Онлайн-касса деген не және ол бизнеске неге керек?

Кәсіпкерлер салық есебін тапсырғанда қиналмайын десе, онлайн-касса қолданғаны дұрыс. Қазақстанда жеке кәсіпкерлер мен түрлі саладағы компанияларға оны қолдану міндетті. Мақалада онлайн-кассалар қандай болатынын және олардың бизнеске беретін артықшылықтары қандай екенін айтып береміз.
Сатып алушы смартфон-кассаның экранындағы QR-код арқылы төлейді

Онлайн-касса деген не?

Бұл сату деректерін есепке алып, автоматты түрде салық органдарына жолдауға арналған құрылғы немесе веб-сервис. Касса фискалдық құжаттарды — касса чектерін, түбіртектерді, ауысым және тауарды қайтару туралы есептерді қалыптастырады. Содан кейін ол деректерді шифрлап, фискалдық дискіде сақтайды да, салық органдарына жолдайды.

Онлайн-кассаның екі түрі бар:
1. Аппарат (БКМ). Кәдімгі касса аппараты сияқты жұмыс істейтін заттай құрылғы. Алайда оның кіріктірілген фискалдық дискісі және интернет модулі бар, ол арқылы мәліметтер автомат түрде салық органына жолданады.
Кассадағы POS-терминал арқылы картамен төлеу
Кәсіпкер кафеде ноутбукпен жұмыс істеп отыр
2. Виртуал. Компьютерге, смартфонға немесе планшетке орнатылатын бұлттағы қызмет. Деректердің бәрі серверлерде сақталады және операциядан кейін бірден желіде тасымалданады.

Онлайн-кассаның стандарт БКМ-нен айырмашылығы неде?

Онлайн-касса деген — ақшалай есеп айыру деректерін автоматты түрде тіркейтін және салық органдарына жолдайтын бақылау-касса машинасы (БКМ) немесе веб-сервис.

Сондай-ақ ескі үлгідегі БКМ бар. Бұл — стационар аппарат, ол сатып алушылармен ақшалай есеп айыруға да қолданылады. Алайда онлайн-кассадан айырмашылығы, оның интернетке кіру мүмкіндігі жоқ — кәсіпкер деректердің бәрін салық органына өз бетімен жолдауға тиіс. Онлайн-БКМ-де деректер автомат түрде жолданып отырады. Ал егер интернет тұрақсыз болса, төлемді өткізе беруге болады, интернет қосылған соң деректер салық органына кете береді.
Кәсіпкер кафеде ноутбукпен жұмыс істеп отыр
Ескі үлгідегі БКМ салық органына ақпарат беруді қажет етпейтін шағын сауда нүктелеріне, мысалы, интернетке қосыла алмайтын кәсіпкерлерге қолайлы. Онлайн-кассалар бөлшек сауда дүкендерінен фитнес орталықтарына дейін кез келген шағын және орта бизнеске жарамды.

Стандарт, онлайн-БКМ және веб-сервис арасындағы айырмашылықтарды толығырақ кестеде қарастырайық.
ӨлшемшарттарыСтандарт БКМОнлайн-БКМВеб-сервис
ФункционалдықСатылымдарды тіркеп, қағаз чектер шығарады. Операциялар туралы мәліметтер құрылғыда сақталады және есепті кезеңнің аяғында салық органына қолдан тапсыру керек боладыДеректерді интернет арқылы салық органдарына автомат түрде жолдайды. Кәсіпкерге фискалдық құжаттарды қолдан жинап, салық органына тапсырудың қажеті жоқСатылымдарды тіркейді, деректерді салық органдарына автоматты түрде жолдайды, электрондық чектер шығарады. Оларды SMS не email арқылы жолдауға болады
Қызмет көрсетуСервис орталықтарында жүйелі түрде жаңартып тұруды талап етедіСервис интернет арқылы автомат түрде жаңартылады. Істен шыққан жағдайда кәсіпкер қолдау қызметіне хабарласып, мәселені жедел шеше аладыИнтернет арқылы автомат түрде жаңарып отырады
Сервистермен интеграцияБарлық бағдарламалармен бола бермейді. Орнату үшін техникалық қызмет көрсету орталығына бару керекКей жүйелермен шектеулі интеграциясы барТүрлі сервистермен, мысалы, 1С, Шопучет бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі бар
ҰтқырлықБір жерде орнатылатын стационар құрылғыДеректерді беру функциясы бар заттай аппаратСмартфон, планшет және компьютерлерде қосымша ретінде жұмыс істейді

