Қазақстан Республикасындағы көлік салығы: мөлшерлемелер, мерзімдер, айыппұлдар, калькулятор

Биыл көлігіңіз үшін қанша төлеу керек екенін білесіз бе? Бұл мақалада сізге автокөлік салығы қалай есептелетінін, Қазақстандағы көлік салығында не өзгергенін және бұл сіздің бюджетіңізге қалай әсер ететінін айтамыз.
Көлік салығы — көлік құралдары (тіркемелерден басқа) иелерінің бәріне міндетті төлем. Бұл тікелей меншігінде болмаса да көлік пайдаланатын жеке тұлғаларға да, ұйымдарға да қатысты. Ұйым не адам көлік құралын иеленбей-ақ басқара алады және пайда көре алады. Көлік құралы кімнің атына тіркелген болса, салықты сол төлейді.
Қандай көлік құралдарына салық төленеді?
Қазақстанда көлік салығын төлеу ережелері Салық кодексінде, атап айтқанда — 365-369 баптарында айқындалған. Осы баптарға сәйкес, тіркемелерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуге тұруға тиіс көлік құралдарының бәріне салық салынады. Олардың тізімі:
- жеңіл және жүк көлігі;
- мотоцикл;
- трактор;
- автобус;
- мотороллер;
- мотошана;
- қайық;
- желкенді қайық;
- ұшу аппараттары.
- медициналық көліктер;
- теңіз кемелері;
- жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьер самосвалдар;
- көлік салығының орнына мүлік салығы салынатын арнайы көліктер.
Көлік салығын кім төлейді және одан кім босатылады?
Салық кодексіне сәйкес, көлік салығын автокөлікті атына тіркеткен иесі төлейді.
ҚР Салық кодексінің 365-бабына сәйкес мына кісілер көлік салығын төлеуге міндетті:
ҚР Салық кодексінің 365-бабына сәйкес мына кісілер көлік салығын төлеуге міндетті:
- Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген көлік құралдарына (автомобиль, мотоцикл және т.б.) иелік ететін жеке тұлғалар.
Дара кәсіпкерлер көлік салығын жеке тұлға ретінде төлейді.
2. Көлік құралдарына иелік ететін немесе оларды шаруашылық жүргізу құқығы (жалға алу не лизингті қоса алғанда) негізінде пайдаланатын заңды тұлғалар.
3. Меншігіне қарамастан көлік құралдарын басқаратын лизинг компаниялар мен ұйымдар.
Ұйымдар мен заңды тұлғалар ағымдағы жылға, ал жеке тұлғалар өткен жылға салық төлейді.
Маңызды: көлікті сенімхат бойынша немесе жалға беру меншік иесін салық төлеу міндетінен босатпайды.
Қазақстанда көлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалар:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
- Кеңес Одағының батыры және Социалистік еңбек ері, Халық қаһарманы, Қазақстанның Еңбек Ері атағы бар тұлғалар.
- Көп балалы аналар, Алтын алқа немесе Күміс алқа иелері, сондай-ақ «Батыр ана» атағына ие болғандар.
- Мүгедектігі бар адамдар.
Маңызды: босату 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін тіркелген, қозғалтқышының көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жолаушылар көлігін қоспағанда, бір көлікке қолданылады. Егер жеке тұлғаға бірнеше көлік құралы берілсе, онда қалғандары үшін салық төлеуге тура келеді.
Сонымен қатар көлік салығын төлеуден босатылғандар:
- Мемлекеттік мекемелер.
- Ауыл шаруашылығы өндірістік ұйымдары — ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салықтан босатылған.
re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса
re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз
Тегін бастап көруҚазақстанда көлік салығының сомасы қалай есептеледі?
Қазақстанда көлік салығы сомасы автомобиль қозғалтқышының көлеміне және көлік құралының түріне қарай есептеледі. Салық жыл сайын өзгеріп отыратын айлық есептік көрсеткішке (АЕК) шағып есептеледі.
2024 жылы 1 АЕК = 3 692 теңге
Екі мысалды қарастырайық:
Серіктің көлігі – көлемі 4500 текше см Toyota Land Cruiser.
2024 жылы көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктердің салығы – 117 АЕК.
2024 жылы Серік төлейтін салық:
117 АЕК × 3 692 теңге = 431 964 теңге
2024 жылы көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктердің салығы – 117 АЕК.
2024 жылы Серік төлейтін салық:
117 АЕК × 3 692 теңге = 431 964 теңге

