Қазақстан Республикасындағы көлік салығы: мөлшерлемелер, мерзімдер, айыппұлдар, калькулятор

Қазақстан Республикасындағы көлік салығы
Биыл көлігіңіз үшін қанша төлеу керек екенін білесіз бе? Бұл мақалада сізге автокөлік салығы қалай есептелетінін, Қазақстандағы көлік салығында не өзгергенін және бұл сіздің бюджетіңізге қалай әсер ететінін айтамыз.
Көлік салығы — көлік құралдары (тіркемелерден басқа) иелерінің бәріне міндетті төлем. Бұл тікелей меншігінде болмаса да көлік пайдаланатын жеке тұлғаларға да, ұйымдарға да қатысты. Ұйым не адам көлік құралын иеленбей-ақ басқара алады және пайда көре алады. Көлік құралы кімнің атына тіркелген болса, салықты сол төлейді.

Қандай көлік құралдарына салық төленеді

Қазақстанда көлік салығын төлеу ережелері Салық кодексінде, атап айтқанда — 365−369 баптарында айқындалған. Осы баптарға сәйкес, тіркемелерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуге тұруға тиіс көлік құралдарының бәріне салық салынады. Олардың тізімі:
  • жеңіл және жүк көлігі;
  • мотоцикл;
  • трактор;
  • автобус;
  • мотороллер;
  • мотошана;
  • қайық;
  • желкенді қайық;
  • ұшу аппараттары.
Алайда көлік салығын төлеуден босатылған бірқатар көлік құралдары да бар:
  • медициналық көліктер;
  • теңіз кемелері;
  • жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьер самосвалдары;
  • көлік салығының орнына мүлік салығы салынатын арнайы көліктер.

Көлік салығын кім төлейді және одан кім босатылады

Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын автокөлікті атына тіркеткен иесі төлейді.

ҚР Салық кодексінің 365-бабына сәйкес мына тұлғалар көлік салығын төлеуге міндетті:
1. ҚР аумағында тіркелген көлік құралдарына (автомобиль, мотоцикл және т.б.) иелік ететін жеке тұлғалар.
ЖК көлік салығын жеке тұлға ретінде төлейді.

2. Көлік құралдарына иелік ететін немесе оларды шаруашылық жүргізу құқығы (жалға алу не лизингті қоса алғанда) негізінде пайдаланатын заңды тұлғалар.
3. Меншігіне қарамастан көлік құралдарын басқаратын лизинг компаниялары мен ұйымдар.

Ұйымдар мен заңды тұлғалар ағымдағы жылға, ал жеке тұлғалар өткен жылға салық төлейді.
Маңызды: көлікті сенімхат бойынша немесе жалға беру меншік иесін салық төлеу міндетінен босатпайды.
Қазақстанда көлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалар:
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
  • Кеңес Одағының Батыры және Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар.
  • Көп балалы аналар, «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларының иелері, сондай-ақ «Батыр ана» атағына ие болғандар.
  • Мүгедектігі бар адамдар.
Маңызды: босату 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркелген, қозғалтқышының көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автокөлікті қоспағанда, бір көлік құралына қолданылады. Егер жеке тұлғаға бірнеше көлік құралы тіркелген болса, онда қалғандары үшін салық төлеуге тура келеді.
Сонымен қатар көлік салығын төлеуден босатылғандар:
  • Мемлекеттік мекемелер.
  • Ауыл шаруашылығы өндірістік ұйымдары — ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салықтан босатылған.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз

Қазақстанда көлік салығының сомасы қалай есептеледі?

Қазақстанда көлік салығының сомасы автомобиль қозғалтқышының көлеміне және көлік құралының түріне байланысты.

