6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Келісім шарттарды қабылдаған сәттен бастап күшіне енеді және жарамдылық мерзімі анықталмаған болады.
6.2. Құқық иесі осы Келісімнің шарттарына біржақты тәртіппен, сайтта жариялап өзгеріс енгізуге қақылы. Дауа туа қалған жағдайда Келісімнің Сайтта жарияланған нұсқасы Келісімнің өзге нұсқаларынан басым түседі.
6.3. Қолданушы осы Келісімнің шарттарын бұзған жағдайда, Құқық иесі шартты мерзімінен бұрын бұзып, Қолданушыға ескертпестен сол арада оның Сервиске қол жеткізуіне бұғат салуға қақылы.
6.4. Қолданушы Акцепт жасаған кезде оның Жеке деректері Жиналып, Өңделуіне қатысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сәйкес, Қолданушы Операторға және үшінші тұлғаларға Қолданушының Жеке деректерін заңнамаға қайшы келмейтін тәсілдермен, Қолданушы келісімінде реттелетін мақсаттарға сәйкес Жинауға, Өңдеуге, шекара асырып (қажетіне қарай) беруге, Орындаушымен арада бар не жаңа туатын не келешекте тууы мүмкін кез келген азаматтық-құқықтық және/немесе өзге де құқықтық қатынастарға сәйкес, Оператордың өз қарауына қалдырылатын, соның ішінде жалпы жұртшылық қол жеткізе алатын дереккөздерде жариялауға сөзсіз келісімін береді.
6.5. Осы Келісімді жасасқан тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік арқалайды.
6.6. Құқық иесі Қолдаушы жариялаған деректердің (соның ішінде Жеке деректердің) растығын, толықтығын, нақтылығын және өзектілігін қамтамасыз етуге жауап бермейді. Қолданушыдан алынған деректердің бәрі Қолданушы Сервистің веб-формаларын толтырған кезде алынған күйінде өңделеді.
6.7. Құқық иесі Қолданушының ұйымдық не өзге шараларды ұстанбауы салдарынан, Қолданушы жеке деректерін өңдеуге өкілеттік бермеген тұлғалар оның жеке деректеріне қасақана не байқаусызда қол жеткізгеніне, оған қоса олардың жойылып кетуіне, өзгеріп кетуіне, бұғатталып қалуына, көшіріліп не тарап кетуіне себеп болған әрекеттеріне, сондай-ақ Қолданушының және/немесе үшінші тұлғалардың қызметкерлерінің өзге де қасақана әрекеттеріне жауап бермейді.
6.8. Осы Келісімнің шарттарын қабылдап, Қолданушы қосымша ақпарат алуға және тіркелген кезде көрсетілген адрес пен телефон арқылы ақпараттың таратылым алуға келісім береді.
6.9. Осы офертаның шарттарын қабылдап, Қолданушы өзінде өзіне тиесілі ақпаратты, соның ішінде Жеке деректерін Сервисті қолдана отырып өңдеуге заңды негіздері бар екенін растайды.
6.10. Қолданушының кез келген сұрақтары мен пікірлерін, өзге де хат-хабарын Құқық иесіне
help@rekassa.kz электрондық поштасына жолдау керек. Құқық иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделгенінен өзге жағдайларда сұраным, сұрақ, ұсыныс және өзге де ақпаратқа жауап бермейді және жауап беру мүмкіндігіне кепілдік бермейді.