«COMRUN» ЖШС
Дербес деректерді өңдеу және қорғау саясаты
1.0 нұсқасы | Шілде 2026 ж.
1. Жалпы шарттар
1.1. Осы Дербес деректерді өңдеу және қорғау саясаты (бұдан әрі - Саясат) «COMRUN» ЖШС-нда (бұдан әрі - Оператор) дербес деректерді (бұдан әрі - ДД) өңдеу тәртібін, өңделетін деректердің құрамын, өңдеудің мақсаттары мен негіздерін, ДД субъектілерінің құқықтарын және оларды қорғау үшін қолданылатын шараларды айқындайды.
1.2. Бұл саясат мына құжаттарға сәйкес әзірленді:
1.4. Саясат талаптары Оператордың ДД-ге қол жеткізетін барлық қызметкерлері үшін міндетті.
1.5. Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі — ҚР ЖИЦДМ).
1.6. Дербес деректер туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа (ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы — 2000 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық жауапқа (ҚР ҚК-нің 147-бабы — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) тарту қарастырылған.
1.2. Бұл саясат мына құжаттарға сәйкес әзірленді:
- 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына (09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңның редакциясында, 11.07.2026 бастап қолданыста);
- 09.01.2026 жылғы № 255-VIII Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне (11.07.2026 бастап қолданыста), оның ішінде 47-баптағы цифрлық келісім туралы тармағына;
- Қазақстан Республикасының азаматтардың дербес деректерін қорғау құқығын бекітетін Конституциясына (01.07.2026 бастап қолданыстағы);
- № 232/НҚ бұйрыққа (12.07.2026 бастап қолданыста) — инциденттер туралы хабарлау тәртібі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 22.06.2026 жылғы № 338/НҚ бұйрығына (12.07.2026 бастап қолданыста) — Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды іске асыру қағидалары; Қазақстан Республикасының 24.06.2026 жылғы № 326-VIII Заңына сәйкес (25.08.2026 бастап қолданысқа енгізілген);
- АРРФР Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 81 қаулысымен — қаржы ұйымдарына қолданылады; ақпараттық қауіпсіздік үшін бірінші басшының дербес жауапкершілігі бойынша Оператор тарапынан ұсынылған тәжірибе ретінде пайдаланылады.
1.4. Саясат талаптары Оператордың ДД-ге қол жеткізетін барлық қызметкерлері үшін міндетті.
1.5. Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі — ҚР ЖИЦДМ).
1.6. Дербес деректер туралы заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа (ҚР ӘҚБтК-нің 79-бабы — 2000 АЕК-ке дейін айыппұл) және қылмыстық жауапқа (ҚР ҚК-нің 147-бабы — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) тарту қарастырылған.
2. Оператор туралы мәліметтер
| Параметр | Мәні |
|---|---|
| Атауы | «COMRUN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| БСН | 180140005198 |
| Заңды мекенжайы | Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/7 ғимарат, С 3.5. павильоны, пошталық индекс 010000 |
| Нақты мекенжайы | Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/7 ғимарат, С 3.5. павильоны, пошталық индекс 010000 |
| Байланыс телефоны | +7 7777779449 |
| Дербес деректерді өңдеуге (ДДӨ) жауапты тұлға | Ислямов И. |
| ДДӨ E-mail-ы | ilyas.islyamov@comrun.co, info@comrun.co |
| Ақпараттық қауіпсіздік маманы | Ислямов И. |
2.1. Дербес деректерді өңдеуге (ДДӨ) жауапты және ақпараттық қауіпсіздік маманы «COMRUN» ЖШС-ның штаттық қызметкерлері болып табылады. ДД қорғау функциялары үшінші тарап ұйымдарына берілмейді.
2.2. Оператордың басшысы ДД-ны қорғауды ұйымдастыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты.
2.2. Оператордың басшысы ДД-ны қорғауды ұйымдастыруға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты.