Қозғалтқышының көлемі 3000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін салық тек айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшеріне байланысты — 1-ден 9 АЕК-ке дейін.
2026 жылы 1 АЕК = 4325 теңге
Егер қозғалтқышының көлемі 3000-нан 4000 текше см-ге дейінгі автомобиль ҚР-ға 2014 жылға дейін әкелінген немесе Қазақстан аумағында шығарылған болса, көлік салығы 15 АЕК, ал қозғалтқышының көлемі 4000 текше см-ден асатын автомобильдер үшін 117 АЕК болады.

Бұл жағдайда әкелінген күн — ҚР аумағында алғаш тіркелген күн.

ҚР-да шығарылған немесе Қазақстанға 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін әкелінген, қозғалтқышы 3000 текше см-ден асатын автомобильдер үшін көлік салығы жоғарылатылған мөлшерлеме бойынша төленеді — 35-тен 200 АЕК-ке дейін.
Екі мысалды қарастырайық:
Серіктің көлемі 4 500 текше см Toyota Land Cruiser көлігі бар.

2025 жылы көлемі 4 000 текше см-ден асатын көліктердің салығы — 117 АЕК.

2025 жылы Серік төлеуге тиіс салық:
117 АЕК × 3 932 теңге = 460 044 теңге
Toyota Land Cruiser
Hyundai Sonata
Маликаның көлемі 2 000 текше см Hyundai Sonata көлігі бар.

Қозғалтқышының көлемі 2 000-нан 2 500 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін салық 6 АЕК болады.

2025 жылы Малика төлейтін салық:
6 АЕК × 3 932 теңге = 23 592 теңге.
Сомалар айырмасы неге сондай үлкен?

Салық айырмасы қозғалтқыштың көлемінен шығады: көлемі неғұрлым үлкен болса, салық соғұрлым жоғары болады.

Серіктікі — үлкен қозғалтқышы бар қуатты жол талғамайтын көлік, ол Маликаның үнемді жеңіл көлігіне қарағанда көбірек ресурс тұтынады және қоршаған ортаға көбірек әсер етеді. Сондықтан оның салығы әлдеқайда жоғары.

Автокөлігіңіз үшін АЕК мөлшерлемесін қайдан білуге болады

Тағы да Салық кодексіне, дәлірек айтсақ, «Салық мөлшерлемелері» деген 367-бапқа жүгінген жөн. Көлік салығы мөлшерін есептеу үшін:
  1. Көлік қозғалтқышының көлемін анықтаңыз.
  2. Қозғалтқыш көлемі мәндерінің аралығына қарай салық мөлшерлемесін № 1 кестеден табыңыз.
  3. Көлігіңізге сай мөлшерлемені ағымдағы АЕК көрсеткішіне көбейтіңіз. Мысалы, 2024 жылы 2 литрлік қозғалтқышы бар көлікке салынатын салық 22 152 теңге болады (6 АЕК x 3 692 теңге)
№Мың текше см.Мөлшерлеме
11,1-ге дейін1 АЕК
21,1-1,52 АЕК
31,5-23 АЕК
42-2,56 АЕК
52,5-39 АЕК
63-415 АЕК
74-тен жоғары117 АЕК
Салық салу мақсатында жеңіл автокөліктерге мыналар жатады:
  • В санатындағы (BE, B1 қоса алғанда) көлік құралдары;
  • Пикап автокөліктер;
  • Жол талғамайтын көліктер (джип, кроссовер және лимузин).
Салық сомасын есептегенде көлік құралы шығарылған орын мен шығарылған күні ескеріледі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 367-бабының 1-тармағына сәйкес, ел ішінде шығарылған немесе Қазақстанға 31.12.2013 жылдан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын автокөліктерге бөлек мөлшерлемелер қолданылады. Көліктің елге әкелінген күні ел аумағында бастапқы тіркеу күні болып есептеледі.
№Мың текше см.Мөлшерлеме
13-3,235 АЕК
23,2-3,546 АЕК
33,5-466 АЕК
44-5130 АЕК
55-тен жоғары200 АЕК
Басқа санаттағы автомобильдер мен көлік құралдарына салынатын салық мөлшерлемелерін ҚР Салық кодексінің толық тізбесінен қараңыз.