Маликаның көлігі – көлемі 2000 текше см Hyundai Sonata.
2024 жылы көлемі 2000-2500 текше см болатын көліктердің салығы – 6 АЕК.
2024 жылы Малика төлейтін салық:
6 АЕК × 3 692 теңге = 22 152 теңге.
2024 жылы көлемі 2000-2500 текше см болатын көліктердің салығы – 6 АЕК.
2024 жылы Малика төлейтін салық:
6 АЕК × 3 692 теңге = 22 152 теңге.
Сомалар айырмасы неге сондай үлкен?
Салық айырмасы қозғалтқыштың көлемінен шығады: көлемі неғұрлым үлкен болса, салық соғұрлым жоғары болады.
Серіктікі – үлкен қозғалтқышы бар қуатты жол талғамайтын көлік, ол Маликаның жанармай үнемдейтін жеңіл көлігіне қарағанда көбірек ресурс тұтынады және қоршаған ортаға көбірек әсер етеді. Сондықтан оның салығы әлдеқайда жоғары.

Автокөлігіңіз үшін АЕК мөлшерлемесін қайдан білуге болады?
Тағы да Салық кодексіне, дәлірек айтсақ, «Салық мөлшерлемелері» деген 367-бапқа жүгінген жөн. Көлік салығы мөлшерін есептеу үшін:
- Көлік қозғалтқышының көлемін анықтаңыз.
- Қозғалтқыш көлемі мәндерінің аралығына қарай салық мөлшерлемесін 1-кестеден табыңыз.
- Көлігіңізге сай мөлшерлемені ағымдағы АЕК көрсеткішіне көбейтіңіз. Мысалы, 2024 жылы 2 литрлік қозғалтқышы бар көліктерге салынатын салық – 22 152 теңге (6 АЕК × 3 692 теңге).
1-кесте. Жолаушылар көлігінің қозғалтқышы көлеміне қарай салық мөлшерлемесі
| № | Мың текше см. | Мөлшерлеме |
|---|---|---|
| 1 | 1,1-ге дейін | 1 АЕК |
| 2 | 1,1-1,5 | 2 АЕК |
| 3 | 1,5-2 | 3 АЕК |
| 4 | 2-2,5 | 6 АЕК |
| 5 | 2,5-3 | 9 АЕК |
| 6 | 3-4 | 15 АЕК |
| 7 | 4-тен жоғары | 117 АЕК |
Салық салу мақсатында жеңіл автокөліктерге мыналар жатады:
- В санатындағы (BE, B1 қоса алғанда) КҚ;
- Пикапкөліктер;
- Жол талғамайтын көліктер (джип, кроссовер және лимузин).
2-кесте. 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (импортталған) жеңіл автокөліктерге салынатын салық мөлшерлемесі
| № | Мың текше см. | Мөлшерлеме |
|---|---|---|
| 1 | 3-3,2 | 35 АЕК |
| 2 | 3,2-3,5 | 46 АЕК |
| 3 | 3,5-4 | 66 АЕК |
| 4 | 4-5 | 130 АЕК |
| 5 | 5-тен жоғары | 200 АЕК |
Басқа санаттағы автомобильдер мен көлік құралдарына салынатын салық мөлшерлемелерін ҚР Салық кодексінің толық тізбесінен қараңыз.
Қазақстанда көлік салығын қашан төлеу керек