3. Дербес деректерді өңдеуге қатысты өнімдер мен сервистер
Оператор дербес деректерді (ДД) төмендегі өнімдер мен сервистер аясында өңдейді:
| Өнім / сервис | Мақсаты |
|---|---|
| re:Kassa / ФДО | Онлайн-касса және фискалды деректер операторы: кассаны тіркеу және оған қызмет көрсету, фискалды деректерді қалыптастыру және жіберу. |
| reWork | Орындаушыларға арналған Интернет-платформа (еңбек биржасының баламасы): тапсырма шығару, орындаушыларды шақыру, есеп айырысу. |
| ЭҚА | Электронды құжат айналым сервисі, соның ішінде атқарылған жұмыс актілерін (АЖА) шығару және оларға жаппай қол қою. |
| Интегратор | eSalyq Business жүйесінде фискалдық түбіртектерді шығаратын сервис |
| Ынталандыру бағдарламасы | Оператордың сервистерін қолданатын сауда нүктелерінің сатып алушыларына арналған бонустық бағдарлама. |
| re:Sauda | Сауда алаңдарын жалға алуды басқаратын платформа. |
| Бухгалтер кабинеті | ЖК мен ЖШС-ларға қызмет көрсететін бухгалтерлерге арналған құрал. |
| Billing | Ішкі биллинг: тарифтерді, тұтынушылардың шоттары мен төлемдерінің есебін жүргізетін жүйе. |
| Camunda (ішкі процесстер) | Оператордың ішкі процесстері: қызметкерлердің онбордингі, шоттарды мақұлдау және төлеу. |
4. ДД субъектілерінің санаттары мен өңделетін деректердің құрамы
4.1. Оператор төмендегідей субъект санаттарының ДД өңдейді:
| Субъект санаты | Дербес деректердің құрамы | Негізі | Өңдеу мақсаты |
|---|---|---|---|
| Орындаушылар (reWork, ЭҚА) — платформа арқылы қызмет көрсететін өзін өзі жұмыспен қамтитын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер | ЖСН, ТАӘ, мобильді телефон нөмірі, ЭЦҚ сертификатының деректері (көрінетін бөлігі), құжаттарға қол қойған күн мен уақыты, төлем картасының деректері, төленген сома, туған күні, ұсталған сомалар (ЖТС, МЗЖ, МӘМС, ӘТ), есеп айырысуға арналған реквизиттер | Субъект келісімі, келісімшарт, ҚР заңы | Тіркеу және сәйкестендіру, келісімшарттың орындалуы, сыйақылардың төленуі, салық агентінің функцияларының атқарылуы, электронды құжат айналымы |
| Тапсырыс берушілердің өкілдері (reWork) — заңды тұлғалардың жауапты тұлғалары | ТАӘ, лауазымы, жұмыс e-mail-ы (егер онда жазылса - аты) | Келісімшарт, субъект келісімі | Келісімшарт аясындағы қарым-қатынас, сервистік хабарламаларды жіберу сервисных уведомлений |
| Ынталандыру бағдарламасына қатысушылар — сервисті пайдаланатын сауда нүктелерінің сатып алушылары | Аты, тегі, телефон нөмірі, туған күні, жынысы | Субъект келісімі | Ынталандыру бағдарламасын жүргізу, бонустарды беру және шегеру, ынталандыру картасын жеткізу |
| re:Kassa / ФДО-ны пайдаланушылар — кәсіпкерлер (ЖК және ЖШС), кассаны тіркейтіндер | Телефон нөмірі, ЖСН/БСН, кәсіптің түрі, атауы, ЭҚЖЖ, заңды мекенжайы, кассаны пайдаланатын орны, ТАӘ, координаттары | Субъект келісімі, келісімшарт, ҚР заңы | Кассы тіркеу және қызмет көрсету, түбіртек шығару, фискалды деректерді ҚР МКК-ға жіберу |
