БКМ-ны тіркеуден қалай шығаруға болады
Бұл мақалада re:Kassa онлайн-кассасын тіркеуден қалай шығару керегін айтамыз.
- Кассаны тіркеуден шығармас бұрын міндетті түрде ауысымды жабыңыз. Сондай-ақ касса онлайн болуы тиіс, өйткені офлайн-режимде шығарылған чектер ФДО-ға жіберілмейді.
БКМ-ны ФДО сайтында тіркеуден шығару қажет.
Кассаны тіркеуден шығаруға өтінім беру 5 минуттан аспайды.
Транстелеком ФДО-да немесе Beeline ФДО-да жүргізілген операциялар туралы есепті осы нұсқаулық бойынша жүктеп алуды ұсынамыз.
ФДО таңдау
1
2
МАҢЫЗДЫ! «re:Kassa» бақылау-касса машинасы мобильді қосымшасын фискалдық деректер операторының (ФДО) сайтында БКМ-ны тіркеуден шығармай, қасақана жоюға жол берілмейді. Қосымша қасақана жойылған кезде жергілікті деректер тек телефон жадынан жойылады, бұл жағдайда Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
Пайдаланушы мобильді қосымшаны осы Нұсқаулықтың шарттарымен пайдалануға міндеттенеді. Мобильді қосымшаны әзірлеуші мобильді қосымша қасақана жойылған жағдайда деректердің сақталуына жауап бермейді.
Транстелеком ФДО жеке кабинетінде пайдаланушыларға мыналар қажет:
1. «Кассалар»—«МКК-да тіркелгендер» бөліміне өтіп, «Қарау» батырмасын басу.

2. «МКК-да тіркеуден шығару» тармағын таңдау.

3. Тіркеуден шығару себебін таңдап, «Қол қою» батырмасын басу.

Beeline ФДО пайдаланушылары үшін:
1. «Кассалар»—«МКК-да тіркелгендер» бөліміне өтіп, «Қарау» батырмасын басу.

2. «МКК-да тіркеуден шығару» тармағын таңдау.

3. Тіркеуден шығару себебін таңдап, «Қол қою» батырмасын басу.
