Касса аккаунтының телефон нөмірін ұмытып қалсаңыз не істеу керек? Иесінің аккаунтына қолжетімсіз кассаға қалай кіруге болады?
re:Kassa онлайн-кассасына қолжетімділікті қалай қалпына келтіруге болады? ФДО-ға телефон нөмірі арқылы кіру дегеніміз не?
Осы өзекті сұрақтардың бәріне төмендегі мақалада жауап береміз. Ең бастысы — абыржымаңыз.
- Бұл қадамдарды қолжетімділік бергіңіз келетін нөмірден кассаға кіріп орындау керек. Касса онлайн-режимде болуы тиіс. Сондай-ақ қолжетімділікті WhatsApp арқылы осы нұсқаулық бойынша беруге болады.
Нұсқаулық кезеңдері


1. Мәзірден «КАССАЛАР» бөлімін басыңыз.
2. Жоғарғы оң жақтағы 3 нүктені басыңыз, содан кейін «Бұрын белсендірілген кассаны қосу» тармағын басыңыз.
3. ФДО жеке кабинетінде «КАССАЛАР — ТІРКЕЛГЕНДЕР — ҚАРАУ» бөліміне кіріңіз. ФДО-ға сілтеме осында

4. МЗН (Сериялық нөмір), ID көшіріп алып, «ЖАҢА ТОКЕН - АЛУ» батырмасын басу арқылы жаңа токен алыңыз.



5. ФДО жеке кабинетіндегі МЗН, ID, жаңа токенді (токен міндетті түрде жаңа болуы тиіс, өйткені ол өзгереді) енгізіңіз.
6. Дайын! Android-тағы re:Kassa-ға қолжетімділік қалпына келтірілді, енді қайтадан чек шығаруға болады