Бизнеске арналған онлайн-кассаның артықшылықтары қандай?

Онлайн-касса сату есебін, касса құжаттарымен жұмыс істеуді және оларды жолдауды автоматтандырады. Салық органының да бақылау жұмысы жеңілдейді: олар деректердің бәрін нақты уақыт режимінде, кідіріссіз және қатесіз алады. Онлайн-кассаның артықшылықтарын толығырақ қарастырайық.

Жұмыс жылдамдығы. Онлайн-кассалар төлем процесін жылдамдатады. Клиенттер бірнеше минут ішінде ақы төлей алады, ал бизнес нақты уақыт режимінде есептер алып отырады. Мысалы, кафе иесі бір күнде қанша келуші келгенін және даяшылар ауысымды сағат нешеде ашқанын тез көре алады.

Қауіпсіздік әрі сенімділік. Деректердің бәрі бұлтта сақталады. Бұл бизнес үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді — жабдық істен шыққан жағдайда ақпарат жоғалмайды. Мысалы, дүкенде касса аппараты бұзылып қалса, оны жөндеуге беруге болады. Ал сату деректерін мобильді қосымшадан жүктеп алуға болады.

Пайдалану оңай. Онлайн-кассалар тіпті техникалық машығы жоқ адамдар да оларды оңай меңгере алатындай етіп жасалған. Жұмыс істеу үшін қосымшаны планшетке не смартфонға орнатып, қадам-қадам берілген нұсқауларды орындау жеткілікті. Ал сұрақтарыңыз болса, қолдау қызметіне хабарласуға болады.

Қызмет көрсетуде үнемдеу. Онлайн-сервистердің көбі — тегін. Кәсіпкер тек фискалдық деректер операторы (ФДО) қызметінің ақысын төлейді, ал қосымшаны қолданғаны үшін ақша алынбайды. Бұл сатып алынатын, содан кейін үнемі жаңартылып отыратын касса аппаратымен салыстырғанда бизнес үшін тиімді нұсқа.

Клиенттерге ыңғайлы. Онлайн-кассалар түрлі төлем әдістерін қолдайды: карталар, мобильді және жанасусыз төлемдер. Бұл сатып алу процесін клиенттер үшін ыңғайлы және жылдам етеді, өйткені олар чекті бірден ала алады.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз

Онлайн-кассаны кім қолдануға тиіс?

ҚР Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, жеке тұлғалардан тауарлар мен қызметтер ақысына төлем қабылдайтын кәсіпкерлердің бәрінде онлайн-касса болуға тиіс. Бұл төлем түрлерінің бәріне — қолма-қол ақшалай, картадан немесе QR-код арқылы төлем қабылдауға қатысты. Бұл сервис мынадай бизнес санаттарына керек:
  • Бөлшек сауда дүкендері. Жеке тұлғаларға тауар сататындардың бәрі: азық-түлік дүкендері, киім бутиктері, электроника дүкендері және т.б.
  • Сервис компаниялары. Сұлулық салондары, автосервистер, такси.
  • Интернет-дүкендер. Интернет арқылы тауар және қызмет сататын сайттар.
  • Кафелер мен мейрамханалар. Қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз есеп айырысып жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану мекемелері.
Жеке кәсіпкерлер. Жеке практикамен айналысатын және жеке тұлғаларға тікелей қызмет көрсететіндердің бәрі.
Кімге онлайн-кассаның керегі жоқ. Төлемдерді бір есеп айырысу шотынан өзге шотқа аударатын жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге онлайн-кассаның керегі жоқ. Мысалы, компания кеңсе керек-жарақтарын көтерме жеткізушіден сатып алса және шотты қолма-қол ақшалай немесе картадан емес, банктік аударыммен төлеген жағдайда. Сондай-ақ, онлайн-кассаны интернеті жоқ кәсіпкерлер орнатпауына болады — мұндай тізімдер әдетте бөлек жарияланады.
ҚР МКК сайты, бақылау-касса машиналарын қолдану туралы бөлім
Онлайн-кассаны қажет етпейтін кәсіпкерлердің толық тізімі ҚР Салық кодексінің 110-бабында берілген

