Транстелеком ФДО-да токенді қалай қалпына келтіруге болады? Касса ID-ін қайдан алуға болады?

Транстелеком ФДО токенін қалай қалпына келтіріп, жаңартуға болады? Транстелеком ФДО-да re:Kassa онлайн-кассасының ID-ін қайдан табуға болады? Бұл сұрақтардың жауабы — төмендегі мақалада.

Шын мәнінде, Сізді небәрі екі қарапайым қадам күтіп тұр

Токенді ФДО жеке кабинеті арқылы аламыз

Токенді енгіземіз: re:Kassa

1

2

Токенді ФДО жеке кабинеті арқылы аламыз

1. ФДО жеке кабинетінде «Кассалар—МКК-да тіркелгендер» бөліміне кіріңіз

2. «Қарау» батырмасын басыңыз

3. Ашылған терезеде БКМ ID көресіз

Жаңа токен алу үшін «Жаңа токен» батырмасын басыңыз

4.«Алу» батырмасын басамыз

5. Жаңа токенді аламыз

Токенді re:Kassa-ға енгіземіз

1. Кассаға кіріп, «Баптаулар» бөліміне өтіңіз.

2. «Токен» жолын басыңыз

3. Токенді аттас жолға енгізіп, «Өзгерту» батырмасын басыңыз