен функционалдық мүмкіндіктерді алып тастау құқығын өзіне қалдырады.
5.5. Құқық иесі қолданушыларға алдын ала ескертпестен Сервисті не оның бір бөлігін жабу, жұмысын тоқтата тұру, өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Келісім шарттарды қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзімге жасалған.
6.2. Құқық иесі осы Келісімнің шарттарына біржақты тәртіппен, сайтта жариялап өзгеріс енгізуге құқылы. Дау туындаған жағдайда Шарттың Сайтта жарияланған нұсқасы Шарттың өзге нұсқаларынан басым болады.
6.3. Қолданушы осы Келісімнің шарттарын бұзған жағдайда, Құқық иесі шартты мерзімінен бұрын бұзып, Қолданушыға алдын ала ескертпестен серверге қол жеткізуге дереу бұғат салуға құқылы.
6.4. Қолданушы Шартта белгіленген тәртіппен Акцепт жасаған кезде Дербес деректерді Жинауға, Өңдеуге байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сәйкес, Қолданушы Операторға және үшінші тұлғаларға Қолданушының Дербес деректерін заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен, Қолданушы келісімінде реттелетін мақсаттарда және Оператордың қалауы бойынша дереккөздерде, соның ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерде, Орындаушымен арада бұрыннан бар немесе туындайтын не болашақта туындайтын кез келген азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де құқықтық қатынастарға байланысты Жинауға, Өңдеуге, шекара арқылы беруге (қажет болған жағдайда) сөзсіз келісімін береді.
6.5. Осы Келісімнің тараптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік арқалайды.
6.6. Құқық иесі Қолданушы орналастырған кез келген деректердің (соның ішінде дербес деректердің) растығын, толықтығын, нақтылығын және өзектілігін қамтамасыз етуге жауап бермейді. Қолданушыдан алынған деректердің бәрі Қолданушы Сервистің веб-формаларын толтырған кезде алынған күйінде өңделеді.
6.7. Құқық иесі Қолданушының ұйымдастырушылық және өзге де шараларды сақтамауы салдарынан Қолданушы дербес деректерді өңдеуге уәкілеттік бермеген тұлғалардың дербес деректерге заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуіне, сондай-ақ олардың жойылуына, өзгертілуіне, бұғатталуына, көшірілуіне немесе таратылуына, сондай-ақ Қолданушы қызметкерлері және/немесе үшінші тұлғалар тарапынан жасалған өзге де заңсыз әрекеттерге жауап бермейді.
6.8. Осы Келісімнің шарттарын қабылдап, Қолданушы тіркелу кезінде көрсетілген адрес пен телефон арқылы қосымша ақпарат пен ақпараттық таратылымдар алуға келісім береді.
6.9. Осы офертаның шарттарын қабылдап, Қолданушы өзіне тиесілі ақпаратты, соның ішінде дербес деректерді Сервисті қолдана отырып өңдеуге заңды негіздері бар екенін растайды.
6.10. Қолданушылардың кез келген сұрақтары, пікірлері және өзге де хат-хабарлары Құқық иесіне help@comrun.co электрондық поштасы арқылы жолдануы тиіс. Құқық иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде сұраныстарға, сұрақтарға, ұсыныстарға және өзге де ақпаратқа жауап беру мүмкіндігіне жауапты болмайды және оған кепілдік бермейді.