re:Kassa есеп жүйесі — тауарларды, қалдықтар мен қаражатты есептейтін қарапайым қосымша. Жүйе тауарларды скандап, қорларды автомат түрде қадағалап отыруға және артық күш жұмсамай қатесіз пайда мен шығын есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Бәрі жылдам, артық реттеусіз жасалады.
6 негізгі артықшылығы
Қорда қалған тауарды автомат түрде есептеу
Тауарлардың бәрі нақты уақытта, қатесіз есепке алынады. Жүйе әр сатылымнан кейін қалдықтарды өзі жаңартып отырады.
Қоймада тауар таусылып бара жатқан сәтінде бірден ескерту алып отырасыз. Маңызды сатылымды байқамай қалмайтыныңызға сенімді болыңыз.
Қоймада тауар азайғанын ескерту
Кіріс пен топ-тауарлар есебі
Қай тауарлар барынша табыс әкелетінін түсініп жүріңіз. Сатылым мен түсім бойынша деректердің бәрі ыңғайлы форматта көрініп тұрады.
Түрлі тауар топтарына жеңілдік реттеп, тауарлардың түрлі нұсқаларын (өлшемі, түсі, өзге сипаттарына қарай) біріктіріп отырыңыз.
Жеңілдіктерді реттеу және позицияларды түрлендіру
Жеткізушілерді қосып, тауар түсімін есепке алып отырыңыз. Жеткізу деректерінің бәрі үнемі қолыңызда болады.
Жеткізілім мен тауар сатып алуды реттеу
Тауар қоймаға түскеннен сатылғанға дейінгі қозғалысын толық қадағалап отыруға болады. Жүйеде әр қадамды қадағалап, процестердің бәрін бақылап отырыңыз.
Тауар қозғалысын қадағалау
Айына 10+ сағат үнемдеңіз
Күнделікті есепті автоматтандырып, деректерді қолдан енгізуге уақыт жұмсамаңыз. Бәрі нақты уақытта жаңарып отырады да, есеп бір-екі батырманы басқанда дайын болады.
Тауарлар араласып кетіп, жетпей қалғанынан болатын шығынды азайтыңыз
Жүйе қоймадағы тауар қалдығы мен қозғалысын қадағалап отырады, сөйтіп қоймадағы есеп қатесі мен тауар жоғалуынан сақтанасыз.
Қойманы қатесіз басқарып отырыңыз
Автоматты есеп пен хабар берудің арқасында қорда қандай тауарлар барын, қай тауар қорын толтыру керегін біліп отырасыз.
Аналитика есебінен табысыңызды арттырыңыз
Қай тауарлар көбірек пайда әкелетіні жөнінде нақты есеп алып, деректерге сүйеніп ассортимент пен бағаға қатысты шешім қабылдап отырыңыз.
Жорамалға емес, дерекке сүйеніп шешім қабылдаңыз
Сатылым мен табыс жөнінде нақты есеп алып, бизнесіңізді сенімді басқарып отырыңыз.
Клиенттермен өзара әрекеттесуді оңтайландырып алыңыз
Тапсырыстар жылдам өңделіп, кассаға кіріктіру арқасында сатылым процесін тездетіп, клиент тәжірибесін жақсарта аласыз.
Кассаға кірігеді
Жүйе сіздің кассаңызбен синхрон жұмыс істейді, соның арқасында сатылымды ресімдеу процесі тезірек жүріп, есеп деректері автомат түрде жаңарып, екі жұмыс пен қате азаяды.
re:Kassa қостырғаннан алатын пайдаңыз
Кімге жарайды?
Онлайн-бизнес
интернет-дүкен, өз-өзіне жұмыс беріп отырғандар
Сервис саласы
фитнес-орталықтар, автосервистер, шеберханалар
Есеп жүргізу тәжірибесі жоқ кәсіпкерлер
интерфейсін түсінген оңай
Бәрі бір қосымшада: есеп + онлайн-касса + бейілдік
Шағын бизнес
Дүкен, кофехана, сұлулық салоны
re:Kassa – дайын шешім:
>
<
Қалай бастау керек
30 секундта тіркеліңіз
Телефон нөмірін жазып қана онлайн-кассаңызды тіркеңіз.
ЖК не ЖШС екенін, өзіңізге лайық салық режимін таңдаңыз.
Бизнесіңізді іске қосыңыз
Тауар не қызмет қосыңыз
Қосымшада «Тауар мен қызмет» дегенді басып, есеп жүйесін қосыңыз. Тауарларды штрих-кодын скандап не қолдан қосыңыз.
Сыртқы платформаларға жүгінбей, бір-екі басып-ақ ФДО мен керек сервистерді қосып алыңыз.
Касса мен интеграцияны реттеңіз
Төлем қабылдай бастаңыз
Онлайн-касса жұмысқа дайын: түбіртектер автомат түрде жолданады, фискалдық деректер салық органына беріледі — қағаз жұмыстың керегі жоқ.
Жазылып алатын функциялардың бәрін шектеусіз байқап көріп, re:Kassa қолданған тиімді екеніне көз жеткізіңіз.
Көп қойылатын сұрақтар
Кассаңыз ескіріп қалса не түбіртектерді онлайн жөнелтпейтін болса, оны ауыстыру керек. Біз басқа кассаға көшуге көмектесеміз: ескі кассаны тіркеуден шығарып, жаңа онлайн-касса қостырып, ФДО қосып береміз.
Жоқ! Кассаны тіркету, ФДО мен есеп жүйесін қостыру — тегін. Біздің дерек базасына қосылсаңыз, ештеңеңіз жоғалмайды.
Бәрі автомат түрде жұмыс істей береді. re:Kassa қай салықты төлеп, есепті қалай құру керегін, түскен ақшаны не істеу керегін — бәрін бір экранда өзі айтып тұрады.
Оп-оңай: штрих-код скандап не қолдан жазып қоса бересіз. Бір-екі минуттан соң-ақ қай тауарыңыз, қанша сатылып жатқанын көріп отырасыз.
Әрине. Біз — Қазақстанда тіркелген касса жабдықтары операторымыз. Деректердің бәрі қорғаулы және заңға сәйкес салық органына жөнелтіліп отырады.
Иә. 2025 жылғы тамызға дейін сервисті тегін қолданып көріп, кез келген уақытта бас тартуыңызға болады. Әйтсе де сізге ұнайды деп сенеміз.
2025 «COMRUN» ЖШС
"Astana Hub" халықаралық технопаркі Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 55/7, С3.5 павильоны