Қазақстанда көлік салығын жыл сайын төлеу керек. Әдетте, салық 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі толық кезеңге төленеді.
- Жеке тұлғалар, оның ішінде дара кәсіпкерлер, алдыңғы жылдың салығын 1 сәуірге дейін төлеуге тиіс. Дара кәсіпкер есеп беруі талап етілмейді.
- Заңды тұлғалар төлемді 5 шілдеге дейін төлейді. Егер көлік құралы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кейін сатып алынса, төлем салық декларациясын тапсыру мерзімінен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде төленуге тиіс. Декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылуы керек.
- Егер көлікті тіркеу немесе қайта тіркеу қажет болса, бұл әрекеттерді жасардан бұрын салық төлеу керек.
- Егер көлік сатып алынғанға дейін Қазақстанда тіркелмеген болса, салық сатып алынған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі және сол жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
Қазақстанда көлік салығын кім есептейді?
Салық сомасын өз бетімен тек заңды тұлғалар есептейді.
Жеке тұлғалар үшін салықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті есептейді. Кәдімгі автокөлік иелері есептелген салық сомасын пошта арқылы хабарлама түрінде, электрондық қызметтердің жеке кабинетінде не коммуналдық төлемдер туралы түбіртектер арқылы алады.
Салық әр көлік құралына жеке есептеледі. Егер автокөлік бір жыл ішінде сатылған болса, онда салық сатылған айдың бірінші күніне дейінгі мерзімге пропорционал түрде есептеледі. Егер автокөлік бір жыл ішінде сатып алынса, салық сатып алынған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі.

Көлік салығы дұрыс есептелмесе не істеу керек?
2023 және 2024 жылдары көлік иелерінің көбіне түбіртектерде және банк қосымшаларында көлік құралы туралы қате мәліметтер келген — қозғалтқыштың көлемі дұрыс көрсетілмей, көлік құралының санаты қате жазылған.
Есептелген салық сомасын екі рет тексеріңіз, әсіресе бір емес, бірнеше көлігіңіз болса және олардың қозғалтқышының көлемі әр түрлі болған жағдайда.
Есептелген салық сомасын екі рет тексеріңіз, әсіресе бір емес, бірнеше көлігіңіз болса және олардың қозғалтқышының көлемі әр түрлі болған жағдайда.
Егер сома артық шықса, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына бару керек. Қарызыңызды төлемесеңіз және уақытылы қайта есептемесеңіз, өсімпұл жүреді де, қарыз жинала береді.
Көлік салығын онлайн-калькуляторда есептеу
Салық сомасын тексеруге арналған түрлі салық калькуляторлары бар, мысалы:
- kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» → «Калькулятор» бөлімінде;
- Kolesa.kz сайтының арнайы бөлімінде;
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында.
Көлік салығы калькуляторына қандай деректерді жазу керек:
- Салықты есептеу жылы
- Есептеу жылындағы айлар саны
- Автокөлік түрі
- Қозғалтқыш көлемінің мәндерінің аралығы (3000 текше см дейін не одан жоғары)
- Қозғалтқыш көлемі
- Көлемі 3000 текше см-ден асатын қозғалтқыштар автокөліктің елге әкелінген күнін (31.12.2013 ж. дейін не кейін) немесе көлік құралы шығарылған уақытын көрсетіңіз.

