Қазақстандағы БСН (БИН): нені білдіреді, қалай беріледі, қайдан алуға болады

БСН-ның бірегей нөмірінің 12 цифрының артында қандай мүмкіндіктер жасырынғанын білесіз бе? Бұл мақалада оның қайда қолданылатынын, цифрлар реті нені білдіретінін, БСН-ды кімге алу керектігін және оны қайдан алуға болатынын талдаймыз.
Қазақстанда БСН деген не және ол не үшін қолданылады
БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орысша БИН) деген не екенін барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер біледі. Бұл — әр компанияның бірегей коды, ол компанияны мемлекеттік органдардың жүйелерінде сәйкестендіруге көмектеседі және басқа ұйымдармен шатастыруды болдырмайды.
БСН бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде, Статистика комитеті мен ҚР Әділет министрлігінің сайттарында тіркеледі.
БСН-ның арқасында кәсіпкерлер бизнесті тіркей алады, салық есептерін тапсыра алады, контрагенттерді тексере алады, мемлекеттік қызметтер ала алады және Egov пен салық порталдары арқылы тендерлерге онлайн қатыса алады.
БСН барлық қаржылық операциялар үшін, соның ішінде шот рәсімдеу, салық төлеу, несие алу үшін қолданылады, бұл бюрократияны азайтып, бизнес-процестерді жеделдетеді.
БСН бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде, Статистика комитеті мен ҚР Әділет министрлігінің сайттарында тіркеледі.
БСН-ның арқасында кәсіпкерлер бизнесті тіркей алады, салық есептерін тапсыра алады, контрагенттерді тексере алады, мемлекеттік қызметтер ала алады және Egov пен салық порталдары арқылы тендерлерге онлайн қатыса алады.
БСН барлық қаржылық операциялар үшін, соның ішінде шот рәсімдеу, салық төлеу, несие алу үшін қолданылады, бұл бюрократияны азайтып, бизнес-процестерді жеделдетеді.
Қазақстанда БСН-ды кімге алу керек
Қазақстанда бизнес-сәйкестендіру нөмірін алуға міндетті:
- Заңды тұлғалар. Қазақстанда тіркелген барлық компаниялар (ЖШС, АҚ және т. б.) қызмет саласына қарамастан бизнес жүргізу үшін БСН-ға ие болуы тиіс.
- Шетелдік компаниялар. Егер шетелдік ұйым Қазақстан аумағында қызмет жүргізсе (мысалы, филиал немесе өкілдік ашса), оған да осы бірегей нөмір қажет.
- Жеке кәсіпкерлер. Егер ЖК бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызмет жүргізсе. Жеке кәсіпкерлік кезінде ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі, орысша ИИН) қолданылады.
- Кейбір коммерциялық емес ұйымдар. Мысалы, Қазақстанда тіркелген қоғамдық бірлестіктер немесе қорлар.
Жеке тұлғаларға БСН алудың қажеті жоқ. Олар үшін сәйкестендіру нөмірінің рөлін ЖСН атқарады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы да осында.
БСН-дағы цифрлар қалай таратылып жазылады

БСН-дағы әр цифр заңды тұлға туралы ақпаратты көрсетеді:
- Алғашқы төрт цифр — заңды тұлғаның немесе ЖК-ның тіркелген жылы мен айы.
- Бесінші цифр — заңды тұлғаның немесе ЖК-ның түрі.
- Алтыншы цифр — ұйымның құрылымын анықтайтын қосымша белгі.
- Соңғы жеті цифр — тіркеудің реттік нөмірі, оның ең соңғы цифры бақылау цифры болып табылады.
re:Kassa — мәңгі тегін онлайн-касса
re:Kassa-да тіркелгеннен кейін бірден касса аппаратын сатып алмай-ақ төлем қабылдап, чек беріңіз
Қазақстанда БСН-ды қалай алуға болады

Заңды тұлғаларға және бірлескен ЖК-ға БСН-ды әділет органдарының аумақтық бөлімшелері береді. Бұл заңды тұлғаны тіркеумен бірге автоматты түрде жүзеге асады.
Алу үшін өтініш пен құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына (бұрынғы ХҚКО) немесе Egov.kz порталы арқылы беру керек.
Заңды тұлғаларды тіркеуге және БСН беруге арналған құжаттар:
Алу үшін өтініш пен құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына (бұрынғы ХҚКО) немесе Egov.kz порталы арқылы беру керек.
Заңды тұлғаларды тіркеуге және БСН беруге арналған құжаттар:
- нысаны көрсетілген қаулыда бекітілген өтініш;
- құрылтай құжаттарының түпнұсқалары;
- заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
- егер өтінішті компания басшысының өзі бермесе, сенімхат.
БСН алу мерзімдері
Әдетте рәсім 1-ден 3-ке дейін жұмыс күнін алады. Құжаттарды Egov. kz порталы арқылы онлайн бергенде процесс жылдамырақ болуы мүмкін.
Тіркелгеннен кейін БСН-ды бірден мемлекеттік органдармен, салық қызметтерімен және банк мекемелерімен өзара әрекеттесу үшін пайдалануға болады.
Тіркелгеннен кейін БСН-ды бірден мемлекеттік органдармен, салық қызметтерімен және банк мекемелерімен өзара әрекеттесу үшін пайдалануға болады.
Ұйымның БСН-ын қалай білуге болады: қадамдық нұсқаулық
Қазақстандағы кез келген ұйымның БСН-ын бірнеше тәсілмен білуге болады. Бұл компанияның заңдылығын тексеру немесе шарт жасасу үшін ақпарат алу қажет болғанда маңызды.
1-тәсіл. Egov. kz порталы арқылы
- Egov.kz сайтына өтіңіз.
- Басты мәзірден «Құқықтық қатынастар» бөлімін таңдаңыз немесе «Заңды тұлғалардың тіркелуін тексеру» қызметін табу үшін іздеу жолын пайдаланыңыз.
- Компанияның атауын, оның заңды мекенжайын немесе басшының ЖСН/БСН-ын (егер белгілі болса) енгізіңіз.
Портал компания туралы ақпаратты, соның ішінде оның БСН-ын, тіркелген күнін, мәртебесін (әрекет ететін немесе әрекет етпейтін) және басқа деректерді көрсетеді.

2-тәсіл. Әділет министрлігінің ашық дерекқорлары арқылы
- Adilet.zan.kz порталына кіріңіз.
- «Заңды тұлғалар» бөлімін табыңыз.
- Өзіңізге белгілі деректерді енгізіңіз: компания атауын немесе басқа деректемелерді.
Іздеу нәтижелерінде БСН, тіркелу мәртебесі, сондай-ақ басқа құқықтық ақпарат көрсетіледі.
3-тәсіл. Салық органдарының сайттары арқылы
- Салық органдарының сайтына кіріп, салық төлеушілерді тексеру сервисін ашыңыз.
- БСН-ды табу үшін өзіңізде бар деректерді енгізіңіз.
4-тәсіл: Ашық дереккөздерде
Кейбір компаниялар өз БСН-ын ресми сайттарында көрсетеді, сонымен қатар БСН құжаттамада немесе шарттарда көрсетіледі. Сондай-ақ БСН-ды көбіне компанияның ресми мөрлерінен, қаржылық есептерінен және жария қолжетімді басқа құжаттардан табуға болады.
ҚР бейрезиденті БСН ала ала ма
Ала алады. БСН шетелдік компанияларға Қазақстанда заңды қызмет жүргізуге мүмкіндік беріп, мемлекеттік және қаржы мекемелерімен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. БСН заңды тұлғаға тіркеу кезінде автоматты түрде беріледі.
ҚР бейрезидентіне БСН алу үшін қандай құжаттар қажет
- Компанияның құрылтай құжаттары, мысалы, жарғы және/немесе құрылтай шарты.
- Шыққан елде тіркелгені туралы куәлік, нотариат куәландырған көшірме немесе сауда тізілімінен үзінді.
- Филиал/өкілдік басшысын тағайындау туралы құжаттар, мысалы, директорды тағайындау туралы бұйрық.
- Басшының төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
- Қазақстандағы заңды мекенжай, қызмет жүргізуге арналған кеңсенің немесе басқа объектінің бар екенін растайтын құжаттар.
Қандай жағдайларда БСН жойылады немесе өмір сүруін тоқтатады
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі мынадай жағдайларда жойылуы мүмкін:
- Заңды тұлғаның таратылуы және қызметін тоқтатуы.
- Компанияның қайта ұйымдастырылуы, қосылуы, бөлінуі немесе қайта құрылуы.
- Филиалдар мен өкілдіктердің жабылуы.
- Сот шешімі бойынша компанияның банкрот деп танылуы.
- Бұзушылықтар, әкімшілік немесе қылмыстық істер.
- Тіркеу қателері, дәйексіз деректер.
- Бейрезиденттер үшін — егер уақытша тіркеу мерзімі өтсе немесе қызметті ұзарту шарттары орындалмаса.
БСН туралы сұрақтарыңыз қалды ма? Оларға жауап осы тізімде жоқ па, қараңыз
Қазақстанда БСН-ды қайдан алуға болады
БСН-ды заңды тұлғаның орналасқан жері немесе компанияның тіркелген жері бойынша тіркеуші орган береді.
Заңды тұлға БСН алмаса не болады
Мұндай жағдайды елестету қиын, өйткені бірегей нөмірсіз заңды тұлға жай ғана жұмыс істей алмайды: құжаттарға қол қоя алмайды, төлем жүргізе алмайды, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмайды және т. б. Сондықтан БСН компанияны/ұйымды тіркеумен бірге автоматты түрде беріледі.
Басқа адамдар/компаниялар менің ұйымымның БСН-ын біле ала ма?
Иә, әрине. Салық кодексінің 30-бабына сәйкес салық төлеуші компания және оның сәйкестендіру нөмірі туралы деректер салық құпиясы болып табылмайды. Сіз контрагенттерді БСН бойынша өзіңіз тексере алатыныңыз сияқты, серіктестеріңіз де сізді тексере алады.
БСН жойылғаннан кейін не болады
- Ұйым немесе кәсіпкер Қазақстан аумағында бизнес жүргізу және шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқық қабілеттілігінен айырылады.
- БСН мемлекеттік органдардың тізілімдерінде енді болмайды.
- Мұндай БСН-мен жасалған кез келген қаржылық немесе заңдық әрекеттер жарамсыз болады.
re:Kassa — мәңгі тегін онлайн-касса
re:Kassa-да тіркелгеннен кейін бірден касса аппаратын сатып алмай-ақ төлем қабылдап, чек беріңіз