Онлайн-касса қандай бизнеске қолайлы?

Онлайн-касса көптеген бизнеске қажет. Кәсіпкер үшін бұл құралдың көптеген артықшылығы бар. Мысалы, ол үй жанындағы дүкен иесі болса, онлайн-кассаның арқасында сатып алушыларына жылдамырақ қызмет көрсете алады. Онлайн-кассаның шағын, орта және ірі бизнеске тағы қандай пайдасы тиетінін қарастырайық.

Шағын бизнес

Шағын кафе, дүкен және автосервис иелерінің көбі әдетте сауда есебін қолдан жүргізеді. Оның салдарынан қате болуы мүмкін, оның үстіне көп уақыт кетеді. Онлайн-касса әр сатылымды автоматты түрде тіркейді, сатылым және кіріс есебін жасайды, сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүйелерімен біріктіріледі. Мұндай функционалдық кіріс пен шығынды есепке алу қарапайым және қолжетімді болуға тиіс шағын бизнес үшін аса маңызды.

Орта бизнес

Мұндай компанияларда әдетте есеп көп болады. Ал сату көлемі артқанда, мейрамханалар мен дүкендер тауарларды есепке алуда қиналып қалуы мүмкін. Онлайн-касса басқа жүйелермен интеграцияланады және барлық нүктелердегі сатылымдарды бірден басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, дүкендер желісі кассаларының бәрін бір жүйеге біріктіре алады. Бұл бухгалтерия бөліміне қаржы туралы есеп беру үшін жылдам дерек алуға және оны салық органына жолдауға мүмкіндік береді.

Ірі бизнес

Ірі компаниялар үшін процестерді бизнесті дамытуға көмектесетін және қызметкерлердің уақытын алмайтындай етіп құру маңызды. Мысалы, онлайн-кассаның арқасында мейрамханалар желісі түрлі филиалдардағы деректерді бір сервиске біріктіре алады. Бұл сатылымды қадағалауға және деректерді салық органына уақытында жолдауға көмектеседі.

Онлайн-кассаны қалай таңдауға болады?

Кәсіпкер кафеде ноутбукпен жұмыс істеп отыр
Бизнес үшін кассаның ең қолайлы түрі — онлайн-сервис. Ол смартфонда жұмыс істейді, ал оған қосылу үшін кәсіпкерге дерек жолдау функциясы бар физикалық касса аппаратының қажеті жоқ. Осындай онлайн-кассаны таңдағанда неге назар аудару керегін қарастырайық.

