Термосөмкесі мен смартфоны бар жеткізу курьері Қосуға өтініш қалдыру

Платформа компанияларына арналған атқарушылардың кірістерін фискализациялайтын технологиялық шешім

Платформалық жұмыспен қамту

Орындаушыға қандай пайдасы бар?

Бюрократияға алаңдамай жұмыс істейді. Енді:

Есеп өткізудің қажеті жоқ.

Салықты есептеудің;

Түбіртектерді жинаудың;

e-Salyq-қа кірудің;

eGov Mobile арқылы құжаттарды жасап, қол қояды.

4% әлеуметтік төлемді ұстап қалып, аударады;

Түбіртектерді шығарып, күшін жояды;

Атқарушының мәртебесін тексереді;

re:Kassa төмендегідей мүмкіндіктері бар автоматтандырылған шешім шығарды:

Серіктес-интегратор

Бұрын бәрін қолмен істеу керек болатын, ол әдетте тексеруді, есептеуді қажет етеді.

2024 жылдан бері шабармандармен, жүргізушілермен және басқа да орындаушылармен жұмыс істейтіндер e-Salyq Business-те түбіртек шығарып, олар үшін 4% әлеуметтік төлемдерді аударуы керек

Бұл не үшін керек?

Бірыңғай қолдау арнасы бар

API арқылы оңай қосыласыз

Деректер қауіпсіз сақталады

Салықтар бірден есептеледі

Күйбең тірліктен босап, тиімділігіңіз артады

Бизнеске қандай пайдасы бар?

Бейілділік пен ұстап қалу

✅ Атқарушының күйін нақты уақытта тексереді

✅ Кірістерін бірден фискалдайды (түбіртектерді шығарады).

✅ 4% әлеуметтік төлемдерді бірден есептеп, аударады.

✅ ЭҚА арқылы құжаттарға қол қояды

✅ Атқарушыларға төлем жібереді

Интеграциялық шешім

Бұрын бәрін қолмен істеу керек болатын, ол әдетте тексеруді, есептеуді қажет етеді.

2024 жылдан бері шабармандармен, жүргізушілермен және басқа да орындаушылармен жұмыс істейтіндер e-Salyq Business-те түбіртек шығарып, олар үшін 4% әлеуметтік төлемдерді аударуы керек

Неліктен платформа компанияларына бұл интеграция керек?

Операциялық тиімділігі

✅ ҚР салық заңын бұзу қаупі төмендейді.

✅ Реттеушілердің алдында төлемдеріңіз бен есептеріңіз айқын болады.

✅ Дайын API-шлюз: өніміңізге жылдам кіріктіріледі (кіріктірмей де қосуға болады)

✅ Ауқымдылық: кез келген мөлшердегі транзакциямен жұмыс істеуге болады.

✅ Табысыңыз бірден тіркеледі (атқарушы e-Salyq Business-ке кірмейді).

✅ Бәрі айқын: түбіртектер әр төлем сайын өздігінен шығып отырады.

✅ Платформада кірісіңіз туралы есеп өткізбейсіз.

✅ Артық әурешіліксіз бәрі ресми орындалады.

Платформаның жеке кабинеті: метрикалар, чек басу, МКК-мен салыстыру

✅ Сараптама — Барлық атқарушылар мен кірісіңіз жиналған тақтасы бар

✅ Түбіртектер eSalyq Business-ке жіберіліп отырады — Жаппай немесе бір-бірден шығаруға, жоюға болады

✅ МКД-мен тексеріліп отырады — Бірден тексеріліп, айырмашылық есептері шығып тұрады

✅ Атқарушыларға төлем жасауға болады

✅ Жаппай АЖА шығарылады — Атқарушыларға толтырылған құжат қол қоюға жіберіледі

✅ Төлемдер — Төлемдерді бір батырмамен шығарып, төлеуге болады

✅ Салық реестрі — МКД есептеген салық сомасын жүктеп алуға болады

Авторланып, барлық тапсырмаларды бір кабинеттен орындайсыз:

Жасап шығарудың қажеті жоқ

Оператордың жеке кабинеті

Дайын шешімге дейінгі бес қадам

Қалай жүзеге асады?

Кездесу - жүйені таныстыру.

API арқылы біріктіру*

Келісімшартқа қол қою

Интеграцияны тексеру

Толықтай іске қосу

Заңнамаға сәйкес жұмыс істеу үшін платформадағы компаниялар Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркелуі керек. Біздің команда тіркеудің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетеді, қажетті құжаттардың үлгілерін ұсынады, сондай-ақ тіркеуге қатысты кез келген сұрақтар туындаған кезде кеңес береді.

МКК-мен жұмыс істегенде толықтай қолдау көрсетеміз

Жүктеп алу

Платформамен және платформа болуға дайындалып жатқан компаниялармен немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитындармен жұмыс істеуге қатысты шағын нұсқаулықты жүктеп алыңыз

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындармен жұмыс істеу туралы ақпарат

re:Kassa — Smart Bridge бен e-Salyq Business-тің ресми интеграторы. Біз бизнес пен мемлекеттік сервистерді ақпараттық қауіпсіздікке толықтай сәйкес келетін сенімді тәсілмен байланыстырамыз.

Неліктен re:Kassa?

Платформаңызды қосқыңыз келе ме?

Өтінім қалдырыңыз, сосын сізбен менеджеріміз хабарласып, тегін кеңес береді

re:Kassa қосымшасындағы төлем экраны: барлық тауарға жеңілдік

Жиі қойылатын сұрақтар

Платформалық жұмыспен қамту сервисі кімдерге арналған?

Сервис өзін-өзі жұмыспен қамтитындармен (рұқсат етілген ЭҚЖЖ-ға сәйкес) жұмыс істейтін компанияларға арналған және тапсырыс беруші мен орындаушы арасында делдал ретінде жүреді (мысалы, такси агрегаторы, тағам жеткізуші, т.с.с.).

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар үшін түбіртекті тек үстемақыға шығару керек пе немесе тапсырыс сомасына ма?
eSalyq Business-те түбіртекті өзін-өзі жұмыспен қамтушының табысына шығарасыз, мысалы, шабарманның қызметіне берілетін сомаға салықтар мен платформа үстемақысын шегермей жібересіз.

Сонымен қатар:
  • Клиенттің тапсырысының түбіртегін - мекеменің (дүкен, мейрамхана, т.б.) өзі толық тапсырыстың сомасына шығарады да;
  • Шабарманның түбіртегін eSalyq-тан - орындаушының табысы ретінде көрсетеді.
МКД-ға түбіртектерді қанша уақытта жіберу керек? Ауысым кезінде бір рет жіберсе жеткілікті ме?

Заң «әр тапсырыстан кейін» деген қатаң талап қоймайды. Платформа бұл процесті өз бетінше ұйымдастыра алады — бастысы, табыс дұрыс көрсетілуі керек.

Іс жүзінде әртүрлі үлгілер қолданылады: әр тапсырыстан кейін, әр ауысымнан кейін немесе сирек (мысалы, аптасына бір рет).

Егер орындаушыда төлемнің күрделі моделі болса (бонус, айыппұл, түзетулер, тапсырыстарды болдырмау), онда түбіртек жіберуді ауысым немесе күн соңында біріктіріп жасаған ыңғайлырақ — бұл барлық түзетулерді ескеруге және күшін жоюдан аулақ болуға көмектеседі.

Ең бастысы — табысты есептеу логикасының ашықтығы және деректердің дұрыстығы.

Орындаушыға өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелу керек пе?
Егер жеке тұлға платформа арқылы жұмыс істесе, оған өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде бөлек тіркелудің қажеті жоқ.

Механикасы мынадай:
  • Платформа қызмет түрін анықтап, түбіртекті eSalyq Business-ке жібереді.
  • Осы айда бірінші түбіртек шығарылған сәттен бастап орындаушы өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып саналады.
  • Келесі айда түбіртек болмаса — ол қайтадан жай жеке тұлға болып есептеледі.

Яғни, «өзін-өзі жұмыспен қамтушы» мәртебесі қызмет көрсетіліп, eSalyq Business-те түбіртек соғылған сәтте бірден беріледі. Бұл онбордингті жеңілдетеді және орындаушылар үшін кіру кедергілерін төмендетеді.
Түбіртек eSalyq-та алғашқы құжат болып табыла ма? Сол бойынша төленген шығындарды есепке алуға бола ма?

Иә, eSalyq Business-тегі түбіртек бастапқы құжатқа жатады. Алайда, бұл заңды тұлғалармен жұмыс істегенде басқа бастапқы құжаттардың орнын баса алмайды.

Егер тапсырыс беруші — заңды тұлға болса, бухгалтерияда шығындарды дұрыс көрсету үшін орындаушыдан әдетте АЖА (атқарылған жұмыстар актісі) талап етіледі.

Түбіртек орындаушының табысын және қызмет көрсетілгенін растайды, ал АЖА — тараптар арасындағы міндеттемелерді растайды және бухгалтерлік есеп үшін негіз болып табылады.

Сондықтан платформалық жұмыспен қамту моделінде түбіртек пен АЖА көбінесе бірге қолданылады.