| Жалға берушілер (re:Sauda) — сауда нысандарын басқаратын тұлғалар | Тегі, аты, e-mail, телефон нөмірі | Субъект келісімі, келісімшарт | Жалға беруге қатысты басқару, сервистік хабарламалар |
| Жалға алушылар мен қосалқы жалгер (re:Sauda) — ЖК және жеке тұлғалар | ЖСН/БСН, заңды атауы, e-mail, телефон нөмірі, жүктейтін құжаттардың деректері (соның ішінде қызметкерлердің медициналық кітапшалары) | Субъект келісімі, келісімшарт | Жалға алу қатынасын басқару, санитарлық талаптарға сәйкес келуін тексеру |
| Жалға алушылардың жұмысшылары (re:Sauda) — сервистің пайдаланушысы емес жеке тұлғалар, жүйеге жүктелетін медициналық кітаптары | Сканерленген медициналық кітаптағы мәліметтер (ТАӘ, тексерілгені туралы белгілер) | Субъект келісімі, ҚР заңы (санитарлық талаптар) | Сауда нысанында жұмыс істеуге болатынын растау |
| Бухгалтерлердің клиенттері (Бухгалтер кабинеті) — ЖК және заңды тұлғалар | ЖСН/БСН, басшының ТАӘ, байланыс телефоны, шоттың реквизиттері, банк үзінділерінің деректері (соның ішінде жеке тұлғалардың — контрагентттердің ТАӘ) | Келісімшарт, ҚР заңы | Клиенттердің бухгалтерлік есептерін жүргізу, есепті дайындау және тапсыру |
| «COMRUN» ЖШС қызметкерлері (Camunda) | ТАӘ, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, телефоны, e-mail (жеке және корпоративтік), банктік реквизиттері, лауазымы, департамент, жеке куәліктің көшірмесі, диплом, жалақы туралы мәлімет | Еңбек шарты, ҚР заңы | Кадрлық процесстер: онбординг, жалақыны есептеу, жұмыс берушінің міндеттерін атқару |
4.2. Оператор көрсетілген мақсаттарға қатысы жоқ ДД сұрамайды және өңдемейді. Деректердің көлемі барынша шектелген.
5. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
- сервистерді пайдаланушыларды тіркеу, сәйкестендіру және аутентификациядан өткізу;
- пайдаланушылармен жасалған келісімшартты— еңбек, азаматтық-құқықтық және сервистік орындау;
- орындаушыларға сыйақыларын төлеу және салық агентінің функцияларын атқару (ЖТС, МЗЖ, МӘМС, ӘТ есептеу және аудару);
- фискалдық түбіртекті шығару және фискалды деректерді ҚР ҚМ МКК-ға жіберу;
- ФДО-ға бақылау-кассалық машинасын тіркеу және оған қызмет көрсету;
- ынталандыру бағдарламасын жүргізу, бонустарды беру және пайдалану;
- сауда нүктелеріндегі жалға беру қатыснастарын басқару;
- клиенттердің бухгалтерлік есебін жүргізу және есепті дайындау;
- қызмет көрсетуге қатысты сервистік (транзакциялық) хабарламаларды жіберу, — бөлек елісімсіз, келісімшарт негізінде;
- маркетингтік және жарнамалық жолдамалар жіберу — тек субъектінің бөлек келісімімен;
- сервситің қауіпсіздігін қамтамасыз теу және алаяқтықтың алдын алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын орындау;
- кадрлық процесстер: қызметткерлердің онбордингі, жалақыны есептеу, кадрлық есепті жүргізу.
Осы бөлімде көрсетілмеген мақсатта ДД өңделмейді.
6. Дербес деректерді өңдеу негіздері
| Негіздер | Қолданылуы |
|---|---|
| ДД субъектісінің келісімі (ДД туралы заңның 8 бабы) | Оператордың сервистерін пайдаланушларға арналған басты негіз. Келісім электрондық нысанда, оның ішінде ҚР Цифрлық кодексінің 47-бабына сәйкес цифрлық келісім нысанында беріледі. Келісім күні, уақыты және ДД көлемі көрсетіле отырып тіркеледі. |
| Келісімшартты орындау (ДД туралы заңның 8 бабы) | Субъектпен немесе ол өкілі болып табылатын заңды тұлғамен шарт жасасу және оны орындау үшін қажетті ДД-ны өңдеу. |
| Заң талаптары (ДД туралы заңның 8 бабы) | Фискалдық деректерді беру, салықтық есептілік, ФД) функциялары, ҚР ҚМ МКК өзара іс-қимыл, еңбек заңнамасын және бухгалтерлік есеп талаптарын орындау. |
| Оператордың заңды мүддесі | Сервистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтықтың алдын алу және оны анықтау, Оператордың және ДД субъектілерінің құқықтарын қорғау. Осы негіз бойынша өңдеу ең аз қажетті көлеммен шектеледі. |
6.1. Субъект берген келісімінен кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Келісімнен бас тартқанда өзге негіздер бойынша (шарт, заңнама талаптары) жүзеге асырылатын ДД-ны өңдеуге әсер етпейді.
6.2. Субъектілердің дербес деректері ҚР заңнамасында көзделген бірнеше құқықтық негізде бір мезгілде өңделуі мүмкін:
а) субъектінің келісімімен (ДД туралы заңның 8 бабы) — шартты немесе заңнамалық міндеттемелерді орындау үшін қажет болмайтын ДД-ны өңдеу үшін (мысалы, маркетингтік коммуникациялар, дербестендіру);
б) келісімшартты орындау (ДД туралы заңның 8 бабы) — Оператор субъектiге қызметтерді көрсету үшін қажетті ДД-ны өңдеу (аутентификация, операцияларды жүргізу, техникалық қолдау);
в) заңнамалық міндеттерді орындау үшін (ДД туралы заңның 8 бабы) — ҚР нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген ДД-ны өңдеу үшін (ФДО туралы заңнама мен салық заңнамасына сәйкес фискалдық деректерді сақтау).
6.3. Оператор Субъектінің берген келісімінен бас тартуына негізделіп қана ДД-ны өңдеуді тоқтатады. Өзге құқықтық негіздер бойынша (шартты орындау, заңнамалық міндеттеме) жүзеге асырылатын өңдеу келісімнен бас тартқанына қарамастан, тиісті негіз тоқтатылған сәтке дейін жалғасады.

7. Дербес деректерге қол жеткізетіндер
7.1. Оператор ДД-ны тек төменде аталғандарға ғана жібереді. ДД белгісіз тұлғаларға, «серіктестерге» немесе басқа да атамлаған үшінші тұлғаларға берілмейді.
| Алушы | Берілетін деректер | Негіз | Мақсат |
|---|---|---|---|
| ҚР ҚМ МКК | Фискалдық деректер, салық есептерінің деректері (соның ішінде 910.00 нысаны бойынша) | ҚР Заңы | Салық міндеттемелері мен ФДО функцияларын орындау |
| eSalyq Business (ҚР ҚМ МКК) | Түбіртектердің деректері, ЖСН/БСН, сауда нүктесі туралы деректер | ҚР Заңы | Фискалды түбіртек шығару |
| eGov / ҚР ҰКО | ЭЦҚ сертификатының деректері (ашық бөлігі), ЖСН | ҚР Заңы | Электронды цифрлық қолтаңбаны верификациялау |
| Halyk Bank, Wooppay | ТАӘ, ЖСН, төлем картасының деректері, төлемдердің сомасы мен реквизиттері | Келісімшарт, субъект келісімі | Төлем операцияларын орындау және сыйақыларды төлеу |
| Firebase / Google LLC (США) | Пайдаланушының E-mail-ы, UID-і | Субъект келісімі (трансшекаралық жіберу) | Пайдаланушыларды аутентификациялау |
| Apple Inc. / Google LLC (Wallet, США) | Аты, телефон нөмірі, ынталандыру картасының деректері | Субъект келісімі (трансшекаралық жіберу) | Ынталандыру картасын жеткізу және push-хабарлама |
7.2. Шарт бойынша әрекет ететін алушылармен құпиялылықты сақтау және ДД-ны қорғауды қамтамасыз ету міндетін белгілейтін келісімшарт жасалады.
8. Деректерді трансшекаралық жіберу
8.1. Трансшекаралық жіберілетін ДД тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
8.3. ДД субъектісінің келісімі болғанда ғана трансшекаралық жіберіледі. Келісім болмаса, сервистің тиісті функциялары белсендірілмейді.
- Firebase Authentication / Google LLC (США) — пайдаланушылардың аутентификациялық деректері (e-mail, UID), субъектінің келісімімен;
- Apple Inc. / Google LLC (США) — Apple Wallet және Google Wallet-ке тіркейтін (аты, телефон нөмірі) ынталандыру картасын шығару және жеткізу үшін керек деректер, субъектінің келісімімен.
8.3. ДД субъектісінің келісімі болғанда ғана трансшекаралық жіберіледі. Келісім болмаса, сервистің тиісті функциялары белсендірілмейді.
9. Деректерді жергіліктендіру
9.1. Оператордың барлық негізгі дербес деректер базалары Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан серверлерде, қазақстандық хостинг-провайдерлердің қуаттарында сақталады.
9.2. ҚР заңнамасындағы ДД базаларын жергіліктендіру талабы сақталады. Қазақстан Республикасынан тыс жерге жекелеген туынды деректерді беру осы Саясаттың 8-бөлімінде сипатталған тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Дербес деректердің арнайы санаттары және биометрия
10.1. Оператор биометриялық дербес деректерді өңдемейді.
10.2. Оператор осы Саясаттың 10.3-тармағында белгіленген көлемі мен тәртібі бойынша өңделетін, жалға алушылардың қызметкерлерінің сканерленген медициналық кітапшаларында қамтылған мәліметтерді қоспағанда арнайы санаттағы ДД-ны (саяси көзқарастар, діни наным-сенімдер, нәсілдік және ұлттық тиесілік және өзге де ұқсас санаттарды) өңдемейді.
10.3. Жалға алушылардың қызметкерлерінің медициналық кітапшалары re:Sauda сервисінде тек сканерленген құжаттар түрінде орналастырылады және санитариялық талаптарға сәйкестікті тексеру үшін ғана пайдаланылады. Ондағы мәліметтер талданбайды, құрылымдандырылған медициналық көрсеткіштерге айналдырылмайды және өзге мақсаттарда қолданылмайды.

11. Дербес деректерді сақтау мерзімі
| Деректердің санаты | Сақтау мерзімі |
|---|---|
| Сервистерді пайдаланушылар мен орындаушылардың деректері | Сервисті пайдаланған кез + 1 жыл |
| Бақылау-кассалық машинасының фискалдық деректері мен құжаттары | 5 жыл |
| Салық есебінің деректері | 5 жыл |
| Ынталандыру бағдарламасына қатысушылардың деректері | Бағдарламаға қатысқан кез + 1 жыл |
| Жалға алушылардың қызметкерлерінің медициналық кітаптары | Кітапша жарамды кез + 1 жыл |
| «COMRUN» ЖШС қызметкерлерінің кадрлық деректері | Еңбек қатынасы кезінде және ары қарай ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес |
| ДД субъектісінің өтініштері мен жазғандары | 3 жыл |
| Тіркеуді аяқтамаған шақырылған тұлғалардң деректері | Шақырылған кезден бастап 90 күн |
11.1. ДД сақтау мерзімі аяқталған соң, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа талаптар көзделмесе, олар жойылады немесе иесіздендіріледі.
12. ДД субъектілерінің құқықтары мен оларды жүзеге асыру тәртібі
12.1. ДД туралы заңның 24-бабына сәйкес субъект вправе:
12.3. Өтінімді қарастыру және оған жауап беру мерзімі — келген күннен бастап 15 жұмыс күні.
12.4. Өтініш берушінің жеке басын растау үшін Оператор өтінішті өңделіп жатқан деректермен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін.
12.5. Субъект өзінің дербес деректерін бұғаттау туралы өтініш берген жағдайда, Оператор өтініш түскен сәттен бастап тиісті деректерді дереу бұғаттайды.
Дербес деректерді бұғаттағанда мынадай өңдеу түрлері тоқтатылады: деректерді үшінші тұлғаларға беру (ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда), деректерді маркетингтік, сараптамалық және өзге де мақсаттарда пайдалану. Бұғаттау субъектімен жасалған шартты орындау және Оператордың заңнамалық міндеттемелерін орындау мақсатында жүзеге асырылатын дербес деректерді өңдеуге қолданылмайды. Ақпараттық жүйелердегі тиісті жазбалар оларды аталған мақсаттарда пайдалануды шектейтін қызметтік атрибутпен белгіленеді.
12.6. Оператор мынадай жағдайларда дербес деректерді жоюдан немесе бұғаттаудан бас тартуға құқылы:
— егер өңдеу дербес деректер субъектісі тарап болып табылатын шартты орындау үшін қажет болса;
— егер өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында (оның ішінде фискалдық деректер операторларының фискалдық деректерді міндетті түрде сақтауы) көзделсе;
— егер деректер Оператордың заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде дауларды сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен реттеу шеңберінде қажет болса.
12.7. Бас тарту туралы шешім құқықтық негізі көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде субъектiге жіберіледі.
- Өзінің дербес деректерінің өңделуі туралы ақпаратты алуға;
- Нақты емес немесе толық емес деректерді түзетуін түзетуді талап етуге;
- Дербес деректерін жоюды талап етуге («ұмыту құқығына»);
- Кез келген сәтте басқа негізде өңделетін деректеріне әсер етпейтін дербес деректерін өңдеуге берген келісімінен бас тартуға;
- Деректерін бұғаттауды (өңдеуді шектеуді) талап етуге; Оператор өтінім түскен сәттен бастап, оған қатысты шешім қабылдағанға дейін бірден бұғаттайды (22.06.2026 күнгі № 338/НҚ Бұйрық);
- Уәкілетті орган — ЖИЦДМ-ға шағымдануға құқылы.
12.3. Өтінімді қарастыру және оған жауап беру мерзімі — келген күннен бастап 15 жұмыс күні.
12.4. Өтініш берушінің жеке басын растау үшін Оператор өтінішті өңделіп жатқан деректермен сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін.
12.5. Субъект өзінің дербес деректерін бұғаттау туралы өтініш берген жағдайда, Оператор өтініш түскен сәттен бастап тиісті деректерді дереу бұғаттайды.
Дербес деректерді бұғаттағанда мынадай өңдеу түрлері тоқтатылады: деректерді үшінші тұлғаларға беру (ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда), деректерді маркетингтік, сараптамалық және өзге де мақсаттарда пайдалану. Бұғаттау субъектімен жасалған шартты орындау және Оператордың заңнамалық міндеттемелерін орындау мақсатында жүзеге асырылатын дербес деректерді өңдеуге қолданылмайды. Ақпараттық жүйелердегі тиісті жазбалар оларды аталған мақсаттарда пайдалануды шектейтін қызметтік атрибутпен белгіленеді.
12.6. Оператор мынадай жағдайларда дербес деректерді жоюдан немесе бұғаттаудан бас тартуға құқылы:
— егер өңдеу дербес деректер субъектісі тарап болып табылатын шартты орындау үшін қажет болса;
— егер өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында (оның ішінде фискалдық деректер операторларының фискалдық деректерді міндетті түрде сақтауы) көзделсе;
— егер деректер Оператордың заңды мүдделерін қорғау үшін, оның ішінде дауларды сотқа дейінгі немесе сот тәртібімен реттеу шеңберінде қажет болса.
