Ауысымды жабу
Бұл мақалада re:Kassa онлайн касса аппаратында ауысымды қалай жабу керегін айтамыз. Ауысым — кассадағы 24 сағаттық жұмыс. ФДО ауысымдармен жұмыс істейді, бүкіл есеп ауысымдармен жүргізіледі.
Нұсқаулық кезеңдері
1-қадам. re:Kassa онлайн-кассасында ауысымды жабу үшін «Ауысым» бөліміне өтіңіз
2-қадам. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «X-есеп» батырмасын басыңыз.
3-қадам. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Ауысымды жабу» батырмасын басыңыз. Ауысым жабылғаннан кейін Z-есеп қалыптасады.
Ауысымды жабу үшін PIN-кодты енгізу



Ауысымның ұзақтығы
БКМ ауысым ұзақтығын бақылайды. Ауысым ұзақтығын есептеудің басталу сәті ауысымдағы бірінші кассалық операцияны ресімдеудің аяқталуы болып саналады.
- Ауысым ұзақтығы 24 сағаттан асқан жағдайда, БКМ ауысымды жабу операциясы жүргізілгенге дейін кассалық операцияларды ресімдеу мүмкіндігін бұғаттайды.
Ауысым ашылғаннан бері 24 сағаттан астам уақыт өтті. Не істеу керек?
Бәрі оңай: алдымен re:Kassa-да ауысымды жауып, содан кейін ғана келесі чекті шығару керек. Мұны қалай жасау керегін айтамыз.
Ауысым бірінші чек шығарылғаннан кейін автоматты түрде ашылады. Оны 24 сағат ішінде жабу керек.
re:Kassa-да ауысымды автоматты жабудың кіріктірілген сервисі бар. Оны осы нұсқаулық бойынша баптауға болады.
Егер ауысымды қолмен жабу қажет болса:
1-қадам. «Чектер журналы» бөліміне өтіңіз.
2-қадам. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Ауысымды жабу» батырмасын басыңыз. Ауысым жабылғаннан кейін Z-есеп қалыптасады.
3-қадам. PIN-кодты енгізіңіз.
Дайын!

