2025 жылы Қазақстанда жалақыны есептеу: шағын бизнеске не маңызды

Кәсіпкерлер мен шағын бизнес иелері үшін жалақы — жай ғана шығыс жолы емес, мемлекет пен қызметкерлер алдындағы жауапкершіліктің бір бөлігі. Қызметкерлердің жалақысын заңнаманы сақтай отырып, қалай дұрыс есептеу керектігін талдаймыз.
2024 жылы Қазақстанда жалақыны есептеу
Қазақстанда жалақыны есептеу зейнетақы және әлеуметтік қорларға міндетті аударымдарды, сондай-ақ салықтық шегерімдерді қамтиды. 2025 жылы жалақы есептеу кезінде ескеру керек жайттарды қарастырайық.

Қазақстанда жалақыны есептеуге арналған негізгі ұғымдар

Кәсіпкерлер мен бухгалтерлерге жалақыны дұрыс есептеуге бірнеше негізгі көрсеткіш көмектеседі.
  1. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — жыл сайын қайта қаралатын қаржылық коэффициент. Ол көптеген салықтарды, мемлекеттік баждарды, жәрдемақылар мен айыппұлдарды есептеуде қолданылады. АЕК Қазақстанның мемлекеттік бюджетінде бекітілетін деңгейде белгіленеді және жыл басында жаңартылады.
  2. Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — жұмыс беруші белгіленген жұмыс нормасын орындағаны үшін төлеуге міндетті еңбекақының ең төменгі мөлшері. ЕТЖ тұрақты қызметкерлерге де, уақытша жұмыскерлерге де міндетті түрде қолданылады.
2025 жылы АЕК 3932 теңге, ал қызметкерлерге арналған ең төменгі жалақы (ЕТЖ) — 85 000 теңге.
3. Мемлекеттік қорларға аударымдар үшін шекті табыс — міндетті жарналар алынатын, мемлекет белгілеген табыстың ең жоғары мөлшері. Мысалы, қызметкердің табысы белгілі бір сомадан асса, аударымдар тек осы шекті сомаға есептеледі.

Бұл базалық көрсеткіштер жалақыдан алынатын барлық салықтар мен жарналарды есептеудің негізі болып табылады. Енді есепке қандай міндетті төлемдерді қосу керектігін қарастырайық.

Қазақстандағы қызметкерлерге қатысты міндетті салықтар мен аударымдар

Қазақстанда заңнама жұмыс берушілерді қызметкерлердің жалақысынан бірнеше негізгі аударым жасауға міндеттейді. Ыңғайлы болу үшін оларды кестеде келтірейік:
Аударым түріМөлшерлемеЕскертпелер
Жеке табыс салығы (ЖТС)МЗЖ мен МӘМС жарналарын шегергендегі 10%Қызметкердің табысынан ұсталады, салық салынатын база — зейнетақы және әлеуметтік жарналар шегерілгеннен кейінгі табыс
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ)10%Табыстан аударылады

ең көбі — 425000 ₸

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары)2%Жалпы табыстан аударылады

17000 ₸-ге дейін

Медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС аударымдары)3%3% Жалақыдан аударылады

ең көбі — 25500 ₸

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ)2,5% (жыл сайын 5%-ға дейін ұлғаяды)1975 жылдан кейін туған қызметкерлерге қолданылады

2125 ₸-ден 106250 ₸-ге дейін

Әлеуметтік аударымдар (ӘА)5%МЗЖ шегерілген табыстан аударылады

4250 ₸-ден 29750 ₸-ге дейін

Әлеуметтік салық (ӘС)ЖК үшін: 1 АЕК - ӘА

ЖШС үшін: (жалақы - МЗЖ - МӘМС жарналары) * 11% - ӘА

ЖБТ-дағы ЖК мен заңды тұлғалар қызметкерлері үшін аударады

ЖШС үшін (жалақы - МЗЖ - МӘМС жарналары) сомасы 14 АЕК-тен кем емес

Бұл аударымдар қызметкерлерді ауырған, қартайған немесе уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда қорғайды.
ҚР Салық кодексіне сәйкес оңайлатылған режимдегі ЖК мен ЖШС қызметкерлер үшін жарналар мен салықтарды бірыңғай төлеммен төлей алады. Бұл қызметкердің жалақысы 25 АЕК-тен жоғары болса тиімді.

2025 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі — жалақының 23,8%-ы, 2026 жылы — 24,8%.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз

Қазақстанда жалақыны салықтар мен аударымдарды ескере отырып қалай есептеуге болады

Қазақстанда жалақыны салықтар мен аударымдарды ескере отырып қалай есептеуге болады
Міндетті шегерімдер ескерілген жалақы есебінің мысалы олардың қызметкер алатын қорытынды сомаға қалай әсер ететінін көрнекі түрде түсінуге көмектеседі.
Қызметкердің жалақысы 350 000 теңге делік.
  1. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ): 350 000 теңгенің 10%-ы = 35 000 теңге. Бұл қаражат қызметкердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне түседі.
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары): 350 000 теңгенің 2%-ы = 7 000 теңге. Қаражат медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындарды жабу үшін медициналық сақтандыру қорына аударылады.
  3. Жеке табыс салығы (ЖТС): МЗЖ, МӘМС жарналары және 14 АЕК-ке тең стандартты шегерім сомасына азайтылған табыстан есептеледі. Осы мысалда АЕК 3 932 теңге болғанда стандартты шегерім 14×3 932 = 55 048 теңгеге тең делік.
Міндетті жарналар шегерілгеннен кейінгі салық салынатын база 252 952 теңге болды. ЖТС — 252 952-нің 10%-ы = 25 295.2 теңге.

Қызметкерге төленетін қорытынды сома:
350 000 − 35 000 (МЗЖ) − 7 000 (МӘМС жарналары) − 25 295.2 (ЖТС) = 282 704.8 теңге

Бұл сома қызметкердің банк шотына аударылады.
Бұдан бөлек жұмыс беруші төлейді:
  • Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары — 2,5%. Бұл төлемдер 2024 жылдан бастап енгізілген және 5%-ға жеткенге дейін жыл сайын ұлғая береді. 2026 жылы ЖМЗЖ 3,5% болады.
  • Міндетті әлеуметтік аударымдар — есептелген соманың 5%-ы.
  • Жұмыс беруші ЖБТ-дағы ЖК немесе заңды тұлға болса, әлеуметтік салық.
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар — жалақының 3%-ы.
Бұл аударымдар қызметкердің қолына алатын сомасына әсер етпейді, бірақ компанияның жалпы шығындарын арттырады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ): шығындарды қалай азайтуға болады

2024 жылдан бастап қазақстандық жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. 2028 жылға қарай мөлшерлеме 5%-ға жетеді. Бұл шара болашақта қызметкерлердің қаржылық қорғалуын арттыруға бағытталған.

Шағын бизнес үшін бұл өзгеріс қаржылық жоспарларды қайта қарауды талап етеді, өйткені қосымша зейнетақы жарналары еңбекақы қорының ұлғаюына әкеледі. Кейбір кәсіпкерлер шығындарды қайта қарап, бюджеттің басқа баптарын оңтайландырып, бұл ережені енгізіп те қойды.

Өзгеріс енгізбес бұрын заңнаманы бұзбай шығынды азайту үшін Салық және Әлеуметтік кодекстерді зерделеу маңызды. ЖМЗЖ-ны ескере отырып шығындарды оңтайландыруға көмектесетін бірнеше тәсіл:

1. Аутсорсинг және қосалқы мердігерлік қызметтер
Кейбір жұмыс функцияларын мердігерлер мен фрилансерлерге беру әлеуметтік және зейнетақы аударымдарына жұмсалатын шығынды азайтады, өйткені бұл мамандар штатта тұрмайды. Мысалы, бухгалтерияны, IT-қолдауды және маркетингті аутсорсингке беруге болады. Бұл тәсіл функциялардың бір бөлігін сырттан тартылған мамандар атқара алатын шағын бизнеске жарайды.

2. Сыйақы жүйесін қайта қарау
Сыйлықақыларды оңтайландыру (олар туралы төменде бөлек айтамыз) — еңбекақы қорын (ЕАҚ) қысқартудың тиімді тәсілі. Мысалы, өнімділікке немесе қаржылық нәтижелерге байланған икемді бонус жүйесіне көшуге болады. Бұл тұрақты төлемдерді азайтып қана қоймай, қызметкерлердің нәтижелі жұмысқа деген уәжін де арттырады.

3. Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану
Икемді кестелер мен жобалық жұмыс та ЕАҚ шығындарын азайтуға көмектеседі. Мысалы, қызметкерлерді толық емес жұмыс күніне немесе икемді кестеге ауыстыру жұмыс сағаттарын нақты атқарылуына қарай төлеуге мүмкіндік береді.

4. Процестерді автоматтандыру және цифрландыру
Күнделікті тапсырмаларды автоматтандыратын цифрлық шешімдерді енгізу әкімшілік персонал санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл ЕАҚ мөлшеріне және, тиісінше, ЖМЗЖ-ға әсер етеді. Мысалы, бухгалтерлік есепті, персоналды басқаруды және құжаттарды өңдеуді автоматтандыру жүйелері қосымша штатқа деген қажеттілікті төмендетіп, ЕАҚ-қа түсетін жүктемені азайтады.

5. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Негізгі қызметкерлерді тұрақты оқыту және қайта даярлау қосымша мамандарды жалдау қажеттілігінен арылтады. Бірнеше функцияны атқаратын қызметкерлер жаңа кадрларға деген қажеттілікті, демек, жұмыс берушінің есебінен төленетін зейнетақы жарналарының мөлшерін де азайтады.

6. Компания құрылымын қайта қарау
Компания құрылымын қайта ұйымдастыру, кейбір функцияларды біріктіру және тиімдірек жұмыс процестерін құру да шығындарды қысқартуға көмектеседі. Мысалы, шағын бизнесте кадр бөлімі мен бухгалтерияның міндеттерін біріктіруге болады, бұл қосымша штат бірліктері мен тиісті аударымдарға жұмсалатын шығынды азайтады.

Қосымша төлемдер мен ұстап қалуларды есепке алу

Стандартты салықтардан бөлек, жұмыс берушілер есептеулерде пайдалана алатын қосымша төлемдер мен ұстап қалулар бар. Мысалы, қызметкерге сыйлықақы немесе бонус тиесілі болса, оларға негізгі жалақыға салынатын салықтар мен жарналар салынады.

  1. Сыйлықақылар мен бонустар. Сыйлықақылар немесе біржолғы төлемдер негізгі табысқа қосылады және оларға негізгі табыс сияқты аударымдар жасалады. Мысалы, негізгі айлықақы 350 000 теңге (жоғарыдағы мысалда талдағанымыздай), ал сыйлықақы — 50 000 теңге болса, салықтар мен жарналар шегерілгенге дейінгі жалпы сома 400 000 теңге болады. Барлық есептік көрсеткіштер осы қорытынды сомадан есептеледі.
  2. Өтемақылар мен жәрдемақылар. Мысалы, еңбекке жарамсыздық парақтарын немесе демалыс ақысын төлеу, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы арнайы формула бойынша есептеледі және оларға да салық салынады. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша өтемақыларды мемлекет ішінара жабуы мүмкін.
Салықтық тексеру кезінде қателер болмауы және айыппұл санкцияларына ұшырамау үшін бұл төлемдерді дұрыс есепке алу қажет.
Қосымша төлемдер мен ұстап қалуларды есепке алу

Қазақстанда жалақы есептеу тақырыбы бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Компаниядағы жалақы есебін қаншалықты жиі жаңарту керек?
Заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кемінде жылына бір рет. Сондай-ақ мемлекет жыл сайын жаңартып отыратын АЕК, ЕТЖ және басқа коэффициенттердің өзектілігін тексеру маңызды.
Валютадағы жалақыдан ЖТС пен МЗЖ ұстау керек пе?
Табыс валютада көрсетілуі мүмкін, бірақ жалақы теңгемен есептеліп, теңгемен төленеді. Сомалар төлем күнгі Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге қайта есептеледі.
Жалақыны есептеу кезінде сыйлықақылар мен бонустарды қалай дұрыс ескеру керек?
Сыйлықақылар мен бонустар қызметкердің негізгі табысына қосылады және оларға стандартты аударымдар жасалады — МЗЖ, МӘМС жарналары, ЖТС және, қажет болса, ЖМЗЖ.
Қоса атқару бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ЖМЗЖ төлеу міндетті ме?
Иә, қызметкер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған болса, ЖМЗЖ жұмыспен қамтудың нысаны мен көлеміне қарамастан әрбір қызметкерге есептеледі.
Қызметкерлер қашықтан жұмыс істегенде жалақы қалай есептеледі?
Еңбек шартында және жұмыс берушінің актілерінде көрсетілген жұмыс көлемі орындалған жағдайда жалақы толық мөлшерде төленеді.
Шетелдіктер үшін табыс салығы қалай есептеледі?
Шетелдік қызметкерлер де, егер жұмысы Қазақстан аумағында жүзеге асырылса, ЖТС, МЗЖ және МӘМС жарналарын төлеуге міндетті. Пайыздық мөлшерлемелер мен есептеу тәртібі қызметкердің қай елдің азаматы екеніне, ЕАЭО елі ме, жоқ па, оның тұруға ықтиярхаты бар-жоғына және т. б. байланысты
Жалақы салықтары бойынша қалай есеп беру керек?
Жұмыс берушілер тоқсан сайын салық есептілігін ұсынуға және ай сайын салықтар мен жарналарды тиісті қорларға аударуға міндетті. Арнаулы салық режимдерін қолданатын ЖК мен ЖШС үшін оңайлатылған есептілік көзделген. Салық есептілігінің мерзімі салық режиміне байланысты.
Қызметкер жалақыны қолма-қол ақшамен сұраса не істеу керек?
Жалақы ресми түрде, қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол есеп айырысу арқылы төленуге тиіс — бұл еңбек шартында көрсетілуі қажет.
Маусымдық бизнесте жалақыны қалай есепке алу керек?
Маусымдық кәсіпорындар қызметкерлерді қысқа мерзімге жалдаған жағдайда да еңбекақы төлеудің жалпы нормаларын сақтап, барлық міндетті аударымдарды жасауға тиіс.

re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз