re:kassa ФДО-сын қосу жөніндегі нұсқаулық

1-қадам. Деректерді тексеру
2-қадам. Кассаны тіркеу
3-қадам. ФДО-ны таңдау
4-қадам. Заңды мекенжайды көрсету
5-қадам. Пин-кодты орнатыңыз
6-қадам. Құжаттарға қол қойыңыз
7-қадам. Өтінім жіберілді
8-қадам. Өтініш жіберілді!
9-қадам. Дайын!

1-қадам. Деректерді тексеру

  1. Кассаларыңызға байланыстырылатын және жүйеге кіру үшін пайдаланылатын телефон нөмірін көрсетіңіз.
  2. Ұйымыңыздың ЖСН/БСН нөмірін көрсетіңіз.
  • Жүйе ұйымыңыздың деректерін және мемлекеттік органдарда тіркелу мәртебесін тексереді.
3. Растау үшін «Иә, бәрі дұрыс» батырмасын басыңыз.

Тексеру үшін мемлекеттік статистика сайтының ашық деректеріндегі ұйымыңыз туралы ақпарат пайдаланылады. Олармен мына сілтеме бойынша өзіңіз таныса аласыз: https://stat.gov.kz/ru/juridical/by/bin/.
Өтінімді жібермес бұрын деректердің дұрыстығын тексеріңіз.

2-қадам. Кассаны тіркеу

  1. Енгізілген деректерді тексеріңіз:
  • ЖСН/БСН.
  • Ұйымыңыздың атауы.
  • Қызмет саласы (деректер негізінде автоматты түрде көрсетіледі).
2. Бәрі дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Ақпаратты өзгерту қажет болса, «Өзгерту» батырмасын басыңыз.
3. «Иә, бәрі дұрыс» батырмасын басып, деректерді растаңыз.

3-қадам. ФДО-ны таңдау

  1. Фискалдық деректер операторларының (ФДО) ұсыныстарымен танысыңыз.
  • re:kassa тарифінің артықшылықтары:
 + ФДО-ны тіркеудің ең оңай жолы.
 + Тәулік бойы техникалық қолдау.
 + Кассаны re:kassa сервисі арқылы басқару.
 + Серіктестерден 20 000 теңгелік промокод.

2. «Таңдау» батырмасын басып, тарифті таңдаңыз.

4-қадам. Заңды мекенжайды көрсету

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мекенжайды тек анықтамалықтан таңдау керек. Бұл кассаңызды салық органында дұрыс тіркеу үшін қажет.

  1. Ұйымыңыздың заңды мекенжайын толтырыңыз:
  • Қала.
  • Көше.
  • Үй нөмірі.
2. Егер сауда нүктесінің мекенжайы заңды мекенжаймен сәйкес келсе, ауыстырғышты қосулы қалдырыңыз.
3. Егер мекенжай басқа болса, сауда нүктесінің деректерін қолмен енгізіңіз.
4. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

5-қадам. Пин-кодты орнатыңыз

  1. Кассаңыздың қауіпсіздігі үшін пин-код орнатыңыз.
  2. 4 таңбалы кодты енгізіп, оны растаңыз.
  3. «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.

6-қадам. Құжаттарға қол қойыңыз

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ЭЦҚ пайдалансаңыз, құрылғыңызда NCALayer орнатылып, іске қосылғанын тексеріңіз. Сондай-ақ өтініштерге басқа смартфондағы eGov Mobile Business қосымшасында QR-код арқылы қол қоюға болады.

Кассаны тіркеу үшін eGov Mobile немесе ЭЦҚ арқылы екі құжатқа қол қою қажет:
  • Фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік органдарға өзгеріссіз түрде беру қызметтерін көрсету шартына қосылуға өтінім.
  • Кассаны салық органында тіркеуге өтініш.
Ыңғайлы тәсілді таңдаңыз:
  • eGov Mobile арқылы қол қою
  • ЭЦҚ (NCALayer) арқылы қол қою

7-қадам. Өтінім жіберілді

Өтінімді қарау әдетте 1 күннен 3 күнге дейін созылады.
Процестің аяқталғаны туралы +7 705 555 4444 нөміріне SMS арқылы хабарлаймыз.

8-қадам. Өтініш жіберілді!

Салық органы кассаның тіркелуін растауы тиіс. Бұл әдетте 30 минутқа дейін созылады.

Мәртебесі: Қаралуда
Тіркеу расталғаннан кейін +7 705 555 4444 нөміріне SMS келеді.

9-қадам. Дайын!

Дайын!
Құттықтаймыз! Енді кассаңызды пайдалана аласыз. Дайындықты растайтын SMS күтіңіз: онда кассаға кіру сілтемесі мен оның тіркеу нөмірі болады.