Қазақстанда көлік салығын қашан төлеу керек

Қазақстанда көлік салығын қашан төлеу керек
Қазақстанда көлік салығын жыл сайын төлеу керек. Әдетте, салық 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі толық кезеңге төленеді.
  • Жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер, алдыңғы жылдың салығын 1 сәуірге дейін төлеуге тиіс. ЖК-ның есептілік тапсыруы талап етілмейді.
  • Заңды тұлғалар төлемді 5 шілдеге дейін төлейді. Егер көлік құралы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кейін сатып алынса, төлем салық декларациясын тапсыру мерзімінен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде төленуге тиіс. Декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылуы керек.
Дегенмен, кейбір ерекшеліктер бар:
  • Егер көлікті тіркеу немесе қайта тіркеу қажет болса, бұл әрекеттерді жасардан бұрын салық төлеу керек.
  • Егер көлік сатып алынғанға дейін Қазақстанда тіркелмеген болса, салық сатып алынған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі және сол жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
ЖШС салықты ағымдағы жылдың 5 шілдесіне дейін төлейді. Декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылуы керек. Егер көлік жылдың екінші жартысында сатып алынған болса, ағымдағы жылы салық төлеудің қажеті жоқ; ол декларация тапсырылғаннан кейін, яғни келесі жылдың 10 сәуіріне дейін төленеді.

Қазақстанда көлік салығын кім есептейді

Салық сомасын өз бетімен тек заңды тұлғалар есептейді.

Жеке тұлғалар үшін салықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті есептейді. Кәдімгі автокөлік иелері есептелген салық сомасын пошта арқылы хабарлама түрінде, электрондық қызметтердің жеке кабинетінде не коммуналдық төлемдер түбіртектері арқылы алады.

Салық әр көлік құралына жеке есептеледі. Егер автокөлік бір жыл ішінде сатылған болса, онда салық сатылған айдың бірінші күніне дейінгі иелік ету мерзіміне пропорционал түрде есептеледі. Егер автокөлік бір жыл ішінде сатып алынса, салық сатып алынған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі.

Көлік салығы дұрыс есептелмесе не істеу керек

2023 және 2024 жылдары көлік иелерінің көбіне түбіртектерде және банк қосымшаларында көлік құралы туралы қате мәліметтер келген — бірде қозғалтқыштың көлемі дұрыс көрсетілмеген, бірде көлік құралының санаты қате жазылған.

Есептелген салық сомасын екі рет тексеріңіз, әсіресе бір емес, бірнеше көлігіңіз болса және олардың қозғалтқышының көлемі әр түрлі болған жағдайда.
Егер сома артық шықса, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына бару керек. Қарызыңызды төлемесеңіз және уақытылы қайта есептетпесеңіз, өсімпұл жүреді де, қарыз жинала береді.

Көлік салығын онлайн-калькуляторда қалай есептеуге болады.

Салық сомасын тексеруге арналған түрлі салық калькуляторлары бар, мысалы:
  • kgd.gov.kz веб-порталының «Электрондық сервистер», «Калькулятор» бөлімінде;
  • Kolesa.kz сайтының арнайы бөлімінде;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында.

Көлік салығы калькуляторына қандай деректер қажет:

Көлік салығын есептеу

Көліктің басқа түрлеріне арналған қосымша параметрлер:


Деректерді енгізгеннен кейін «Есептеу» түймесін басыңыз, жүйе салық сомасын автоматты түрде анықтайды. Қажет болса, форманы басып шығарып, оны автокөліктің құжаттарымен бірге салық органына апаруға болады.

Көлік салығы бойынша берешекті қайдан білуге болады

Есептелген салық сомасы туралы мына жерлерден білуге болады:

  • kgd.gov.kz сайтындағы салық төлеушінің жеке кабинетінде не порталдың бас бетіндегі «Салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисі арқылы.
  • egov.kz порталындағы жеке кабинетте.
  • biznesinfo.kz сайтының «Халыққа және бизнеске арналған онлайн қызметтер» бөлімінде.
  • Банк қосымшаларының «Мемлекеттік қызметтер» → «Салықтар» бөлімінде.

Көлік салығын қалай төлеуге болады

Бұл — жергілікті салық, сондықтан оны автокөлік тіркелген жердің бюджетіне төлеу қажет. Төлеу тәсілдері көп — қазір Қазақстанда салықты бірнеше рет басу арқылы төлеуге бар жағдай жасалған:

  • egov.kz порталының «Салықтар және қаржы» бөлімінде банк картасы арқылы.
  • ҚР банктерінің мобильді қосымшалары арқылы.
  • Банк бөлімшелерінің кассасында.
  • «Қазпошта» бөлімшелері арқылы.
  • «Қазпошта» post.kz сайтында «Төлемдер» → «Салық төлемдерін төлеу» → «Салықтар» бөлімі арқылы.
Мысалы, Kaspi банкінің қосымшасы арқылы төлеу үшін «Төлемдер» → «Барлығы» → «Айыппұлдар және бюджетке төлемдер» → «Салықтар» → «Көлік, жер және мүлік салығы» бөлімін таңдау қажет.

Содан кейін ЖСН енгізіңіз, сонда сервис ағымдағы кезеңдегі салық есептеулерінің сомасы туралы ақпаратты көрсетеді. Төлемді байланыстырылған Kaspi Gold картасынан жасауға болады.

Автокөлік иелеріне салықты мерзімінде төлемегені, дұрыс немесе толық төлемегені үшін не болады

Көлік құралының иелері салықты уақытында төлемегені үшін айыппұл салынбайды, бірақ қарыз сомасына «тамшылап» өсімпұл қосыла береді. Оның мөлшерін kgd.gov.kz сайтының «Электрондық сервистер» → «Калькулятор» бөлімінен біле аласыз.

Елестетіп көріңізші, жоғарыдағы мысалдағы Серік өзінің Land Cruiser көлігінің салығын 1 сәуірге дейін де, одан кейін де төлемеген.

Қыркүйек айында оның көлігі үшін өсімпұл 37 933,69 теңге болады, ал салық органы берешекті өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жүгінеді. Сонымен қатар Серіктің банк шоттары бұғатталып, жаңасын ашуға рұқсат етілмейді, оның шетелге шығуына шектеу қойылады, сондай-ақ ол салықты төлемейінше көлігін техникалық байқаудан өткізе алмайды, тіркете де, қайта тіркете де алмайды.

Айтпақшы, сол мысалдағы Маликаның өсімпұл сомасы 1945,32 теңге болады, бірақ оған да дәл сондай санкциялар қолданылады
Өсімпұлды есептеу

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Мына тізімнен жауабын іздеп көріңіз

Қазақстанда автокөлік салығы қанша тұрады?
Қазақстанда көлік құралына иелік еткені үшін салынатын салық түрлі факторларға, мысалы, автомобильдің маркасы мен моделіне, оның қуатына, жасына және т. б. байланысты болуы мүмкін. Нақты мөлшерлемелер мен ережелерді Салық кодексінің 13-бөлімі, 365–369-баптар реттейді.
Қазақстанда көлік салығы қалай төленеді?
Салықты онлайн да, банк бөлімшелері не «Қазпошта» арқылы да төлеуге болады. Салық төлеудің алуан түрлі нұсқаларына мыналар жатады: e-Salyq мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны», egov.kz мемлекеттік электрондық порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеу.
Қазақстанда 2 литрлік автокөлікке салынатын салық сомасын қалай есептеуге болады?
Салық калькуляторларының бірін пайдаланыңыз, мысалы:

  • kgd.gov.kz веб-порталының «Электрондық сервистер», «Калькулятор» бөлімінде;
  • Kolesa.kz сайтының арнайы бөлімінде;
  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз