Қазақстанда ЖК қандай салықтарды және қашан төлейді

Әртүрлі салық режимдеріндегі ЖК қандай салықтарды және қашан төлеу керегі туралы жадынама дайындадық. Материал жаңартылып отырады, мақаладағы ақпарат 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша өзекті.

ЖК үшін қандай салық режимдері қолжетімді

ҚР заңнамасы ЖК-ге жұмыс үшін жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін (ЖБР) немесе арнаулы салық режимдерінің (АСР) бірін таңдауды ұсынады:

  1. оңайлатылған декларация (оңайлатылған режим)
  2. патент
  3. мобильді қосымшаны пайдалану арқылы
  4. тіркелген шегерім (ТШ) режимі
  5. бөлшек салық
Сіздің жағдайыңызға қай салық режимі жақсырақ сәйкес келетіні туралы біз бұрын жазғанбыз — мұнда >>
Барлық ЖК табыс салығын — оның мөлшерлемесі салық режиміне байланысты — және өзі мен қызметкерлері үшін әлеуметтік жарналарды, сондай-ақ жекелеген жағдайларда ҚҚС, мүлік салығын, жер салығын және т.б. төлейді. Әрі қарай әртүрлі режимдердегі әр салық туралы толығырақ айтамыз.

ҚР СК-де әр салық режимі үшін табыс лимиттері айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленген, оның мөлшерін жыл сайын ҚР Қаржы министрлігі белгілейді.
2025 жылы АЕК 3 932 теңгеге тең

Жалпыға бірдей белгіленген салық режимі

ЖБР-дегі ЖК салықты кірістер мен шығыстардың айырмасынан төлейді. Салық кезеңі — бір жыл, бірақ салық органына аралық есептер тапсыру да міндетті.

Салық есептелетін соманы айқындау тәртібі ҚР СК-нің 366-бабында белгіленген:
  • ЖК алған кірістерден шығыстар шегеріледі,
  • содан кейін бақыланатын шетелдік ұйымдардың пайдасы қосылады,
  • алдыңғы кезеңдерден ауыстырылған залалдар алып тасталады.
Кірістерге де, шығыстарға да барлық баптар енгізілмейді, олардың тізбесі де ҚР СК-де белгіленген.

Салық мөлшерлемесі — пайданың (түсім минус шығыстар) 10%-ы.

Есептілік және салықты төлеу мерзімдері

ЖК тоқсанына бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 15-не дейін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 нысаны), ал жылына бір рет 31 наурызға дейін — ЖТС бойынша есептілік (220.00 нысаны) тапсыруы тиіс.

Жылдық декларацияны тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде салықты аудару қажет.

Пайда салығынан бөлек, ЖБР-дегі ЖК мыналарды төлейді:
  • өзі және қызметкері үшін әлеуметтік жарналар,
  • әлеуметтік салық,
  • қосылған құн салығы — ЖК ҚҚС бойынша есепте тұрған жағдайда,
  • мүлік, жер, көлік салықтары.
ЖБР-ді әмбебап салық режимі деп атауға болады, өйткені ол кез келген ЖК-ге сәйкес келеді, бірақ шағын бизнес үшін бұл айтарлықтай салық жүктемесі. Мәселе тек мөлшерлемеде ғана емес, сонымен қатар салықты есептеу үшін кірістер мен шығыстар соның негізінде айқындалатын есептілікті сауатты жасауға кететін шығындарда да.

ЖБР-дегі ЖК өзі үшін қандай жарналар төлейді

ЖК ай сайын жалақы сомасынан төлейді:

  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары);— 2025 жылы 5 950 тг;
  • 2 АЕК минус ӘА — өз жалақысынан әлеуметтік салық.
ЖК өз жалақысының мөлшерін өзі айқындайды:
  • айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін — МЗЖ есептеу үшін,
  • айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін — әлеуметтік аударымдар үшін.
2025 жылы 1 ЕТЖ = 85 000 теңге
2025 жылы ЖБР-дегі ЖК үшін 1 ең төмен жалақыдан төленетін жарналардың жалпы сомасы — 24 439 теңге
Бұл төлемдерді алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін төлеу қажет. Яғни қараша үшін жарналарды 25 желтоқсанға дейін төлеу керек.

ЖБР-дегі ЖК-нің қызметкерлер үшін жарналары

Қызметкерлердің жалақы сомасынан ай сайын төленеді:
  • 10% жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2% медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Бұл салықтар мен жарналар қызметкерлердің жалақысынан ұсталады.