12.7. Бас тарту туралы шешім құқықтық негізі көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде субъектiге жіберіледі.
13. Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
13.1. Оператор төмендегідей ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады:
13.3. Қорғау шараларының сақталуын бақылауды дербес деректерді өңдеуге жауапты тұлға және ақпараттық қауіпсіздік маманы — Оператордың штаттық қызметкерлері — жүзеге асырады.
- дербес деректер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан серверлерде рөлдерге негізделген шектеулермен сақталады;
- деректерді жіберу арналарын шифрлау (TLS/SSL);
- сынақтан өткізетін және әзірлейтін ортада деректерді жасыру;
- дербес деректерге қолжеткізген пайдаланушылардың әрекеттерін журналға тіркеу және бақылау;
- ең аз қажетті өкілеттіктер қағидаты бойынша қолжетімділік құқықтарын саралау;
- деректер базасын резервтік көшіру;
- қызметкерлерге дербес деректер туралы заңнаманың талаптарын оқыту;
- дербес деректер қауіпсіздігі саласындағы инциденттер туралы ЖИЦДМ-ге 1 жұмыс күні ішінде хабарлау (№ 232/НҚ бұйрығы).
13.3. Қорғау шараларының сақталуын бақылауды дербес деректерді өңдеуге жауапты тұлға және ақпараттық қауіпсіздік маманы — Оператордың штаттық қызметкерлері — жүзеге асырады.
14. Келеңсіз жағдайларды хабарлау тәртібі
14.1. Келеңсіз жағдайға дербес деректердің қауіпсіздігінің бұзылуы, соның салдарынан дербес деректерге заңсыз қол жеткізу, жария ету, өзгерту, жоғалту немесе жою деректері жатады.
14.2. Келеңсіз жағдай анықталған кезде қызметкер дербес деректерді өңдеуге жауапты тұлға мен ақпараттық қауіпсіздік маманына дереу хабарлайды.
14.3. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде — № 232/НҚ бұйрығына сәйкес 1 жұмыс күні ішінде келеңсіз жағдай туралы ЖИЦДМ-ге хабарлайды.
14.4. Дербес деректер субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу қаупі туындағанда, Оператор қатысы бар субъектілерді келеңсіз жағдайдың сипаты және ұсынылатын шаралар туралы хабардар етеді.
14.5. Келеңсіз жағдайдың нәтижелері бойынша себептеріне талдау жүргізіліп, оның қайталануын болдырмау шаралары қабылданады.

15. Саясатты өзгерту
15.1. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасы, сервистер құрамы немесе дербес деректерді өңдеу процестері өзгерген жағдайда осы Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы.
15.2. Саясаттың өзекті нұсқасы Оператордың ресми сайтында және Оператордың сервистерінде жарияланады.
15.3. Саясат Оператор басшысы бекіткен күнінен бастап күшіне енеді.
15.2. Саясаттың өзекті нұсқасы Оператордың ресми сайтында және Оператордың сервистерінде жарияланады.
15.3. Саясат Оператор басшысы бекіткен күнінен бастап күшіне енеді.
16. Байланыс ақпараттары
| Тағайындалуы | Байланысатын тұлға |
|---|---|
| Дербес деректерді өңдеуге (ДДӨ) жауапты | Ислямов И. |
| ДД субъектілері хабарласатын E-mail | ilyas.islyamov@comrun.co, info@comrun.co |
| Ақпараттық қауіпсіздік маманы | Ислямов И. |
| Жалпы байланыс телефон | + 7 777 7779449 |
| Заңды мекенжай | город Астана, район Есиль, Проспект Мангилик Ел, здание 55/7, павильон С 3.5., почтовый индекс 010000 |
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (ҚР ЖИЦДМ), Ақпараттық қауіпсіздік комитеті.