Көліктің басқа түрлеріне арналған қосымша параметрлер:
- Автобустар үшін: отыратын орындар саны
- Жүк көліктері үшін: жүк көтергіштігі
- Су көлігі үшін: ат күші
- Ұшу аппараттары үшін: толық пайдалану жылдары, қозғалтқыштың кВТ қуаты, сатып алу шарттары (ҚР аумағында не импорт)
- Мотоциклдер мен мотороллерлер үшін: қозғалтқыштың қуаты (55 кВТ-тан асатыны аспайтыны)
Деректерді енгізгеннен кейін «Есептеу» түймесін басыңыз, жүйе салық сомасын автомат түрде анықтайды. Қажетіне қарай форманы қағазға шығарып алып, салық органына автокөліктің құжаттарымен бірге апаруға болады.
Көлік салығынан берешек бар-жоғын қайдан білуге болады?
Есептелген салық сомасы туралы мына ресурстардан білуге болады:
- kgd.gov.kz сайтындағы салық төлеушінің жеке кабинетінде не порталдың бас бетіндегі «Салықтық берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» сервисі арқылы.
- egov.kz порталындағы жеке кабинеттен.
- biznesinfo.kz сайтының «Халыққа және бизнеске арналған онлайн қызметтер» бөлімінде.
- Банк қосымшаларының «Мемлекеттік қызметтер» → «Салықтар» бөлімінде.
Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Бұл – жергілікті салық, сондықтан оны автокөлік тіркелген елді мекеннің бюджетіне төлеу қажет. Төлеудің түрлі тәсілі бар — қазір Қазақстанда үйден шықпай-ақ салық төлеуге бар жағдай жасалған:
- egov.kz порталындағы «Салықтар және қаржы» бөлімінде банк картасынан;
- ҚР банктерінің мобильді қосымшаларынан;
- Банк бөлімшелерінің кассасында;
- «Қазпошта» бөлімшелерінде;
- «Қазпошта» post.kz сайтында «Төлемдер» → «Салық төлемдерін төлеу» → «Салықтар».
Мысалы, Kaspi қосымшасында төлеу үшін: «Төлемдер» → «Барлығы» → «Айыппұл, салық» → «Салық» → «Мүлік салығы».
Содан кейін ЖСН жазасыз, сонда сервис ағымдағы кезеңдегі салық төлемдері сомасы туралы ақпаратты көрсетеді. Салықты Kaspi Gold картасынан төлеуге болады.
Содан кейін ЖСН жазасыз, сонда сервис ағымдағы кезеңдегі салық төлемдері сомасы туралы ақпаратты көрсетеді. Салықты Kaspi Gold картасынан төлеуге болады.
Автокөлік иелері салықты уақтылы төлемесе, салықты дұрыс немесе толық төлемесе не болады?
Көлік құралының иелері салықты уақытында төлемегені үшін айыппұл салынбайды, бірақ қарыз сомасына «тамшылап» өсімпұл қосыла береді. Оның мөлшерін kgd.gov.kz сайтынан «Электрондық сервистер» → «Калькулятор» бөлімінде біле аласыз.
Елестетіп көріңізші, жоғарыдағы мысалдағы Серік өзінің Land Cruiser көлігіне 1 сәуірге дейін де, одан кейін де салығын төлемеген.
Қыркүйек айында оның салығына қосылатын өсімпұл 37 933,69 теңге болады, ал салық органдары берешегін өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жүгінеді. Сонымен қатар, Серіктің банк шоттары бұғатталып, жаңасын ашуға рұқсат етілмейді, оның шетелге шығуына шектеу қойылады, сонымен қатар ол салықты өсімпұлымен қоса төлемейінше, көлігін техникалық байқаудан өткізе алмайды, тіркетіп, қайта тіркете алмай қалады.
Ал Малика салығын уақытылы төлемесе, оның өсімпұл сомасы 1945,32 теңге болады, тек оған да дәл сондай санкциялар жүреді.

Әлі де сұрақтарыңыз бар ма? Мына тізімнен жауабын іздеп көріңіз
Қазақстанда автокөлікке салынатын салық сомасы қандай?
Қазақстанда көлік құралдарына салынатын салық түрлі, мысалы, көліктің маркасы мен моделі, оның қуаты, жылы және т.б. факторларға қарай есептеледі. Нақты бағалар мен ережелерді Салық кодексінің 13-бөлімі, 365-369 баптар реттейді.
Қазақстанда көлік салығы қалай төленеді?
Салықты онлайн да, банк бөлімшелерінен не «Қазпошта» арқылы төлеуге болады. Салық төлеудің алуан түрлі нұсқаларына мыналар жатады: e-Salyq мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны», egov.kz мемлекеттік электрондық порталы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.
Қазақстанда 2 литрлік автокөліктерге салынатын салық сомасын қалай есептеуге болады?
Салық калькуляторларының бірін пайдаланыңыз, мысалы:
- kgd.gov.kz порталында «Электрондық сервистер» → «Калькулятор»;
- Kolesa.kz сайтының арнайы бөлімінде;
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында.
re:Kassa — әрқашан тегін онлайн-касса
re:Kassa-да тіркелгеннен кейін кассалық аппаратты сатып алмай-ақ бірден төлемдерді қабылдап, чектер беріңіз
Тегін бастап көру