Қосымша жұмыс беруші есебінен мына төлемдер төленеді:
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 3% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1 АЕК минус ӘА — қызметкерлер үшін әлеуметтік салық.
Бұл ретте ЖК қызметкерлерді қалай жалдайтынын: олар еңбек шарттары бойынша ма, әлде АҚС (азаматтық-құқықтық сипаттағы) шарттары бойынша жұмыс істей ме, ҚР азаматтары ма, жоқ па — ескеру қажет. Сондай-ақ қызметкер зейнеткер немесе мүгедектігі бар адам болса, ол үшін төлемдер басқаша болады.

re:Kassa — мәңгі тегін онлайн-касса

re:Kassa-да тіркелгеннен кейін бірден касса аппаратын сатып алмай-ақ төлем қабылдап, чек беріңіз

ЖБР-дегі қосылған құн салығы: қашан төлеу керек?

ҚР СК-нің 82-бабына сәйкес, ЖК мынадай жағдайларда төлеуші болады:
  • егер ЖК ТИС пайдаланбаса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК-тен — 2025 жылы 78 640 000 теңгеден асқан кезде:
  • егер ТИС пайдаланса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК +124 184 АЕК (ТИС арқылы) = 144 184 АЕК-тен (2025 ж. 566 931 488 теңге) асқан кезде;
  • ерікті түрде.
Егер ЖК лимиттерден асса, мыналар қажет:

  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тапсыру,
  • тоқсан сайын 12% қосылған құн салығын төлеу — есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін.
Яғни жылдың бірінші тоқсаны үшін 15 мамырға дейін есеп беру, салықты 25 мамырға дейін төлеу керек.

ЕАЭО-дан импортқа ҚҚС

Ресейден, Беларусьтен, Армениядан және Қырғызстаннан тауарларды импорттаған кезде ЖК:
  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тауарларды әкелу туралы 328.00 нысаны бойынша есеп беруге,
  • 12% ҚҚС төлеуге міндетті.
Алдыңғы ай үшін есептілікті тапсырып, төлемді ағымдағы айдың 20-на дейін жүргізу керек.
Яғни, егер ЖК тауарларды қыркүйекте әкелсе, ол 20 қазанға дейін 328.00 СЕН тапсырып, салықты төлеуі тиіс. Егер ЖК шетелдік тауарлармен тұрақты түрде жұмыс істесе, салық органына есеп беру және ҚҚС төлеу ай сайын жүргізілуі керек.

ЖБР-дегі ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

ЖБР-дегі ЖК үшін мүлік және жер салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Төлемдер ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін 701.01 нысаны бойынша есептеледі
  • ЖБР-дегі ЖК мүлік салығы бойынша төлемдерді әр тоқсан сайын тең үлестермен жүргізеді: 25 ақпанға, 25 мамырға, 25 тамызға, 25 қарашаға дейін.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы

  • Егер ЖК кәсіпорындардың I-III санатына жатса, төлемдер мен есептілік (870.00 нысаны) бойынша міндеттеме туындайды.
  • Мөлшерлеме елді мекенге және ластаушы заттардың түріне байланысты.
  • Есептілік тапсыру және төлемдер — тоқсан сайын.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>
ЖБР-ден айырмашылығы, арнаулы салық режимдерін қолдануда шектеулер бар, есесіне оларды қолдану оңайырақ және мөлшерлемелері төмен.

Арнаулы салық режимдері

Әр арнаулы салық салу жүйесі үшін оны таңдауға болатын немесе болмайтын өз өлшемшарттары белгіленген. Бірақ ортақ тұстары да бар — белгілі бір қызмет түрлеріне тыйым және салық салу объектісі.
АСР шарттары туралы толығырақ салық режимдері туралы мақалада айтамыз.

Салық салу объектісі

Барлық арнаулы салық режимдерінде салық шекті табыстан есептеледі, оған мыналар кіреді:
  • жеңілдіктерді, шарттар талаптарының өзгеруін, қайтаруларды ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатудан түскен түсім;
  • міндеттемелерді есептен шығарудан, талап ету құқығын беруден, бірлескен қызметтен түсетін кірістер;
  • борышкер мойындаған айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы;
  • түгендеу кезінде анықталған артықтар;
  • өтеусіз алынған мүлік;
  • жалға алынған мүлікті жөндеуге және күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстарды жалға алушының өтеуі.
Егер бір табыс әртүрлі санаттарға сәйкес келсе, ол салықты есептеу үшін тек бір рет қана енгізіледі.

Мына операцияларды кірістерге енгізудің қажеті жоқ:
  • мүлікті өтеусіз беру;
  • активтерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін сату;
  • тауарларды жарнама ретінде алу, бірақ тек тауардың құны 5 АЕК-тен аспаса;
  • ҚР заңнамасы негізінде өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару;
  • арнаулы комиссияның шешімі бойынша белгіленген төтенше жағдай кезінде келтірілген мүліктік зиянның өтемақысы.

Оңайлатылған декларация негізіндегі режим

Оңайлатылған режимдегі ЖК мыналарды төлейді:
  • жеке табыс салығы,
  • әлеуметтік салық,
  • өзі және қызметкерлері (бар болса) үшін әлеуметтік жарналар,
  • кейбір жағдайларда — ҚҚС,
  • мүлік, жер және көлік салығы (бар болса).

Оңайлатылған режимдегі ЖК салықтарды қашан төлейді: мерзімдер мен мөлшерлемелер

Оңайлатылған декларация негізіндегі ЖК үшін негізгі салықтар — жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық (ӘС).

Мөлшерлеме — табыстың 3%-ы, оның ішінде 1,5% ЖТС және 1,5%
ӘС — ЖК және қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды (ӘА) шегергендегі табыстан.

Салықтар әр жарты жыл сайын 910.00 нысаны бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленеді:
  • алғашқы 6 ай үшін — декларацияны 15 тамызға дейін тапсыру, төлемді — 25 тамызға дейін жүргізу керек;
  • екінші жартыжылдық үшін — декларация — 15 ақпанға дейін, төлем — 25 ақпанға дейін.
Бұдан бөлек, оңайлатылған режимдегі ЖК өзі және қызметкерлері (бар болса) үшін әлеуметтік жарналарды және кейбір басқа салықтарды төлейді.

Оңайлатылған режимдегі ЖК өзі үшін қандай жарналар төлейді

ЖК ай сайын жалақы сомасынан төлейді:
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
ЖК өз жалақысының мөлшерін өзі айқындайды:
  • айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін — МЗЖ есептеу үшін,
  • айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін — әлеуметтік аударымдар үшін.
2025 жылы 1 ЕТЖ = 85  00 теңге

2025 жылы ЖК үшін 1 ең төмен жалақыдан төленетін жарналардың жалпы сомасы — 20 825 теңге
Бұл төлемдерді алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін төлеу қажет. Яғни қараша үшін жарналарды 25 желтоқсанға дейін төлеу керек.
Егер ЖК-нің бір ай ішінде табысы болмаса, ол жарналарды төлеуден босатылады — МӘМС жарналарын қоспағанда.

Ал есептілікті ЖК жарты жыл бойы табыс болмаған жағдайда да тапсырады. Нөлдік табыспен 910.00 нысанын, яғни «нөлдік декларацияны» тапсыру керек.

ЖК есептілікті тапсырмауы және салық төлемеуі тек қызметін тоқтата тұрып, салық органына тиісті хабарламаны берген жағдайда ғана мүмкін. Қызметін тоқтата тұрған кезде де ЖК МӘМС жарналарын 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде — 2025 жылы 5 950 теңге төлеуге міндетті.

ЖК-нің қызметкерлер үшін жарналары

Қызметкерлердің жалақы сомасынан ай сайын төленеді:
  • 10% жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2% медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Бұл салықтар мен жарналар қызметкерлердің жалақысынан ұсталады.

Қосымша жұмыс беруші есебінен мына төлемдер төленеді:
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 3% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1 АЕК минус ӘА — қызметкерлер үшін әлеуметтік салық.
Бұл ретте ЖК қызметкерлерді қалай жалдайтынын: олар еңбек шарттары бойынша ма, әлде АҚС (азаматтық-құқықтық сипаттағы) шарттары бойынша жұмыс істей ме, ҚР азаматтары ма, жоқ па — ескеру қажет. Сондай-ақ қызметкер зейнеткер немесе мүгедектігі бар адам болса, ол үшін төлемдер басқаша болады.

Немесе осы АСР-дегі кәсіпкер жалақыдан бірыңғай төлем төлей алады — 2024 жылы 21,5% мөлшерлеме бойынша.

Оңайлатылған режимдегі қосылған құн салығы: төлеу керек пе?

Кейбір жағдайларда оңайлатылған режимдегі ЖК қосылған құн салығын төлеуші болады.

ҚР СК-нің 82-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі ЖК мынадай жағдайларда төлеуші болады:
  • егер ЖК ТИС пайдаланбаса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК-тен — 2025 жылы 78 640 000 теңгеден асқан кезде:
  • егер ТИС пайдаланса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК +124 184 АЕК (ТИС арқылы) = 144 184 АЕК-тен (2025 ж. 566 931 488 тг.) асқан кезде;
  • ерікті түрде.
Егер ЖК лимиттерден асса, мыналар қажет:
  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тапсыру,
  • тоқсан сайын 12% қосылған құн салығын төлеу — есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін.
Яғни жылдың бірінші тоқсаны үшін 15 мамырға дейін есеп беру, салықты 25 мамырға дейін төлеу керек.

ЕАЭО-дан импортқа ҚҚС

Ресейден, Беларусьтен, Армениядан және Қырғызстаннан тауарларды импорттаған кезде ЖК:
  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тауарларды әкелу туралы 328.00 нысаны бойынша есеп беруге,
  • 12% ҚҚС төлеуге міндетті.
Алдыңғы ай үшін есептілікті тапсырып, төлемді ағымдағы айдың 20-на дейін жүргізу керек.
Яғни, егер ЖК тауарларды қыркүйекте әкелсе, ол 20 қазанға дейін 328.00 СЕН тапсырып, салықты төлеуі тиіс. Егер ЖК шетелдік тауарлармен тұрақты түрде жұмыс істесе, салық органына есеп беру және ҚҚС төлеу ай сайын жүргізілуі керек.

Оңайлатылған режимдегі ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

АСР-дегі ЖК үшін мүлік салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • Оңайлатылған режимдегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін жер салығы

  • Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады.
  • Оңайлатылған режимдегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы

Әдетте оңайлатылған режимдегі ЖК басқа да шағын бизнес субъектілері сияқты бұл төлемақыдан босатылған IV санаттағы кәсіпорындарға жатады.

Бірақ қауіпті қалдықтардың көлемі рұқсат етілген лимиттерден асса (жылына бір тоннадан көп), ЖК басқа санатқа ауысады және сонда төлемдер мен есептілік бойынша міндеттеме туындайды. Мөлшерлеме елді мекенге және ластаушы заттардың түріне байланысты.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>

Патент

Патент негізіндегі АСР-дегі ЖК болжамды табысын алдын ала есептеп, салықтарды аванспен төлейді.

Салық мөлшерлемесі — болжамды табыстың 1%-ы.

Патентпен жұмыс істеудің ең қысқа мерзімі — бір ай, ең ұзағы — 1 жыл, бірақ күнтізбелік жыл ішінде: мысалы, егер ЖК тамызда тіркелсе, оның алғашқы патенті 5 айға беріледі.
Патент құнын есеп-қисапты (911.00 нысаны) тапсырғанға дейін төлеу керек.
Патент құнын есептеуге арналған табыстың ең төмен сомасы — 1 ЕТЖ (2025 жылы 85 000 теңге). 1%-дан бөлек, патенттің бүкіл қолданылу мерзімі үшін әлеуметтік жарналарды да аванспен төлеу қажет.
Егер патентке арналған есеп-қисапта көрсетілген кезең ішінде кәсіпкер көбірек тапса, 5 жұмыс күні ішінде асып кеткен сомаға есептілік тапсырып, салықты қосымша төлеу керек.

Ал табыс сомасы мәлімделгеннен аз болса, ЖК салықты азайтып, ақшаны қайтара алады.
Патентке арналған қызмет түрлерінің тізбесі шектеулі (ҚР СК-нің 685-бабы) — онымен танысу мұнда>>

Патенттегі ЖК-нің әлеуметтік жарналары

ЖК жарналарды тек өзі үшін төлейді — патентпен қызметкер жалдауға болмайды.

Жарналар ЖК үшін жалпы ереже бойынша есептеледі — кәсіпкер өзіне өзі тағайындайтын жалақы сомасынан:
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Жалақы МЗЖ есептеу үшін 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін және әлеуметтік аударымдар үшін 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейінгі шекте болуы тиіс, бұл ретте ол ЖК-нің кезеңдегі нақты табысынан аспауы керек.

Патенттегі ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

Патент негізіндегі АСР-дегі ЖК үшін мүлік салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • Патенттегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек

ЖК үшін жер салығы

  • Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады.
  • Патенттегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>

Мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режимі

Патенттегі ЖК салықтарды аванспен төлесе, мобильді қосымшасы бар АСР салықтарды есептік айдан кейінгі айда төлеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте бұл режимде де қызмет түрлері мен басқа жұмыс шарттары бойынша шектеулер сол күйі — салық мөлшерлемесі де сондай.
Мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы режимнің барлық шектеулері туралы мұнда>>
Салық мөлшерлемесі: табыстың 1%-ы. Ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 25-не дейін төленеді.

Яғни шілдедегі табыс бойынша салықтарды әлеуметтік жарналармен бірге 25 тамызға дейін төлеу керек.

Мобильді қосымшаны пайдаланатын ЖК өзі үшін қандай жарналар төлейді

Мобильді қосымшасы бар АСР-дегі ЖК әлеуметтік жарналарды тек өзі үшін төлейді — нақты табыстан аспайтын жалақы сомасынан:
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Салық пен әлеуметтік жарналардың сомалары мобильді қосымшада автоматты түрде есептеледі.

ЖК-ге ешқандай есептілік тапсырудың қажеті жоқ — барлық деректер қосымшада автоматты түрде қалыптасып, салық органына жіберіледі.

Мобильді қосымшаны пайдаланатын АСР-дегі ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

Мүлік салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін жер салығы

  • Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады.
  • ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>

Тіркелген шегерімді пайдаланатын салық режимі (ТШ)

ТШ-ның басқа салық режимдерінен басты айырмашылығы — онда кәсіпкерлер өз кірістерін құжатпен расталмаған шығыстар есебінен ішінара азайта алады.

Құжатсыз шегерімдерден бөлек, кірістер мына сияқты құжатпен расталған шығыстарға да азайтылады:

  • тауарларды сатып алу;
  • ҚР СК-нің 257-бабына сәйкес қызметкерлерге және басқа да жеке тұлғаларға төлемдер;
  • салықтар және басқа да міндетті төлемдер;
  • қызметтік іссапарлардың өтемақысы;
  • бизнеске қажетті байланыс, электр энергиясы және коммуналдық қызметтер;
  • жұмыс үшін пайдаланылатын жалға алынған мүлікке жұмсалған шығыстар.
Шегерімдердің жалпы мөлшері кірістердің 30%-ынан аспауы тиіс.
Салық мөлшерлемесі — шегерімдерге азайтылған табыстың 10%-ы.

Есептілік және салықты төлеу мерзімдері. ЖК 912.00 нысаны бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін тапсырады, салықты есеп тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде аударады.
Тіркелген шегерімді пайдаланатын арнаулы режимнің барлық шектеулері туралы мұнда>>

ТШ-дағы ЖК өзі үшін қандай жарналар төлейді

ЖК ай сайын жалақы сомасынан төлейді:
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары);
  • 2 АЕК минус ӘА — өз жалақысынан әлеуметтік салық.
ЖК өз жалақысының мөлшерін өзі айқындайды:
  • айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін — МЗЖ есептеу үшін,
  • айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін — әлеуметтік аударымдар үшін.
2025 жылы 1 ЕТЖ = 85 000 теңге

2025 жылы ЖК үшін 1 ең төмен жалақыдан төленетін жарналардың жалпы сомасы — 3 932 теңге
Бұл төлемдерді алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін төлеу қажет. Яғни қараша үшін жарналарды 25 желтоқсанға дейін төлеу керек.

ЖК-нің қызметкерлер үшін жарналары

Қызметкерлердің жалақы сомасынан ай сайын төленеді:
  • 10% жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2% медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Бұл салықтар мен жарналар қызметкерлердің жалақысынан ұсталады.

Қосымша жұмыс беруші есебінен мына төлемдер төленеді:
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 3% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1 АЕК минус ӘА — қызметкерлер үшін әлеуметтік салық.
Бұл ретте ЖК қызметкерлерді қалай жалдайтынын: олар еңбек шарттары бойынша ма, әлде АҚС (азаматтық-құқықтық сипаттағы) шарттары бойынша жұмыс істей ме, ҚР азаматтары ма, жоқ па — ескеру қажет. Сондай-ақ қызметкер зейнеткер немесе мүгедектігі бар адам болса, ол үшін төлемдер басқаша болады.

ТШ-дағы қосылған құн салығы: төлеу керек пе?

ТШ-дағы ЖК мынадай жағдайларда төлеуші болады:
  • егер ЖК ТИС пайдаланбаса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК-тен — 2025 жылы 78 640 000 теңгеден асқан кезде:
  • егер ТИС пайдаланса, жылдық табыс лимиті 20 000 АЕК +124 184 АЕК (ТИС арқылы) = 144 184 АЕК-тен (2024 ж. 566 931 488 тг.) асқан кезде;
  • ерікті түрде.
Егер ЖК лимиттерден асса, мыналар қажет:
  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тоқсан сайын ҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тапсыру,
  • тоқсан сайын 3% ЖТС+ӘС-ке қосымша 12% салық төлеу — есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін.
Яғни жылдың бірінші тоқсаны үшін 15 мамырға дейін есеп беру, салықты 25 мамырға дейін төлеу керек.

ЕАЭО-дан импортқа ҚҚС

Ресейден, Беларусьтен, Армениядан және Қырғызстаннан тауарларды импорттаған кезде ЖК:
  • ҚҚС бойынша есепке тұру,
  • тауарларды әкелу туралы 328.00 нысаны бойынша есеп беруге,
  • 12% ҚҚС төлеуге міндетті.
Алдыңғы ай үшін есептілікті тапсырып, төлемді ағымдағы айдың 20-на дейін жүргізу керек.
Яғни, егер ЖК тауарларды қыркүйекте әкелсе, ол 20 қазанға дейін 328.00 СЕН тапсырып, салықты төлеуі тиіс. Егер ЖК шетелдік тауарлармен тұрақты түрде жұмыс істесе, салық органына есеп беру және ҚҚС төлеу ай сайын жүргізілуі керек.

ТШ-дағы ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

ТШ негізіндегі АСР-дегі ЖК үшін мүлік салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • ТШ-дағы ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек

ЖК үшін жер салығы

  • Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады.
  • ТШ-дағы ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>

«Бөлшек салық» арнаулы режимі (АСР)

Бұл АСР-ді қолдануға болатын қызмет түрлерінің тізімі шектеулі. Толық тізбе ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысымен белгіленген.
«Бөлшек салық» арнаулы режимінің барлық шектеулері туралы мұнда>>
Салық мөлшерлемелері сатып алушының кім екеніне байланысты:
  • жеке тұлғалардан, шегерімдерді қолданбайтын ЖК мен ЖШС-тен түскен табыстан 4%;
  • шегерімдерді пайдаланатын ЖБР-дегі ЖК немесе ЖШС-тен алынған табыстан 8%.
Салық кірістерден қызметкерлердің жалақысын шегергендегі сомадан төленеді.

Табыстың әртүрлі баптарына әртүрлі салық мөлшерлемелерін қолдануға жол беріледі, бірақ бұл жағдайда әр мөлшерлеме үшін салық салынатын соманың бөлек есебін жүргізу қажет.

Есептілік және салықты төлеу мерзімдері. Бұл АСР-дегі ЖК тоқсан сайын 913.00 нысаны бойынша декларация тапсыруы тиіс. Тапсыру мерзімі — есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, ал салықты декларация тапсырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін аудару керек.

Яғни жылдың бірінші тоқсаны үшін:
  • 15 мамырға дейін декларация тапсыру;
  • 25 мамырға дейін салық төлеу керек
Бөлшек салықтағы ЖК жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты төлеуден, сондай-ақ басқа режимдер үшін белгіленген табыс лимиттерінен асқан кезде де ҚҚС төлеуден босатылады. Әлеуметтік жарналарды төлеу де қажет.

Бөлшек салықтағы ЖК өзі үшін қандай жарналар төлейді

ЖК ай сайын жалақы сомасынан төлейді:
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • ЕТЖ-ның 5%-ы — медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Немесе осы АСР-дегі кәсіпкер жалақыдан бірыңғай төлем төлей алады — 2025 жылы 23,8%, 2026 жылы — 24,8% мөлшерлеме бойынша.
ЖК өз жалақысының мөлшерін өзі айқындайды:
  • айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін — МЗЖ есептеу үшін,
  • айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға дейін — әлеуметтік аударымдар үшін.
2025 жылы 1 ЕТЖ = 85 000 теңге

2025 жылы ЖК үшін 1 ең төмен жалақыдан төленетін жарналардың жалпы сомасы — 20 825 теңге

Бірыңғай төлеммен төлегенде — 20 230 теңге
Бұл төлемдерді алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін төлеу қажет. Яғни қараша үшін жарналарды 25 желтоқсанға дейін төлеу керек.

ЖК-нің қызметкерлер үшін жарналары

Қызметкерлердің жалақы сомасынан ай сайын төленеді:
  • 10% жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 10% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 2% медициналық сақтандыруға жарналар (МӘМС жарналары).
Бұл салықтар мен жарналар қызметкерлердің жалақысынан ұсталады.

Қосымша жұмыс беруші есебінен мына төлемдер төленеді:
  • 2,5% жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ);
  • 3% міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);
  • 5% әлеуметтік аударымдар (ӘА);
  • 1 АЕК минус ӘА — қызметкерлер үшін әлеуметтік салық.
Бұл ретте ЖК қызметкерлерді қалай жалдайтынын: олар еңбек шарттары бойынша ма, әлде АҚС (азаматтық-құқықтық сипаттағы) шарттары бойынша жұмыс істей ме, ҚР азаматтары ма, жоқ па — ескеру қажет. Сондай-ақ қызметкер зейнеткер немесе мүгедектігі бар адам болса, ол үшін төлемдер басқаша болады.
Бөлшек салықтағы кәсіпкер қызметкерлер үшін жарналарды да бірыңғай төлеммен төлей алады — 2025 жылы 23,8% мөлшерлеме бойынша

Оңайлатылған режимдегі ЖК үшін басқа салықтар: мүлік, жер және көлік салықтары

Егер ЖК-нің коммерциялық мүлкі, жері немесе көлігі болса, салықтарды есептеп, төлеу және қажет болған жағдайда есептілік тапсыру керек.

АСР-дегі ЖК үшін мүлік салығы

  • Мүлік салығының мөлшерлемесі — салық базасының* 0,5%-ы. Салық базасы — мүлікті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, сондай-ақ реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Егер шығындарды құжатпен растау мүмкін болмаса, салық базасын мүліктің нарықтық құны айқындайды.
  • Оңайлатылған режимдегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін жер салығы

  • Жер салығының мөлшерлемесі елді мекенге байланысты. Қажетті өңірдегі мөлшерлемені мұнда білуге болады.
  • Оңайлатылған режимдегі ЖК декларацияны (700.00 нысаны) жылына бір рет өткен күнтізбелік жылдың деректері бойынша — 31 наурызға дейін тапсырады.
  • Мүлік салығын декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде төлеу керек.

ЖК үшін көлік салығы

Көлік салықтарын ЖК жеке тұлға ретінде төлейді және ешқандай есептілік тапсырмайды.

Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы

Әдетте ЖК басқа да шағын бизнес субъектілері сияқты бұл төлемақыдан босатылған IV санаттағы кәсіпорындарға жатады.

Бірақ қауіпті қалдықтардың көлемі рұқсат етілген лимиттерден асса (жылына бір тоннадан көп), ЖК басқа санатқа ауысады және сонда төлемдер мен есептілік бойынша міндеттеме туындайды. Мөлшерлеме елді мекенге және ластаушы заттардың түріне байланысты.
Біздің ЖК-ге арналған салық күнтізбесін пайдаланыңыз >>

Әртүрлі режимдердегі ЖК-ге арналған салық жадынамасы

Салық режиміСалық/жарна түріМөлшерлемеЕсептілікті тапсыру мерзіміСалықты/жарнаны төлеу мерзімі
ЖБРПайда салығыкірістер минус шығыстардан 10%Декларация (220.00 нысаны) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін, декларация (200.00 нысаны) — тоқсанына бір ретДекларацияны тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде
Өзі үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

2 АЕК минус ӘА — өз жалақысынан әлеуметтік салық

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Қызметкерлер үшін әлеуметтік жарналар10% ЖТС

10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

3% МӘМС

2% МӘМС жарналары

1 АЕК минус ӘА — қызметкерлер үшін әлеуметтік салық

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
ҚҚС (табыс лимитінен асқан кезде)табыстың 12%-ыҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тоқсан сайын.Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін
ЕАЭО-дан импортқа ҚҚСтабыстың 12%-ыАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін 328.00 нысаны бойынша декларацияАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін.
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
Оңайлатылған декларацияТабыс салығытабыстың 3%-ыДекларация (910.00 нысаны) жылына екі рет — 15 тамызға дейін және 15 ақпанға дейінЕсепті тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде
Өзі үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Қызметкерлер үшін әлеуметтік жарналар10% ЖТС

10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

3% МӘМС

2% МӘМС жарналары

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
ҚҚС (табыс лимитінен асқан кезде)табыстың 12%-ыҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тоқсан сайын.Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін
ЕАЭО-дан импортқа ҚҚСтабыстың 12%-ыАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін 328.00 нысаны бойынша декларацияАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
ПатентТабыс салығыпатенттің қолданылу мерзіміндегі болжамды табыстың 1%-ыДекларация (911.00 нысаны).Декларацияны тапсырғанға дейін патенттің бүкіл қолданылу мерзімі үшін аванстық төлем
Өзі үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

Декларацияны тапсырғанға дейін патенттің бүкіл қолданылу мерзімі үшін аванстық төлем
Мәлімделген сомадан асқан немесе оған жетпеген кезде салық сомасын түзетуКезең аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қосымша есептілік тапсырып, қажет болса салық төлеу
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
Мобильді қосымшаны пайдаланатын арнаулы салық режиміТабыс салығытабыстың 1%-ыАвтоматты түрдеАй сайын есептік айдан кейінгі айдың 25-не дейін
Өзі үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
Тіркелген шегерімТабыс салығышегерімдерге азайтылған табыстың 10%-ыДекларация (912.00 нысаны) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейінЕсепті тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде
Өзі үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

2 АЕК минус ӘА — өз жалақысынан әлеуметтік салық.

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Қызметкерлер үшін әлеуметтік жарналар10% ЖТС

10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

3% МӘМС

2% МӘМС жарналары

1 АЕК минус ӘА — өз жалақысынан әлеуметтік салық.

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
ҚҚС (табыс лимитінен асқан кезде)табыстың 12%-ыҚҚС бойынша декларация (300.00 нысаны) тоқсан сайынЕсепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін
ЕАЭО-дан импортқа ҚҚСтабыстың 12%-ыАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін 328.00 нысаны бойынша декларацияАлдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 20-на дейін.
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыБелгіленген өңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
Бөлшек салықЖеке тұлғалардан, шегерімдерді қолданбайтын ЖК мен ЖШС-тен түскен табысқа салықкірістердің 4%-ыДекларация (913.00 нысаны) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейінЕсепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін
Шегерімдерді пайдаланатын ЖБР-дегі ЖК немесе ЖШС-тен түскен табысқа салықкірістердің 8%-ыДекларация (913.00 нысаны) есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-іне дейінЕсепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-не дейін
ЖК үшін әлеуметтік жарналар10% МЗЖ

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы МӘМС жарналары

—немесе бірыңғай төлем — 21,5%

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Қызметкерлер үшін әлеуметтік жарналар10% ЖТС

2,5% ЖМЗЖ

5% ӘА

3% МӘМС

2% МӘМС жарналары

—немесе бірыңғай төлем — 21,5%

Ай сайын алдыңғы ай үшін ағымдағы айдың 25-не дейін
Мүлік салығысалық базасының 0,5%-ыДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Жер салығыӨңірлік мөлшерлемелер бойыншаДекларация (700.00 нысаны) жылдың 31 наурызына дейінДекларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде
Көлік салығыӨңірлік мөлшерлемелер бойыншаТалап етілмейдіЖеке тұлға ретінде төленеді
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыБосату (белгілі бір лимиттерге дейін)Талап етілмейдіТалап етілмейді

Салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

ЖК тартылуы мүмкін жауапкершілікті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс (ҚР ӘҚБтК) белгілейді. Негізінен кәсіпкерлер мен кәсіпкер болуға тиіс адамдар үшін ескерту мен айыппұлдар көзделген.
Құқық бұзушылықЖауапкершілік
Арнаулы салық режиміндегі жұмыс шарттарын бұзу (табыс және/немесе қызметкерлер саны бойынша шектен асу)Ескерту, салық органы мұндай фактіні қайта анықтаса, 15 АЕК айыппұл салады.
Патент бойынша есеп-қисапты тапсыру мерзімдерін бұзу
Табысты жасырусалық сомасының 200%-ы, қайталанса — 300%
Салық есептілігін уақтылы тапсырмауАлдымен ескерту, қайталанса 30 АЕК
МӘМС, ӘА және МЗЖ-ны белгіленген мерзімде төлемеуЕскерту, содан кейін аударылған аударымдар сомасының 20%-ы
ҚҚС бойынша есепке уақтылы тұрмау50 АЕК
Тауарларды әкелу туралы декларацияда ҚҚС сомасын азайтып көрсетусалықтың 20%-ы
Есепке алу құжаттамасының болмауыЕскерту, қайталанса — 25 АЕК.