Заңнама талаптарына сәйкестігі. Бұл айыппұл және салық органдарымен арада туатын проблемаларды болдырмау үшін қажет. Ең бастысы, онлайн-кассада фискалдық деректер операторымен (ФДО) интеграция болуы керек. Сондай-ақ, касса заңнамадағы өзгерістерге сәйкес автоматты түрде жаңартылып отыруы керек. Сонда бизнестің қаржы есебіне қатысты проблемалары болмайды.
re:Kassa автомат түрде фискалдық чектер жасап, оларды салық органдарына береді. Соның арқасында заңнама талаптары сақталады және жүйеде әлдебір деректер жазылмай қалды деп алаңдамауға болады.
Бағдарламалармен интеграция. Бұл функционалдық шағын бизнес үшін де, ірі бизнес үшін де өзекті. Ол сатылым, төлем және қайтарулар туралы деректерді автоматты түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Мысалы, касса бухгалтерлік есеп жүйесімен интеграцияланған болса, әр операция есеп бағдарламасында бірден көрсетіледі. Бұл бизнес-процестерді жеңілдетеді.
re:Kassa-да сату, қаржы және сатып алуды талдауға арналған 10-нан астам сервиспен интеграция бар. Олардың ішінде: Мой склад, 1С және Мой учет.kz. Компанияға қажет есепті табу үшін бірнеше бағдарлама арасында ауысудың қажеті жоқ. Бәрі бір кеңістікте қолжетімді болады.
Қолданудың әмбебаптығы. Онлайн-касса бизнестің кез келген саласына сәйкес болуы керек. Мысалы, шағын дүкен иесі болсаңыз, негізгі функционалдығы бар шешімдерді таңдаңыз. Ал үлкен клиенттер базасы бар сұлулық салондары желісін басқарып отырсаңыз, бір уақытта түрлі филиалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сервисті таңдаңыз.
re:Kassa бөлшек саудадан СПА-салондарға дейін кез келген бизнеске жарамды. Сервис қолма-қол ақшалай және сайтта онлайн төлем қабылдауға және есептілікті дереу салық органына тапсыруға мүмкіндік береді.
Қолдану оңай. Онлайн-кассаны қосуға көп уақыт кетпеуі керек. Әдетте, сервис бірнеше секундта жүктеледі және оны стационар құрылғыны қоспай-ақ бірден қолдануға болады. Сондай-ақ жүйедегі интерфейстің интуитивті болғаны және қызметкерлердің ұзақ оқып-үйренуін қажет етпеуі маңызды.
re:Kassa сервисін телефон мен планшетке тегін жүктеп алуға не веб-нұсқасын компьютерге көшіріп алуға болады. Тіркелуге бірнеше-ақ минут кетеді және баптау үшін қарапайым нұсқауларды орындау жеткілікті. re:Kassa жұмыс процесіне енгізу оңай — қызметкерлер оны бір күнде меңгеріп алады
Түрлі төлем тәсілдерінің мүмкіндігі. Бірнеше сервисті қоспау үшін негізгі төлем тәсілдерінің бәрін қолдайтын онлайн-кассаны таңдаған жөн. Клиенттерге жылдам чек шығарып беру үшін онлайн-касса POS-терминалды қосуды қолдауы керек. Мұндай функционалдық бизнеске бір қосымша арқылы төлем қабылдап, өзінің де, клиенттің де уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
re:Kassa-да банк карталарынан, мобильді қосымшалардан, NFC (мысалы, Apple Pay немесе Google Pay), сондай-ақ QR-код арқылы төлем қабылдау мүмкіндігі бар. Клиент ақы төлегеннен кейін чектің көшірмесін мессенджерге жолдауға болады.
Кеңейтілген функционал. Бұл сату есебін жылдам жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар бизнес-процестерді жақсартқысы келетін компанияларға керек. Мысалы, чек принтерлерімен синхрондау баға белгілері мен таңбаларды автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе үлкен ассортименті бар дүкендерге өзекті.
re:Kassa-да ауысымды автоматты түрде жабудан штрихкод сканеріне дейін түрлі функциялар бар. Мұндай мүмкіндіктер күнделікті тапсырмаларды орындау уақытын қысқартып, қателерді азайтады. Сондай-ақ сервис көмегімен кәсіпкер Instagram, Play Market немесе App Store-дағы пікірлер арқылы қызмет көрсету сапасын бағалай алады. Бұл клиенттердің бір нәрсеге көңілі толмаған жағдайда, оларға қызмет көрсетуді жақсартуға көмектеседі.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз