ЖК-ға арналған салық салу режимдері. Шығынға батпау үшін қайсысын таңдау керек

Кәсіпкерлік қызметтің басында қиындықтар мен мәселелер жетіп артылады. Сондықтан есеп қарапайым, ал салықтар ең аз болуы үшін салық режимін дұрыс таңдау маңызды. Біз салық режимдеріне егжей-тегжейлі шолу дайындап, оларды салыстыру мен таңдау ыңғайлы болуы үшін бір кестеге жинадық.
Қазақстанда ЖК үшін қандай салық режимдері бар
Жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі (ЖБР) және арнаулы салық режимі (АСР) бар.
Жалпыға бірдей белгіленген режим барлығына сәйкес келеді, оның шектеулері аз, бірақ ол икемділігі төмен және табысы шағын бастаушы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болуы мүмкін. АСР барлығына бірдей сәйкес келмейді, бірақ қызметіңіз рұқсат етілгендер тізімінде болса, арнаулы режимдер бірнешеу болғандықтан, міндеттеріңіз бен табыс деңгейіңізге қарай оңтайлы нұсқаны таңдауға болады.
Есептеулерде АЕК — айлық есептік көрсеткіш термині қолданылады. 2025 жылы АЕК 3 932 теңгеге тең. Кез келген жылғы АЕК мен басқа да есептік көрсеткіштердің мәнін мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасынан көруге болады.

ЖК-ға арналған салық салу режимдері туралы толығырақ
Өзіңізге ең тиімді нұсқаны оңай таңдай алуыңыз үшін әр режимді егжей-тегжейлі қарастырайық. Арнаулы режимдерден бастаймыз, өйткені олар қарапайым әрі тиімдірек. Олар бірнешеу:
- Патент негізіндегі АСР,
- Мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР,
- Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР,
- Тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР,
- Бөлшек салық АСР-і.
АСР-де айналысуға тыйым салынған қызмет түрлері:
- акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және көтерме сату;
- бензин, дизель отыны және мазут сату;
- лотереялар өткізу;
- жер қойнауын пайдалану (өндіруші кәсіпшілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);
- түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату;
- консультациялық және маркетингтік қызметтер;
- бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызмет;
- қаржылық, сақтандыру қызметі және сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің делдалдық қызметі;
- құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызмет;
- сауда базарын жалға беру және пайдалану;
- I кіші түрдегі цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызмет;
- сауда қызметін реттеу туралы ҚР заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағында орналасқан сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру;
- екі және одан да көп салық төлеушінің бір қонақүйдің немесе мұндай қызметтер көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақүй қызметтерін көрсету саласындағы қызметі;
- қаржылық лизинг шеңберіндегі қызмет,
- агенттік шарттар бойынша жұмыс,
- коммерциялық емес ұйымдардың жұмысы;
- ойын бизнесіне салынатын салықты төлеушілер.
АСР қолдануға тағы бірнеше шектеу бар. Арнаулы режимдерді қолдануға құқығы жоқтар:
- филиалдары бар заңды тұлғалар және олардың филиалдары, оның ішінде басқа қаладағы;
- басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде АСР қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар.
Патент негізіндегі АСР
Кімге арналған — рұқсат етілгендер тізіміндегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыратын, жұмыскер жалдамайтын, табысы 3 528 АЕК-тен аспайтын, сондай-ақ қызметті жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын ЖК үшін.
Патент негізіндегі АСР үшін қызмет түрлері:
- сылақ жұмыстары;
- столярлық және ағаш шеберлігі жұмыстары;
- еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
- сырлау және әйнек салу жұмыстары;
- такси қызметі;
- автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
- сыйақы үшін немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару;
- фотография саласындағы қызмет;
- аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
- мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- ойын-сауық және спорт мүкәммалын прокатқа және мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
- жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарлардың басқа да түрлерін прокатқа және мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- кеңсе машиналары мен жабдықтарын, соның ішінде есептеу техникасын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыру мамандарын даярлау саласындағы қызметтер;
- мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
- басқа да білім беру саласындағы қызметтер;
- қосалқы білім беру қызметтері;
- өнер саласындағы қызмет;
- компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
- коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;
- жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
- шаштараз қызметтері;
- маникюр және педикюр;
- ветеринариялық қызметтер;
- жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер;
- тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметтер;
- базарлар мен вокзалдардағы жүк тасушылардың қызметтері;
- музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
- үй жануарларын жаю.
Бұл салық режимін көбінесе қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер және мүлкін жалға беретіндер таңдайды.
Тарифтер мен мөлшерлемелер — табыстың 1%-ы
Табыс бойынша шектеулер — жылына 3 528 АЕК
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — жұмыскер жалдауға болмайды
Ерекшеліктері — патент 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Егер осы қызметпен әрі қарай айналысқыңыз келсе, патентті қолданыстағы патенттің мерзімі біткенге дейін ұзарту қажет.
Салық пен әлеуметтік төлемдер патентті ресімдеген кезде бірден табыс ретінде көрсеткен сомаңыздан төленеді. Патент құнының осы есеп-қисабы салық есептілігі болып табылады.
Бастапқы құжаттарды жасау мен сақтаудан басқа, толыққанды бухгалтерлік есеп жүргізудің қажеті жоқ. Оларға қорларды жағына босатуға арналған жүкқұжаттар, кіріс және шығыс ордерлері, сенімхаттар, орындалған жұмыстар актілері және т.б. жатады. Бастапқы құжаттардың барлық нысандары ҚР Қаржы министрлігінің № 562 бұйрығымен бекітілген.
re:Kassa — мәңгі тегін онлайн-касса
re:Kassa-да тіркелгеннен кейін бірден касса аппаратын сатып алмай-ақ төлем қабылдап, чек беріңіз
Мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР
Кімге арналған — рұқсат етілгендер тізіміндегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыратын, жұмыскер жалдамайтын, табысы 3 528 АЕК-тен аспайтын, қызметті жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын және саудамен айналыспайтын ЖК үшін.
Бұл АСР үшін рұқсат етілген қызмет түрлері патенттегі АСР-дегімен бірдей.
Патент негізіндегі немесе мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР-де шектеулер көбірек — оларды рұқсат етілгендер тізіміндегі бір немесе бірнеше қызмет түрімен айналысқан жағдайда ғана қолдануға болады.

Мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР үшін қызмет түрлері:
- сылақ жұмыстары;
- столярлық және ағаш шеберлігі жұмыстары;
- еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
- сырлау және әйнек салу жұмыстары;
- такси қызметі;
- автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
- сыйақы үшін немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару;
- фотография саласындағы қызмет;
- аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
- мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- ойын-сауық және спорт мүкәммалын прокатқа және мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
- жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарлардың басқа да түрлерін прокатқа және мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- кеңсе машиналары мен жабдықтарын, соның ішінде есептеу техникасын мүліктік жалға (жалдауға) беру;
- спорттық білім беру және бос уақытты ұйымдастыру мамандарын даярлау саласындағы қызметтер;
- мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
- басқа да білім беру саласындағы қызметтер;
- қосалқы білім беру қызметтері;
- өнер саласындағы қызмет;
- компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу;
- коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;
- жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;
- шаштараз қызметтері;
- маникюр және педикюр;
- ветеринариялық қызметтер;
- жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер;
- тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметтер;
- базарлар мен вокзалдардағы жүк тасушылардың қызметтері;
- музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
- үй жануарларын жаю.
Тарифтер мен мөлшерлемелер — табыстың 1%-ы
Табыс бойынша шектеулер — жылына 3 528 АЕК
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — жұмыскер жалдауға болмайды
Ерекшеліктері — салық пен әлеуметтік төлемдердің сомалары мобильді қосымшада шығарылған чектер негізінде автоматты түрде есептеледі, ал оларды есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін төлеу керек.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР
Кімге арналған — жұмыскерлері 30 адамнан аспайтын, ал табысы 24 038 АЕК-тен аспайтын жағдайда, тыйым салынған қызмет түрлерімен айналыспайтын ЖК үшін.
Бұл салық салу жүйесін көбінесе қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану салаларында жұмыс істейтін және саудамен айналысатын кәсіпкерлер пайдаланады.
Тарифтер мен мөлшерлемелер — табыстың 3%-ы (шығыстарды есепке алмағанда). Сондай-ақ кәсіпкер өзі үшін және қызметкерлері үшін міндетті әлеуметтік төлемдерді төлейді.
ТИС қолданбай табыс бойынша шектеулер — жарты жылға 24 038 АЕК.
ТИС қолданғанда жарты жылдық айналым лимиті — 94 086 АЕК-ке дейін (24 038 АЕК + ТИС арқылы алынған 70 048 АЕК).

ТИС — үш компонентті интеграцияланған жүйе, оған POS-терминал, онлайн-касса, сондай-ақ тауар есебі (ERP) кіреді.
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — орташа тізімдік саны 30 адамнан аспайды
Ерекшеліктері — салық есептілігі жарты жылда 1 рет тапсырылады. Кәсіпкердің қызмет көрсеткені немесе тауар сатқаны үшін алған барлық түсімдері табыс болып саналады. ЖК бастапқы құжаттарды жасау мен сақтаудан басқа, толыққанды бухгалтерлік есеп жүргізе алады, бірақ міндетті емес. Оларға қорларды жағына босатуға арналған жүкқұжаттар, кіріс және шығыс ордерлері, сенімхаттар, орындалған жұмыстар актілері және т.б. жатады. Бастапқы құжаттардың барлық нысандары ҚР Қаржы министрлігінің № 562 бұйрығымен бекітілген.

Тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР
Кімге арналған — оңайлатылған декларация немесе патент режимін қолдануға құқығы жоқ, бірақ тыйым салынған қызмет түрлерімен айналыспайтын, жұмыскерлері 50 адамнан аспайтын, ал табысы 144 184 АЕК-тен аспайтын ЖК үшін.
Тарифтер мен мөлшерлемелер — құжатпен расталған шегерімдер (шығыстар) мен түзетулерді (мысалы, тауарды қайтару, мәміле талаптарын өзгерту, бағаны өзгерту және т. б. кезінде) шегергендегі табыстың 10%-ы.
Сондай-ақ түзетулер ескеріле отырып айқындалған табыс сомасының 30%-ынан аспауға тиіс қосымша шегерім алу мүмкіндігі бар. Шегерімдерге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы, тіркелген шегерімді қоса алғанда, түзетулер ескерілген табыс сомасының 70%-ынан аспауға тиіс.
Сондай-ақ кәсіпкер өзі үшін және қызметкерлері үшін міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеуге тиіс.
Табыс бойынша шектеулер — жылына 144 184 АЕК.
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайды.
Ерекшеліктері — салық салынатын табыс Қазақстанның салық кодексінде көзделген түзетулер мен шегерімдер ескеріле отырып айқындалады.

Бөлшек салық АСР-і
Кімге арналған — пандемиядан барынша зардап шеккен салаларда жұмыс істейтін ЖК үшін. Бұл режим 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 жыл мерзімге енгізілгенімен, ол қазір де, оның үстіне мерзімсіз қолданылады.
ЖК рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысуы керек. 2024 жылғы 22 қаңтардан бастап бұл режим үшін олардың саны — 364. Рұқсат етілген ЭҚЖЖ кодтарының тізімін мына жерден көруге болады.
Егер бір немесе бірнеше ЭҚЖЖ коды рұқсат етілгендердің қатарына кірмесе, бұл режимді пайдалануға болмайды.
Тарифтер мен мөлшерлемелер:
Табыс бойынша шектеулер — жылына 600 000 АЕК-ке дейін
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды
Ерекшеліктері — салық жұмыскерлердің жалақысын шегергендегі айналымнан есептеледі. ЖК айналымның көлеміне қарамастан әлеуметтік салық пен ҚҚС төлемейді.

- жеке тұлғаларға, шегерімдерді пайдаланбайтын ЖК мен ЖШС-ке сатқан кезде табыстың 4%-ы,
- ЖБР-дегі, шегерімдерді қолданатын ЖК мен ЖШС-ке сатқан кезде табыстың 8%-ы.
Табыс бойынша шектеулер — жылына 600 000 АЕК-ке дейін
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды
Ерекшеліктері — салық жұмыскерлердің жалақысын шегергендегі айналымнан есептеледі. ЖК айналымның көлеміне қарамастан әлеуметтік салық пен ҚҚС төлемейді.
Жалпыға бірдей белгіленген режим
Кімге арналған — қызмет түрлері, табысы немесе қызметкерлер саны бойынша АСР талаптарына сәйкес келмейтін ЖК.
Сауда мен өндіріске, әсіресе үстеме бағасы шағын болса, көбірек сәйкес келеді.
Тарифтер мен мөлшерлемелер — жылдық таза табыстың 10%-ы, ЖТС бойынша декларацияны тапсырғаннан кейін жылына бір рет 10 сәуірге дейін төленеді. Сондай-ақ кәсіпкер өзі үшін және қызметкерлері үшін (егер олар болса) міндетті әлеуметтік төлемдерді төлеуге тиіс.
Табыс бойынша шектеулер — жоқ
Жалдамалы жұмыскерлер бойынша шектеулер — жоқ
Басқа шектеулер (мысалы, қызмет түрлеріне) — жоқ
Ерекшеліктері — толыққанды салық есебін жүргізіп, барлық шығыстар бойынша есеп беру және оларды құжатпен растау қажет (чектер, шот-фактуралар және т.б.)

ЖК-ға арналған ҚР салық режимдері бойынша жиынтық кесте
Қолайлы режимді таңдау оңайырақ болуы үшін барлық ақпаратты бір кестеге жинадық.
| Салық режимі | Жылдық ең жоғары табыс | Қызметкерлердің ең көп саны | Пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі | Рұқсат етілген қызмет түрлері | Ерекшеліктері |
|---|---|---|---|---|---|
| Патент | 3 528 АЕК | қызметкерлерсіз | 1% | 32 түрі | Патент 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі |
| Мобильді қосымшаны пайдалану | 3 528 АЕК | қызметкерлерсіз | 1% | 32 түрі | Салық пен әлеуметтік төлемдердің сомалары мобильді қосымшада автоматты түрде есептеледі |
| Оңайлатылған декларация | ТИС-сіз 24 038 х 2 АЕК, ТИС-пен 94 086 х 2 АЕК | 30 адам | табыстың 3%-ы (шығыстарды есепке алмағанда) | Тыйым салынған қызмет түрлерін қоспағанда | ЖК-ның барлық түсімдері табыс болып саналады, толыққанды бухгалтерлік есеп қажет емес |
| Тіркелген шегерімді пайдалану | 144 184 АЕК | 50 адам | шегерімдер (шығыстар) мен түзетулерді шегергендегі табыстың 10%-ы | Тыйым салынған қызмет түрлерін қоспағанда | Түзетулер ескеріле отырып айқындалған табыс сомасының 30%-ынан аспауға тиіс қосымша шегерім алу мүмкіндігі бар |
| Бөлшек салық | 600 000 АЕК | 200 адам | табыстың 4%-ы (жеке тұлғаларға сатқанда) және табыстың 8%-ы (заңды тұлғаларға сатқанда) | 364 түрі | ЖК айналымның көлеміне қарамастан әлеуметтік салық пен ҚҚС төлемейді |
| Жалпыға бірдей белгіленген режим | шектелмеген | шектелмеген | таза табыстың 10%-ы | барлығы | толыққанды салық есебін жүргізіп, барлық шығыстар бойынша есеп беру және оларды құжатпен растау қажет (чектер, шот-фактуралар және т.б.) |
Жиі қойылатын сұрақтар
ЖК үшін қандай салық салу жүйелері бар?
Жалпыға бірдей белгіленген режим, патент негізіндегі АСР, мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР, оңайлатылған декларация негізіндегі АСР, тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР, бөлшек салық АСР-і.
ЖК-ның салық салу түрін қалай білуге болады?
Салық салу түрін elicense.kz порталындағы жеке кабинеттен білуге болады.
ЖК үшін қандай қызмет түрін таңдау керек?
Егер ЭҚЖЖ кодтарыңыздың тым болмаса біреуі рұқсат етілгендер тізіміне кірмесе, оңайлатылған режимді пайдалануға болмайды.
Бөлшек салық АСР-і үшін рұқсат етілген ЭҚЖЖ кодтары мына жерде.
Патент негізіндегі, мобильді қосымшаны пайдаланатын, оңайлатылған декларация негізіндегі, тіркелген шегерімді пайдаланатын АСР үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі мақаланың басында келтірілген.